
Түрксіб ауданының әкімдігі барлық қазақстандықтар сияқты Түркістан облысы Арыс қаласында болған төтенше жағдайға бейжай қарай алмайды. Аудандық кәсіпкерлердің қолдауымен апат болған қаланың тұрғындары үшін қажетті құрылыс материалдарын жинау ұйымдастырылды. Сондай-ақ Алматы-1 вокзалының бекетінде тоқтап тұрған пойыздағы жолаушылар ішетін су және тамақтармен қамтамсыз етілді. Сонымен қатар әкімдіктің қызметкерлері зардап шеккендердің көмек қорына бір күндік табыстарын аудармақшы.