A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзіңіз бен балаларыңыздың денсаулығы өз қолыңызда!

Түрксіб ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№9 қалалық емхана» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында «Сіздің денсаулығыңыз – сіздің қолыңызда» тақырыбында акция өткізді.

Акцияның мақсаты салауатты өмір салтын сақтау арқылы денсаулықты жақсарту.

     Акция барысында санитариялық – гигиеналық қадағалау бөлімінің бас мамандары шылым шегу мен маскүнемдіктің адам денсаулығы мен салауатты өмір салтына қаншалықты зиян екендігі жайында емхана медбикелерімен, емделушілермен әңгіме сұхбат, сауалнама жүргізді. Балалар бөлімінде «Біздің болашағымыз- дені сау жас ұрпақ» атты тақырыпта ана мен балалар медбикесі арасында әңгіме сұхбат жүргізілді.

Салауатты өмір салтына байланысты физикалық жаттығулар бойынша флешмоб өткізілді.

   Салауатты өмір салты бұл:

-физикалық белсенділікке ұмтылу (белсенді қозғалыс);

-өмірде жан дүниелік, психикалық үйлесімділікке жету;

-дұрыс тамақтануды қамтамасыз ету;

-өмірдегі жаман әдеттерден аулақ болу (темекі шегу, маскүнемдік,нашақорлық және т.б.);

-жеке гигиена ережелерін сақтау.

     Әлемдегі ең қымбат дүние ол денсаулық, сондықтан салауатты өмір салтын сақтайық, өйткені сізбен сіздің балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда! Болашағымызды жарқын ету сізбен бізге байланысты.

     Денсаулық – зор байлық.

     Дені саудың- жаны сау.


09.02.2018