A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Кітап оқуды жақсы көретіндерді шақырамыз

Буккроссинг —Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) - «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хоббимен адам  жәнекітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Негізі, «буккроссингтің» басты мақсаты ол- үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау». Буккроссингтің мақсаттары- оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру;кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру;

Кітап оқуды жақсы көретіндерді қонаққа шақырамыз және біздің жаңа топтамамызды толықтырамын деушілерге қуаныштымыз.

Құрметті кітап оқуды жақсы көретін оқырмандар сіздерді Шолохов көшесі,9 мекен-жайындағы субұрқақ маңында күтеміз.

                               

21.09.2018