A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша жылжымайтын мүлікті жария ету туралы ақпарат


Түрксіб ауданындағы  мүлікті заңдастыру бойынша

АҚПАРАТ 

2014 жылдың 1 қыркүйегінен Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды және Қазақстан Республикасында мекендеу қағаздары бар тұлғаларды, олардың өз мүліктерін заңдастыруларына байланысты,  рақымшылыққа бөлеу туралы»  Заңы күшіне енді.

 Осы Заң  мемлекеттің мүлікті заңдастыру бойынша бір реттік акциясын өткізуге байланысты, және де ақшаның жариялық экономикалық  айналымынан шыққан, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға  рұқсаты бар тұлғалар мен оралмандардың, сонымен біргі  Қазақстан Республикасы азаматтарының мүлкі мен кірістерін жариялауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

Осыған байланысты Түрксіб Әкімдігі күрделенген жағдайды өзгертуге ұмтылғанымен, ресімделмеген және жарияланбаған мүліктер,  Түрксіб ауданының экономикалық жағдайын жақсартуға зор әлеуеті бола тұра, мүліктік айналымнан тыс қалып отыр.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтарын, оралмандарды және Қазақстан Республикасында мекендеу қағаздары бар тұлғаларды, олардың өз мүліктерін заңдастыруларына байланысты,  рақымшылыққа бөлеу туралы»   Заңы  Түрксіб ауданы азаматтарының   жасырған мүліктерін өз еркімен жариялауға мүмкіндік береді және Қазақстан Республикасы ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі мен қылмыстық Кодексінің жеке баптары бойынша жауапкершіліктен босатылады. Белгілі дәрежеде Заңның ережесі  жылжымайтын мүлікке деген құқықты тану  мәселесін шешеді.

Заңда көрсетілген акцияның бірреттігі оның  қайталанбайтындығын көрсетеді, өйткені мұндай нормативтік акт мемлекеттің құқықтық жүйесінде ерекше болып табылады.

Заң заңдастыру субьектілеріне тәрбиелік және бұлтартпалық әсер етеді, себебі оның әсері мүлікті заңдастыру мерзіміне дейін мүлкін заңдастырған субьектілерге қатысты болады.

 Заңдастыру мерзімі аяқталғаннан кейін алынған мүлік заңдастыруға жатпайды.

Мүлікті заңдастыру мерзімі   2014жылдың 1қыркүйегінен басталады және   2016 жылдың  31 желтоқсанында аяқталады. Мүлікті жария ету мерзімі 30 күн мерзімінде қаралады.

2016 жылдың 29 ақпанына дейін  мүлікті заңдастыру бойынша  Түрксіб аудандық комиссиясы азаматтардан 2279 өтініш қабылдап, жалпы сомасы 14 000 648 610 теңгеге 2502 объекті заңдастырылды.