A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Балалар суицидін ескерту және балаларға қатігездікпен қарауды алдын алу

№76 ЖБМ мәжіліс залында Түрксіб ауданы бойынша қалалық әкімдіктің жанындағы кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведмоствоаралық комиссиясы «Балалар суицидін ескерту және балаларға қатігездікпен қарауды алдын алу» атты жиын өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандағы мектептердің, ЖОО Тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар,педагог-психологтар, Түрксіб ауданы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведмоствааралық комиссияның мүшелері, Түрксіб аудандық ІІБ ЮПБ инспекторлары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу және балалардың қараусыздығын және панасыздығын ескерту жүйесіне кіретін органдардың өкілдері қатысты.

Жиында білім беру, құқыққорғау органдарының өкілдері, «Сенім телефоны-150» қоғамдық ұйымының басшысы Байсакова Зульфия Мухамедбекқызы, «Дана» отбасын әлеуметтік қорғау орталығының басшысы Эльмира Мақсұтқызы, ҚР ДСМ психотерапия және наркология, ғылыми-тәжірибе психиотриясы орталығының дәрігер-психотерапевті Скляр Сергей Владимирович тақырып төңерегінде дайындаған баяндамалары бейне-роликтер көрсету арқылы тыңдалды .

Жиын қорытындысы бойынша білім беру бөлімі және аудандық ІІБ ювеналды полиция бөліміне суицидті және балаларға қатыгездікпен қарауды алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар берілді.

28.05.2015