A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Cлавян халықтарының ұлттық мерекесі

Алматы қаласы Білім басқармасы №7 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен славян халықтарының ұлттық мерекесі «Широкая Масленица» мерекелік іс-шарасы жоғары деңгейде өткізілді. Бұл мереке қыстың ызғары кетіп, күн жылығанда яғни көктемнің жылы лебі сезілгенде тойланатын мереке. Аталған мерекеге Оқушылар үйінің тәрбиеленушілері, ата-аналар және арнайы шақырылған «Казачья слава» ансамблі қатысты.

Дәстүр бойынша құймақтар пісіріліп қонақтарға ұсынылды. Іс-шара концерттік бағдарламамен басталып, балалар масленица туралы өлеңдер оқып, жұмбақтар шешіп, түрлі қызықты байқауларға қатысып марапаттау қағаздарына және сыйлықтарға ие болды. Мерекеде «Ақерке» би студиясының ата-аналары өздері арнайы киімдер тіктіріп ерекше биімен көрермендерді қуантты.

Осылай қызықты өткен іс-шараның шарықтау шегінде қолдан жасалған масленица қуыршағын өртеп биылғы жыл шуақты, жылы әрі жайдарлы болсын деген тілектер айтылды.


 

Бадан Жанат Дәнебайқызы

№7 Оқушылар үйі бұқаралық бөлім меңгерушісі

11.03.2019