A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

№7 Оқушылар үйінің «Тарту» вокалды үйірмесінің есеп беру концерті

Алматы қаласы Білім басқармасы №7 Оқушылар үйінің «Тарту» вокалды үйірмесінің есеп беру концерттік бағдарламасы № 32 ЖББ мектептің мәжіліс залында жоғары деңгейде өтті. Жыл сайын дәстүрге айналған көктем мерекелеріне арналған концерттің мақсаты үйірмеге қатысып жүрген оқушыларға ұлттық тәрбие беру, өнерлі жастарды қолдау және оларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

Есеп беру концертінде «Тарту» вокалды үйірмесінің оқушылары мен ұстазы Жүнісқанов Тимур Еркінұлы өнер көрсетті. Концерт әдеттегідей жанды дауыста, жоғары кәсіби деңгейде өтті. Концертті тамашалауға және балаларын қолдауға ата аналар және қосымша білім беру ұстаздары келді.

Бұл концерт «Тарту» вокалды үйірмесі тәрбиеленушілерініңқыркүйек айынан бері алған білімдерінің, жетістіктерініңқорытындысы болды. Балалық шынайылығымен, тазалығымен сахнада алғашқы қадамын жасаған Нұрқасын Інжу «Маленькая страна», Марат Аяжан «Көктем келді» әндерімен көрермендерді қуантты.

Концертке келген қонақтар оқушыларымыздың өнерлеріне тәнті болып, орындаған әндерінен ләззат алып, жақсы әсер алып кетті.

Өнерлі жасөспірімдерімізге өнер жолында биік белестерді бағындырып, шығармашылықтарына шалқар шабыт тілейміз!

 

Бадан Жанат Дәнебайқызы

МКҚК №7 Оқушылар үйі

Бұқаралық бөлім меңгерушісі

18.03.2019