A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2017 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2017 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама


Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады. Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы - М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева. Мұрағаттық қор - 1642 кітап. Қордың № 69 пен 1710 аралығындағы кітап мемлекеттік мұрағатқа өткізілді, себебі, сақталу мерізімі 75 жылдан асқандар. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық кітаптар тігіліп, тізім жасалған. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2017 жылдың 2 тоқсанында - 2662 акт жазбалары тіркелінген. 2016 жылдың 2 тоқсанында - 2752 акт жазбасы тіркелінген. 2017 жыл мен 2016 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу - 3 пайызға азайған. Олардың ішінде: Тууды тіркеу - 1267 акт жазба. 2016 жылдың 2 тоқсанында - 1355 акт жазба тіркелінген болатын. 2017 жылмен салыстырғанда, 6,5 пайызға азайған. Қайтыс болуды тіркеу-412, 2016 жылдың 2 тоқсанында-431. Аналитикалық периодпен салыстырғанда-1 пайызға азайған. Неке қиюды тіркеу-561 акт жазбасы 2017 жылдың 2 тоқсанында, ал 2016 жылдың 2 тоқсанында-548. Салыстыра келе, 3 пайызға өскен. Неке бұзуды тіркеу-2017 жылы 2 тоқсанында-232 акт жазба, 2016 жылы-202,өткен жылмен салыстырғанда, 14 пайызға өскен. Олардың ішінде 2017 жылдың 2 тоқсанында екі жақты келісім бойынша-42, 2016 жылы-35. Сот шешімінің негізінде 2017 жылы-191, ал 2016 жылы-166. Әкелікті анықтау-2017 жылдың 2 тоқсанында-124 тіркелінген, 2016 жылы-158. 30 пайызға азайған. Бала асырап алу-2017 жылдың 2 тоқсанында-3, ал 2016 жылы-4; 20 пайызға кеміген. 2017 жылы тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -42 акт жазба тіркелінген. 2016 жылы-32, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-19 пайызға өскенін байқадық. Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2017 жылдың 2 тоқсанында-3 млн.209 мын 9 тенге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2016 жылы 2 тоқсанында 2 млн. 901 мын. 770 тенге; 1,9 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан. Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсету 2017 жылдың 2 тоқсанында- 4215, 2016 жылдың 2 тоқсаныңда- 4467, салыстырсақ, мемлекеттік қызмет көрсету 6,5 пайызға азайған. 2016 жылдың 2 тоқсанында АХАТ бөлімі-4230 мемлекеттік қызмет көрсетті. Олардың ішінде ХҚКО арқылы-3412 қызмет, веб портал арқылы-393, мемлекеттік органда-425. 2017 жылдың 2 тоқсанында:4215 Электрондық үкімет порталы арқылы- 573 ХКҚО- дан түскен- 3148 МИО – дан түскен – 494 2016 жылдың 2 тоқсанында АХАТ бөлімінен қабылданған- 4467 мемлекеттік қызмет көрсетті. ХҚКО арқылы 2992 қызмет көрсетілді, олардың ішінде 510 өтініш электрондық үкімет порталы арқылы қабылданды. Мемлекеттік орган- 965 қызмет. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарт бойынша электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді, және халыққа қызмет көрсету орталығы бойынша және де АХАТ бөлімінен қабылдануға рұқсат. Сондай-ақ, электрондық түрде келесі тіркеу мүмкін: туу тіркеу, неке қиюға арыз тастауға, қайталама куәліктерді және анықтамаларды сұрау, тегін өзгерту, жоғалтқан акт жазбаларды қалпына келтіру. ХКҚО-ға қабылдау келесі сұрақтармен айналысады: туу тіркеу, неке бұзу арыз тастауға, қайталама куәліктерді және анықтамаларды сұрау, тегін өзгерту, жоғалтқан акт жазбаларды қалпына келтіру, түзету туралы істері бойынша. Мемлекеттік орган - АХАТ бөлімінде баламасыз қабылдау: бала асырап алу, әкелікті анықтау, қайтыс болған балалардың туу туралы тіркеу, және де, барлық түрі бойынша, тек қана қайталама куәліктер мен анықтау берусіз. Алматы қаласы Түрксіб аудандық АХАТ бөлімімен мемлекетке қызмет көрсету туралы жұмыстары сапасы артырылуда. Электрондық түрде өтініштерді сапалы қабылдау үшін, Алматы № 4 перзентханада электрондық портал орнатылған, жанадан туған әйелдерге баллардың туу туралы куәлігін тіркеуге ыңғайлы. 2 тоқсан 2017 жылдын аралығында 130 арыз электронды портал арқылы түскен, 2016 жылға 2 тоқсанына қарағанда, тек қана 13 арыз түскен. Неке қию 2017 ж. – 400, 2016ж. – 442. Неке бұзу туралы бірлесіп берген арыздар 2017 ж. 2 тоқсаныда 42, 2016 ж. – 55. Осыған орай, статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Түрксіб ауданыңда электрондық түрде қабылданған өтініштер халыққа кеніне таралуда. 2017 ж. жоспарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету таныту туралы АХАТ бөлімінің басшысымен «Алматы» телеканалы арқылы 2 сөз сөйлеу жүргізілді. Қазіргі кезде, ХҚКО мен АХАТ бөлімі белсенді жұмыстар атқарып жатыр, әр түрлі акт жазбаларды түзету, өзгеріс енгізу және де толықтыру арыздарын халыққа қызмет көрсету орталығына жолданады. АХАТ бөлімінің басшысы Ж.Дюсембаева