A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қарттар айы» қайырымдылық концерт өткізілді

Бүгін аудандағы №6 Оқушылар үйінде аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қарттар айы» қайырымдылық мерекелік шарасы өткізілді. Мерекелік шара барысында шақырылған қарттарды аудан әкімінің орынбасары Е.Бейсеуов құттықтап, қазыналы қарттардың еңбектері өскелең жас ұрпаққа өнеге екендігін айтып өтті. Аталған шараның негізгі мақсаты қарт адамдарға мемлекет тарапынан тек қаржылай көмек көрсетіп қана қою емес,сонымен бірге оларға рухани демеу беру керектігін көрсетіп, өмірлеріне қуаныш сыйлау. 

Салтанатты құттықтаудан кейін мереке Оқушылар үйінің көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Қарт адамдар айлығында ардагерлер үшін аудандағы кафе және асханаларда мерекеге орай қайырымдылық түскі астар, емханалар,спорттық және сауықтыру орындарында әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. 

    

     


    

04.10.2017