A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Жаңалықтар
  • «2019 жыл – Жастар жылы» аясында өткен қалалық ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойынының ашық турнирі
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«2019 жыл – Жастар жылы» аясында өткен қалалық ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойынының ашық турнирі

Қазақ халқының ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойыны балаларды тәрбиелеу, олардың ой санасын шынықтыру, жетілдіру құралдарының қатарына жататын қиын да қызық ойын спорт түрлерінің бірі. Әлемдік мәдениеттің кез-келген үлгілерімен бой теңестіре алатын 4 мың жылдық тарихы бар зияткерлік ойын арқылы жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін дамыту, оқу үлгерімін жақсарта түсу және сапалы тәрбие беру мақсатында 2019 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласы Білім басқармасы № 7 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында қалалық ұлттық «Тоғызқұмалақ» ойынынан ашық турнир өтті. Турнирге Алматы қаласы бойынша 7 командадан 60 оқушы қатысып бақ сынасты.

Турнирдің төрешілері: Алматы қаласы «Тоғызқұмалақ» ойынының бас төрешісі Қыдырбаев Әлімжан, Алатау ауданының «Тоғызқұмалақ» ойынының жаттықтырушысы Қалдыбаев Азамат және № 7 Оқушылар үйінің «Тоғызқұмалақ» үйірмесінің жетекшісі Бибеков Еркебұлан.

Командалық ашық турнир қорытындысы бойынша жалпы командалар арасынан   І орын алған - Айтбай Ислам №3 мектеп, Хамит Дана № 39 мектеп, Нұржанұлы Мейіржан № 3 мектеп, Болат Айша № 1 Оқушылар үйі, Батыр Ернұр № 3 мектеп, Тұрсынәлі Ақерке № 84 мектеп.

ІІ место – Қайратұлы Ерсайын № 3 спорт мектебі, Тілеухан Айзере №148 мектеп-гимназиясы, Олжатай Мейрамбек Оқушылар сарайы, Жарқынбек Жаннұр №1 Оқушылар үйі, Дакен Эльдар № 3 мектеп, Асанханова Алина № 84 мектеп.

ІІІ место – Қанатов Мирас № 1 Оқушылар үйі, Бектұрған Нұрай №39 мектеп, Әсетұлы Мадияр № 1 Оқушылар үйі, Базарбекова Жасмина № 84 мектеп, Джанабилов Ердаулет № 84 мектеп, Тұрсынбай Шұғыла № 84 мектеп.

Барлық жеңімпаздарымыз арнайы кубок және мақтау қағазымен марапатталды.

Қазақ халқының ұлттық ойыны тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары өте жоғары жас таланттардың болашағынан күтер үмітіміз мол. Жеңімпаздарымызға толағай табыстар тілейміз!









 

Бадан Жанат Дәнебайқызы

МКҚК №7 Оқушылар үйі

Бұқаралық бөлім меңгерушісі

 

 

18.03.2019