A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы

Алматы қаласы Білім Басқармасының «№7 Оқушылар үйі» МКҚК ұйымдастыруымен Түрксіб аудандық Білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2018 жылдың 29 қарашасы күні Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігіне мүшелікке оқушыларды қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті.  

Еліміздің нағыз патриоттары, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, ұлттық дәстүрімізді қастерлейтін ауданымыздың               № 11, 20, 31, 32, 59, 84, 85, 107, 115, 162, 195, 198 мектептерінен 480 ең үздік оқушыларын «Жас Ұлан», «Жас Қыран» қатарына қабылдап, галстук байлау үшін жиынға арнайы қонақ ретінде:

-    Қазақстан географиялық қоғамының президенті, Қазақстан байкерлер Ассоциациясының президенті, «Алтын-Адам» сыйлығының лауреаты, «Достық», «Құрмет» ордендерінің иегері - Петрухин Д.И.,

-   Түрксіб ауданы Білім бөлімінің басшысы - Ботаева А. А.,

- «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары - Ажибаев Н.Е.,

-   Тарих ғылымдарының кандидаты, ЖББ №84 мектептің директоры - Сатаева Ж.И.,

-   Түрксіб ауданы әкімдігі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы – Садыхан А.,

-  «№7 Оқушылар үйі» МКҚК директоры - Даулбаева Айнұр Мұратқызы, Алматы қаласы Ауғанстан ардагерлер одағының төрағасы – Амраев А.А. шақырылды.

 Оқушыларымыз ұйымға қабылдану сәтінде ерекше күйді бастан кешіп, болашаққа деген үлкен жауапкершілікті сезініп кеуделерін мақтаныш кернеді. Қонақтарымыз ХХ1 ғасыр көшбасшыларына, ел ертеңі болар жастарымыздың жарқын болашағына табыс тілеп, жігер беріп, үлкен сенім жүктеді.

                                 

30.11.2018