A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласы Түрксіб ауданының жаңа әкімі тағайындалды

        Алматы қаласы Түрксіб ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ауданның жаңа әкімін таныстырды. ҚР Әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімімен ауданның жаңа әкімі Павел Кулагин болып тағайындалды.

         Павел Кулагин өзінің мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жетекші маманы болып бастаған. 

Әр жылдары инспектор,кеңесші, Астана қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, 2010 жылдан 2016 жылдар аралығында Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Алматы ауданының әкімі,Сарыарқа ауданының әкімі, Астана қалалық Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметінде болды.

Жиын барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Түрксіб ауданының бұрынғы әкімі Владимир Устюговты зейнетке шығуымен құттықтап және аудан үшін жасаған еңбектеріне алғысын білдірді. 



16.08.2017