A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

Наурыз мерекесі

Наурыз айының 21-күніаудан тұрғындары «МАРТ Village»сауда орталығының алдында«Наурыз мейрамы» мерекесін тойлады.

Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен болған мерекенiң ашылу салтанатында еліміздің өнер жұлдыздары С.Қалымов,Ө.Айниязов және тағы басқаларыән салса, №7 Оқушылар үйінің «Наурыз керуенi» атты театрландырылған қойылымы көрсетiлiп, Қызыр баба елге, жерге жақсылық, молшылық, табыс, береке, ынтымақ, бiрлiк тiлеп, ақ батасын бердi.

Жиналған қауымға Наурыздан наурызға дейiнгi жетiстiктердi жария етiп, Ұлыстың ұлы күнiмен құттықтады. Кимешек киген аналар жаңа күннiң дәмi – наурызкөже, бауырсақ, тәттiлерiн қонақтар мен жалпы көпшiлiкке үлестiрiп, шашу шашты.

   Қолөнер шеберлері бұйымдарының сатылымы мен көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ балалар ұлттық, спорттық-бұқаралық ойындарға қатысып, спортшылардың өнерлерін тамашалай алды.

Мерекелік шараның соңы концертке ұласты.

Бұрыннан шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз Жаңа жылдың басталғандығын білдіреді және көктемгі күн мен түннің теңесуімен дәл келеді. Халқымыздың тұрмысында, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден – ақ мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі болып табылады.

  

    

 

 

26.03.2018