A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесі

          

Бүгін аудан тұрғындары аудандағы №6 Оқушылар үйінің алаңында 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесін атап өтті. Түрксіб ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен болған мерекелік шара Әнұранмен басталды. Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Ермек Бейсеуов аудан тұрғындары мен қала қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, ұзақ жылғы адал еңбегі, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін,сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мемлекеттік мерекесіне орай бір қатар қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Атап айтатын болсақ Ж.Есенбаева, АХАТ бөлімінің басшысы Ж.Дүйсембаева, жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы А.Мухаримова, АІІБ полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Ә.Естемесов, Е.Айнақұлов, ІІБ миграциялық қызмет бөлімі басшысының орынбасары В.Бодрова, Салық басқармасы басшысының орынбасары А.Қалиев,ХҚКО қызметкері Р.Балтабаева, №4 МКА бас дәрігері М.Сейдуманов.

Сондай-ақ ауданның жас тұрғындары С.Дмитриев, А.Илахунова, Д.Лаптев, В.Соболева, А.Шарип үшін де үлкен есте қаларлық мереке болды. Олар дәл осы күні 16 жасқа толып салтанатты түрде жеке кәуліктерін алды.

Мерекелік шара барысында ауданда тұрып жатқан әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларына «Мектепке жол» акциясы аясында оқуға қажетті құрал-жабдықтар таратылды.

Тәуелсіз Қазақстанның өз Ата заңы 1993 жылы қабылданған. Кейіннен 1995 жылдың 30-тамызында бүкіл халықтық референдум арқылы өзгертіді. Содан бері осы күн Конституция күні болып белгіленген.  


29.08.2017