A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Түрксіб аудандық Әділет басқармасы «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді

Алматы қаласы Түрксіб аудандық Әділет басқармасы тұрғындардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін көтерумен және Алматы қаласы Әділет Департаментінің 30.01.2018 жылы бекітілген медиа-жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласы Әділет департаменті «Қазақстан заңгерлік Одағы» РҚБ АҚФ-мен бірлесе отырып, Алматы қаласы Түрксіб аудандық ХҚКО ғимаратында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Ауқымды әлеуметтік акцияның мақсаты – ҚР Президентінің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына жолдауы, «Қазақстан -2050» стратегиясы, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және халыққа құқықтық қызмет көрсету, сондай-ақ әділет органдарының қызметтері бойынша консультативтік қызмет көрсету.

Акция жұмысына Алматы қаласы Әділет департаманті бөлімдерімен Түрксіб аудандық Әділет басқармасының мамандарынан құралған ақпараттық насихаттау тобы, «Қазақстан заңгерлік Одағы» РҚБ АҚФ, Алматы қаласы Адвокаттар алқасының адвокаттары және Алматы қаласының жекеше нотариустары қатысты. 

Акция барысында азаматтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылыққа, азаматтардың жылжымайтын мүліктерін заңдастыруға, жер телімдерін бөлуге, заңды тұлғаларды тіркеуге, азаматтық хал актілерін тіркеуге, сонымен қатар азаматтардың тегін заң көмегін алу бойынша сұрақтар қойылып, толықтай жауаптар берілді.

   

19.02.2018