A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызмет әдебі

Мемлекеттік қызмет әдебі

Бүгін «Нұр Отан» филиалының ғимаратында «Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуал» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

Аталған шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі Оразов Сайлау Сартайұлы,  аудан әкімі аппаратының қызметкерлері,аудандық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, мемлкеттік қызметінің ардагерлері, үкіметтік емес ұйымдары қатысты. Ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты -азаматтардың құқық­тары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін жүзеге асырудағы қызметтік этика және жоғары рухани-адамгершілік ахуалды қалыптастыру.Әдеп жөніндегі кодекске сәйкес мемлекеттік органдарда әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілді, ол мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының сақ­талуын, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің құқық-бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады.

            Дөңгелек үстелде ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі Оразов Сайлау Сартайұлы,Түрксіб аудандық соттың өкілі Жаңсықбаев Рүстем Ильянұлы,Түрксіб аудандық ІІБ орынбасары полиция майоры Ахметов Дархан Дәулетханұлы тақырып төңерегінде өз баяндамаларын оқып,мемлекеттік қызметтерде,құқық қорғау органдарында қызметтік этиканы қалыптастыру жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқандығынан айтып өтті.

    Мұндай кездесу қызметкерлердің жемқорлыққа қарсы мәдениетін, мемлекеттік қызмет имиджін және қоғамдағы жемқорлыққа қарсы тәртібін қалыптастыруға оң әсерін береді.

         Кездесу соңында ұйымдастырушылар  барлық қатысушыларға сындарлы диалогы және табысты еңбектері үшін алғысын білдірді. 

16.08.2016