A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Проактивті қызмет түрлері

Қазіргі таңда азаматтарымызға үйден шықпай-ақ, ХҚКО-на бармай-ақ, жаңа туылған нәрестее туу туралы куәліктерді смс арқылы алу жобасы іске асты. Сонымен бірген балабақша кезегіне қойып,жәрдемақылар тағайындауға да мүмкіндіктері бар. Пилоттық жобаны орындау үшін азаматша мобильдік үкімет порталына тіркеледі, қызметтің бұл түрі ұялы байланыс (телефон) арқылы жүргізіледі.

Былтырғы жылдың 29 желтоқсанында бала тууға байланысты мемлекеттік қызметті проактивті тәсілмен ұсыну бойынша пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба -азаматтар мен мемлекет қарым – қатынасының жаңа нұсқасы болып табылатын, олардың қажеттіліктерін алдын-ала болжап, тиісті қызметтер мен сервистерді дер кезінде қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда біздің Түрксіб ауданына қарасты №4 перзентханада мамандарымыз проактивті принцип бойынша осы қызмет түрлерін көрсетіп отыр. Проактивті принцип - адамның өмірге келуіне қатысты қызметтер бойынша жүзеге асырылатын жоба. Жаңа босанған анаға автоматты түрде іске қосылып, оның сәбиіне берілетін, баланың аты-жөні сұратылған хабарлама келеді. Басқа мәліметтерді тіркеуші орган тиісті ақпараттық жүйелерден жинап, ал өзге деректерді СМС (SMS)  хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды. Сондай – ақ, телефон (ұялы байланыс) арқылы шот нөмірін жіберіп, жәрдемақыларды рәсімдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана келу керек немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға болады. Ол үшін, яғни проактивті қызметке қол жеткізу үшін ең алдымен мобильді азаматтар базасына тіркелу қажет. Ол үшін азаматтар порталдағы жеке кабинетінде телефон нөмірін ЖСН (жеке сәйкестендіру нөміріне) байланыстырып қоюлары тиіс. Оны азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторын пайдаланып, қажет болған жағдайда оператордың кеңесіне жүгіну арқылы жасай алады.

Бүгін біз осы проактивті қызметті жүзеге асыру  мақсатында перзентханадан құжаттар қабылдадық. Азаматшаға әуелі 1414 байланыс орталығынан құттықтау сөз келді. Артынша қызметті телефон арқылы смс пен жіберіп отырдық. Проактивті жоба тез, әрі жылдам орындалды. Проактивті жобамен жұмыс атқарып отырғанымызды барлық азаматтарға мәлімдейміз!     

 

 

 

19.01.2018