A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Жаңалықтар ЖАҢАЛЫҚТАР

30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Бүгін аудан тұрғындары «Mart Village» сауда-ойын сауық орталығының алаңында 30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні мерекесін атап өтті. Түрксіб ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен болған мерекелік шара Әнұранмен басталды.

Салтанатты жиында Түрксіб аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші төрағасының орынбасары Н.Е.Әжібаев аудан тұрғындары мен қала қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, ұзақ жылғы адал еңбегі, өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға қосқан зор үлесі және қоғамдық өмірге белсене араласқаны үшін, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесіне орай бір қатар қызметкерлерді аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Атап айтатын болсақ «Аяжан» медицина колледжінің директоры, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы - Құрымбаева Күлдарихан Құржыққызы, №9 қалалық емхананың бас дәрігері– Мұсабаева Әсем Мұратқызы, №6 Оқушылар үйінің педагогы, «Сенім» вокалдық ансамблдің жетекшісі-Күдерина Тұрсынай Метірбайқызы, «Алматы Халықаралық әуежайы» АҚ Президентінің кеңесшісі Лайықов Талғат Жакейұлы, «Ева –Транс Сервис»ЖК директорының орынбасары - Ермилов Михаил Владимирович, Турксиб жәрмеңкесінің директоры - Тунгусов Олег Васильевич, УПП-3 КОГ директорының орынбасары - Абылова Әсем Ерболқызы.

Мерекелік шара барысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы бойынша тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың балаларына мектеп құралдары салынған арқа сөмкелері таратылды.

Концерттік бағдарламаны ҚР еңбек сіңірген әртіс Бағдат Самединова әсем әнімен ашты. Сонымен қатар "Астана Опера" танымал әншілері, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Дина Хамзина, "Сазген Сазы" фольклорлық ансамбілінің әншісі Бейбітгүл Нұрымғожина және басқалары өнер көрсетті.



29.08.2018