A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан әкімінің есеп беру кездесуі басталды

Түрксіб ауданының әкімі В.Устюгов өзінің  халық алдындағы есеп беру кездесуін бастады. Әкімнің келісілген кесте бойынша өткізетін есептік кездесуі аудандағы №76 ЖББМ-тің мәжіліс залында және Әуежайдың мәдениет үйінде өткізілді. Бұл шараға әртүрлі саланың және мемлекеттік қызметкерлер,үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, зейнеткерлер және тұрғындар қатысты. Аудан әкімі қатысушыларды  «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»Президенттің Жолдауындағы  бес басымдылықпен таныстырып,ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы және жоспар бойынша биылғы жылы атқарылатын жұмыстар жайлы айтып, тұрғындардың барлық сұрақтарына толығымен жауап берді. Аудан тұрғындары тарапынан автобус бағыттарының қозғалысы туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар тұрғындар №38 автобус бағытының сызбасын өзгертуін ұсынса, енді бірі №16,77 автобустың қозғалысын қайта қарау және Поддубный көшесіне жылдамдықты азайту белгісін орнату қажет екендігін айтты.  Көпшілік аудандағы Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының жағасын және Баум тоғайын көріктендіруді де ұсынды. Келесі аудан әкімінің есептік кездесуі келісілген кесте бойынша 18-ақпанға дейін жалғасатын болады. 



14.02.2017