A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Тұрғындарға әлеуметтік көмек және тұрмысқа қатысты мәселелерді түсіндіру

Түрксіб ауданында көп балалы отбасы және мүмкіндігі шектеулі жандар, тұрғын үй департаменті,тұрғын үй құрылыс банкі, аудандық бас дәрігері, сэс, зейнетақы қоры өкілдерінің қатысуымен атаулы әлеуметтік көмектің  жаңа форматы туралы жиын өткізілді.

Ұйымдастырылған іс-шараның негізгі мақсаты тұрғындарға әлеуметтік көмек және тұрмысқа қатысты мәселелерді түсіндіру болатын.

Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары Бейсеуов  Ермек Беркінбайұлының төрағалық етуімен болған шараға 120-ға жуық адам қатысып, қойылған сұрақтарға жауап беріліп және кейбір мәселелер орындалуы үшін бақылауға алынды.

Аудандық жұмыспен қамту бөлімінің өкілі жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің қазіргі әлеуметтік төлем түрлерінен өзгешелігі – аз қамтамасыз етілген азаматтарға немесе отбасыларға берілетін атаулы  әлеуметтік көмек кешенді болып, өз ішіне 3 түрлі  мемлекеттік қолдау болатындығын және атаулы әлеуметтік көмектің енгізілу тәсілдері туралы түсіндірді.

 

04.06.2019