A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ауданаралық спартакиада өткізілді

«Абылай хан» спорт кешенінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ауданаралық спартакиада өткізілді. Спорттың 5 түрінен (армрестлинг, себетке доп лақтыру, дартс, үстел үсті теннисі, пауэрлифтинг)өткен жарысқа 7 ауданның командалары және «Алатау мүгедектер қоғамы» ҚБ қатысты.
 Аталған шараның мақсаты мүгедектерді денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, спортшы-мүгедектердің спорттық біліктіліктерін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
 Спорт жарысының барлық түрлерінің қорытындысы бойынша 1-орынды Түрксіб ауданы, 2-орынды Алмалы ауданы, 3-орынды Жетісу ауданы.
 Жүлделі орын алған спортшылар аудан әкімінің құрмет грамотасы және бағалы сыйлықтармен марапатталды,сондай-ақ жарысқа қатысушылар үшін мерекелік дастархан жайылды.

            

            

            

13.11.2017