A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы сақтау бойынша жиын өткізілді

Бүгін аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Түрксіб аудандық қорғаныс істер жөніндегі басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын сақтау бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. Кезекті отырысқа аудандық «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының орынбасары Сақыш Қазытайқызы, аудан әкімінің кеңесшісі-үйлестіруші Шарифканов Суният Нығметханұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім және аудандық қызмет және құрылым басшылары, аудандық қорғаныс істер жөніндегі басқарманың жеке құрамдары қатысты.

Аталған шарада аудандық Қорғаныс істер жөніндегі басқарма басшысының және аудандық «Нұр Отан» партия филиалы төрағасының орынбасары Сақыш Қазытайқызының өз қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасындағы талаптарды орындау туралы баяндамалары тыңдалды. Тыңғылықты дайындалған баяндамалар тыңдалып болғаннан кейін олар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін өз ұсыныстарын білдірді. Одан кейін үйлестіру кеңес мүшелері осы жиын қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселе бойынша мынадай шешімдер қабылдады:

- Қорғаныс істер жөніндегі басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасын жүзеге асыру бойынша жасалған жұмыстарын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау.

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу жүйесін бір жолға қою және қоғамда жемқорлыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру;

- әскери қызметкерлер ұжымының арасындағы олардың беделін түсіретін тұлғалардан тазарту, жеке құрам арасында тәртіпті және заңдылықты нығайту бойынша жүргізілетін жұмыстарды жалғастыру;

- сыбайлас жемқорлық жолдарын алдын алу, аталған мәселелермен айналысатын арнайы мекемелердегі мамандарды шақырып лекция және семинар өткізу бойынша үнемі жұмыстар жүргізу;

- аталған басқармаға сыбайлас жемқорлықпен күресті ұйымдастыру мәселелері бойынша тығыз байланыс жасау;


20.03.2015