A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Өстемірова Әлімхан апаны 100-жылдық мерейтойымен құттықтады

Аудан әкімдігінің, аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының және аудандық Ардагерлер кеңесінің басшылары ауданның тұрғыны, тыл еңбеккері Өстемірова Әлімхан апаны 100-жылдық мерейтойымен арнайы құттықтап қайтты. 

       Өстемірова Әлімхан апа 1917 жылы 3-ақпанда Алматы облысы Қарқара ауылында дүниеге келген.

       Әлімхан апа бала кезінен 4 ағасы және 5 әпкесімен бірге алқапта жұмыс істеп еңбекке ерте араласқан адам. Ол ауылдық мектепте білім алып,кейіннен сол мектепте бала оқытушы болып қызмет етеді. 

       1938 жылы Тұрысбек деген көрші ауылдың жігітіне тұрмысқа шығады. Соғыс жылдарында майданды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін тылда еңбек етеді.  

       Өмірдің ыстық-суығында бірге болып,тату-тәтті өмір сүрген  жұбайлар бір шаңырақта 32 жыл отасып 3 ұл және 7 қыз тәрбиелеген. 

       Бүгіндері еңбек сүйгіштікке, білімге,адалдыққа тәрбиелеген ұл-қыздары жоғары білім алып әр салада еңбек етеді. 

     100-ге келген Әлімхан апа 1 және 2-ші дәрежелі Батыр ана және еңбек майданының қатысушысы төс белгісімен марапатталған.        

    Қазіргі кезде бұл кісінің балаларынан басқа 43 немере,42 шөбере және 3 немене сүйіп отырған аяулы әже. 

03.02.2017