A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз

Сенбі күні аудандағы «Даңқ» мемориалында «Ұлы Жеңістің 70 жылдығы» мерекесіне орай «Біз - Жеңістің мұрагерлеріміз» атты республикалық әскери-патриоттық эстафетасы өткізілді.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен болған салтанатты шара аясында 72-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы Жауынгерлік Туының көшірмесін №5572 әскери бөлімінің командирі полковник В.А.Пузик салтанатты жағдайда жауынгерлік туды №3650 әскери бөлімінің командирі Хасанов Рустам Рамилұлына тапсырды. Ол өзінің сөзінде №3650 әскери бөлімде қасиетті бұл туды қастерлеп, отан үшін от кешкен ардагерлердің ерліктерін кеңінен насихаттап, әскери бөлімнің жауынгерлік даярлығын одан әрі жетілдіруге, олардың бойына отаншылдық сезімін қалыптастыруға белсенділікпен көптеген жұмыстар жүргізілетіндігін айтып өтті.

Айта кетейік, аталмыш дивизия (бастапқыда 29-дивизия болып аталған) 1941 жылдың аяғында Ақмола (қазіргі Астана) қаласында құрылып, сол жылғы 15 желтоқсанда Жауынгерлік Ту табыс етілгеннен кейін майданға аттанған. 1942 жылдың шілдесінен бастап Сталинград, бір жылдан кейін Курск шайқасына қатысқан. Кейін Украина, Молдавия, Румыния, Венгрия, Австрия, Чехословакия жерлерімен жүріп өткен құрама Жеңіс күнін Прагада қарсы алған.

Жауынгерлік Тудың көшірмесі әрі қарай Боралдай кентіндегі әскери бөлімшесіне жеткізілмек. Эстафета 92 күнге созылып, 10 мыңнан астам шақырымды жүріп өтіп, Қазақстанның 25 қаласы мен ірі елді мекендерінде болып, Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге қатысу үшін Астанаға қайтып оралады.

28.03.2015