A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудандағы Қарт адамдар айлығының ашылуы

Аудандағы Қарт адамдар айлығының ашылуы

Бұл жолы қарттар айының ашылуы аудандағы 100 тыл еңбеккері мен зейнеткерлер үшін қаланың көрікті жерлерге экскурсия жасаумен басталды. Экскурсияға шыққан ардагерлерді аудан әкімі В.Устюгов және аудандағы Ардагерлер кеңесінің төрайымы  Ғ.Байғұтдинова құттықтап көтеріңкі көңіл –күй тіледі.          

Осыдан кейін ҰОС ардагерлерін арнайы құттықтау үшін  концерттік бағдарламасы қарастырылған «Алазани» кафесіне шақырылып, еріктілер және «тимуровшылар»жағынан үйлеріне көмек көрсетілетін болады.         

  30-қыркүйек күні Алматы қаласы Халықаралық әуежайдың Мәдениет үйінде ардагерлерге ақшалай сыйлық беріліп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.   

1-қазан күні аудан әкімі В.Н.Устюгов және Ресейдің Алматы қаласы бойынша елшісі Переверзева Ирина Владимировна Қарт адамдар күні мерекесінің құрметіне ұйымдастырылған шараға және  №32 ЖББМ Қазақ және Славян мәдениетіне байланысты жасалған мұражайдың ашылуына қатысты.

Қарт адамдар айлығында ардагерлер үшін аудандағы кафеде және асханаларда мерекеге орай қайырымдылық түскі астар, емханалар,спорттық  және сауықтыру орындарында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.     

 

Ардагерлер кеңесінің төрайымы                                            Ғ.Байғұтдинова   

07.10.2016