A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Үш тілді жетік меңгерген жастарымыз жүлдеге ие болды

Түрксіб ауданы әкімдігі мен аудандық «Қазақ тілі» қоғамы бірлестігінің ұйымдастыруымен Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ, орыс және ағылшын тілін жетік меңгерген аудан жастар арасында байқау өтті.
 Байқау жеңімпаздары ретінде Алматы телекоммуникация және машина құрау колледжінің оқытушысы Балтаева Қаламқас, Азаматтық авиация академиясының студенттері Добрашева Аэлита және Жүржани Сағи атанды.
Аудандық байқау жеңімпаздары 2017 жылдың 13 қазанында Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тіл дарын» қалалық олимпадиясына қатысты. Олимпиада Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өтті.
 Олимпиадаға 8 аудан атынан 26 үміткер қатысты. Қатысушылар төмендегідей кезеңдер бойынша сайысқа түсті: 1. Таңдаған тақырыбы бойынша тұсаукесер (презентация) өткізу; 2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу; 3. Берілген тақырып бойынша ілеспе аударма жасау.
 Олимпиадада ауданымыздың намысын қорғаған Добрашева Аэлита Әнуарқызы І орынға ие болса, ал Балтаева Қаламқас пен Жүржани Сағи қала әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
Қалалық олимпиадада өздерінің білімдерін жоғары деңгейде көрсеткен жеңімпаздарымызға шығармашылық табыс тілей отырып, ауданымыздың мәртебесін көтергені үшін алғысымызды білдіреміз!

               

            

            

16.10.2017