A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Аудан тұрғындары Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойын атап өтті

Аудан тұрғындары Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойын атап өтті    

Сенбі күні аудан тұрғындары Алматы қаласының 1000-жылдық мерейтойын атап өтті. Мерекелік шара байкер Д.И.Петрухинның байкерлер тобы,ҚР Құрылықтық жауынгерлердің әскери институтының курсанттары, ауданның үздік дәрігерлері, бала-бақша және ЖБМ директорлары, ЖОО мен ОББМ-дің ұстаздары, 2016 жылы оқушылар арасындағы аудан әкімінің кубогына арнайы өткізілген спорттық ойындарының жеңімпаздарынан құралған әдемі шерумен басталды Одан кейінгі салтанатты мерекені аудан әкімі құттықтау сөзімен жалғастырды. Аудан әкімі В.Устюгов мерекеге келген барлық тұрғындар мен қала қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, жалпы Алматы қаласының тарихы мен аудан көлемінде атқарылған бірқатар жетістіктер туралы дайындаған  баяндамасын оқыды. Осы құттықтау сөзінен кейін аудан әкімі «Ең үздік спортшы», «Ең үздік әдіскер», «Ең үздік медицина қызметкері», «Ең үздік учаскелік инспектор», «Ең үздік коммуналдық қызмет », «Ең үздік ПИК», «Ең үздік аула сыпырушы» номинациясы бойынша және тағы басқа да спорттық ойындарының жеңімпаздарын марапаттады.  

         Аудан әкімінің марапаттауынан соң ҚР Кинологиялық қызметтің шекара қызметіне арнайы үйретілген иісшіл иттердің шекара бұзушыларды ұстау кезіндегі әркеттері туралы және «Экстрим» черлидинг тобының, каратэ  көрсетілімдері ұсынылды. Бұдан кейін ұлттық киім киген қыздар алматының апортын таратты. Алматының 1000 жылдығына орай ұйымдастырылған мереке аудандағы оқушылар үйінің көркемөнерпаздар ұжымының концерттік бағдарламасымен жалғасты.  


18.09.2016