A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласы Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамы жайлы

Алматы қаласы Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамы жайлы

 

Түрксіб аудандық «Қазақ тілі» қоғамы 1999 жылдан бастап жұмыс жасап келеді.  Төрайымы- Құрымбаева Күлдарихан Құржыққызы, сондай-ақ, Білім беру мекемесі «Аяжан» колледжінің директоры.  2012 жылдың 4 желтоқсаны күні Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн» деген сөздерін негізге ала отырып, Түрксіб аудан әкімшілігі Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, Ішкі саясат  бөлімі, «Нұр Отан» партиясы Түрксіб ауданы  филиалымен бірлесіп, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, маңызы мен мәнін арттыруға,  үлес қосып келеді. Атап айтқанда, «Мемлекеттік тіл-менің тілім» қалалық байқауында  аудан атынан жасақталған команда ІІ орын, «Абай оқулары» қалалық байқауында Алматы қаласы № 1 қалалық педагогтік  колледжінің білім алушысы Иналиева Ильнара Ахметовна -ІІ орын алды, бірнеше тілді меңгерген жастар арасында өткен қалалық «Тіл- тұнық ойдың кәусары» олимпиадасына қатысқан  Азаматтық авиация академиясыны студенті Тасыров Ұлан- І орын алып, Республикалық олимпиадаға қатысып, І орын алса, қалалық «Көркемсөз оқу шеберлері» байқауына аудан атынан қатысқан  Айдарбекова Ақгүл – ІІІ орын, «Қазақ тілі» оқытушылары арасынан № 50 жалпы білім беретін қалалық «Тіл мерейі» байқауына қатысқан Қасымжанова Замира Асқарқызы – І  орын, орыс жастары өкілдері арасынан мемлекеттік тілді меңгерген үшін ұйымдастырылған қалалық «Тіл парасат» Зайцев Рамил Петрович – ІІІ орын, жыл қорытындысындай болған  қалалық «Ана тілім-ән жырым» қалалық фестиваліне қатысқан № 83 мектеп-гимназияның 10 сынып оқушысы -  Дүйсенбиев Алмас Маратұлы ІІІ орын алды.

Елбасы өз Жолдауында мемлекеттік тілдің қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі ғана емес, бірегейі екенін нақтылап берді. 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілінде сөйлеуі керектігін айтып, алдымызға үлкен міндет жүктеді.

Осындай міндеттерді шешу үшін аудандық «Қазақ тілі» қоғамы жыл сайын көптеген істердің ұйытқысы болып келеді.

 

 

 

Түрксіб аудандық «Қазақ тілі»

қоғамдық бірлестігінің  жауапты хатшысы                                                 А.Ж.Қалымбетова


22.12.2016