A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • Түрксіб ауданының 2017 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Түрксіб ауданының 2017 жылғы 12 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың нәтижелері


Түрксіб ауданы 1938 жылы құрылды және биыл ауданға 80 жыл.Аудан аумағы – 75,7 шаршы шақырым, халық саны – 227 мыңнан аса.

          Жұмыс істейтін кәсіпорындар – 37-ірі, 91-орта және 3951-шағын заңды тұлғалар, жұмысшылардың жалпы саны – 40 619 адам.

          Оның 714 өндірістік кәсіпорындар (10 - ірі, 18 - орта, 686 - шағын).

          11 айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 113 млрд.теңгені құрады, өсу қарқыны - 136%. (83,3 млрд. тенге – 2016 ж.)

          Аудан бойынша өнеркәсіптің физикалық көлемінің индексі – 103,3% (Алматы – 103,5%.

          Еңбек өнімділігі – 2,7 млн.теңгені немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 142% құрады (1,9 млн.теңге).

          Салынған инвестиция көлемі – 52,8 млрд.теңгені құрады. Өсу қарқыны - 136% (38,7 млрд. тенге – 2016 ж.).

          Орташа айлық жалақы – 166 241 теңгені құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда – 104,5% (2016 жылы-159 078 теңге).

          2017 жылы 3 227 жаңа жұмыс орны құрылды немесе 114% жоспар бойынша (2850). Оның ішінде өнеркәсіп – 146, сауда – 1040, көлік және байланыс – 462, білім – 77, денсаулық – 48, құрылыс – 391 және басқалары – 1063.

          2017 жылғы 11 айдағы бөлшек тауар айналымының көлемі –                        210,8 млрд.теңгені немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 135% құрады (2016 жылы - 155,7 млрд.теңге).

          2017 жылғы 11 айдағы көтерме сауда айналымының көлемі –                       745,2 млрд.теңге немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 92% құрады (2016 жылы - 806,8 млрд.теңге).

          Аудан бойынша мемлекеттік бағдарламаға сомасы 79,5 млрд.теңгені құрайтын 65 кәсіпорын 76 жобамен қатысуда. 8 178 жұмыс орнын құрып отыр. Субсидияның мөлшері 7 млрд.теңге.

          Оның ішінде 2017 жылға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жалпы құны 14,7 млрд.теңге болатын 14 кәсіпорын 16 жобамен қатысуда оның ішінде субсидия – 2,5 млрд.теңгені құрады және 939 жұмыс орны құрылды.

         Салық

2017 жылғы салық болжамы – 68,4 млрд.тенгені құрады (РБ – 44,7 млрд.тенге, ЖБ – 23,7 млрд.тенге).

Іс-жүзінде салық түсімі 2017 жылдың қорытындысы бойынша                       72,7 млрд.теңге немесе жылдық жоспардың 106% (РБ – 46,7 млрд.теңге,                   ЖБ – 26 млрд.теңге).

Бюджет

2017 жылға белгіленген жылдық жоспар 5 млрд 168 млн теңгені құрады және 100,0% игерілді.

       Көріктендіру

2017 жылғы бекітілген бюджеттік бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік сатып алуға 2 218,3 млн. теңге қаражат бөлінді.

«Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру» бағдарламасы.

Сыртқы жарықтандыру желілерін күтіп ұстау «Алматы Қала Жарық» МКМ Мердігер ұйымымен жүргізіледі. Оның ішінде 13 049 жарықтандыру көздері, 377 көшелерінде, ұзындығы 456,7 шақырым және 162-шкафтың сыртқы жарықтандыруды басқару.

«Алматы Қала Жарық» МКМ-мен ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) әзірленді. Ауланы жарықтандыру бойынша 52 аулаға 287 жарық көздері, сондай-ақ, сыртқы жарықтандыру бойынша 28 көшелеріне 533 жарық көздерін, оның ішінде Колхозшы ықшам ауданы 14 көше 214 жарық көздері.

«Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бағдарламасы:

Ауданның жоғарғы бөлігіндегі қалалық және аудандық маңызы бар 42 көше, ұзындығы 89,8 шақырым, 161 қоғамдық көлік аялдамаларын, 34 көше жаяу жүргіншілерге арналған жол, ұзындығы 90,9 шақырымды тазалау және күтіп ұстауды «Алматы Тазалық» МКМ мердігер ұйымымен жүргізілді.

Ауданның төменгі бөлігіндегі қалалық және аудандық маңызы бар 83 көшені, ұзындығы 89,136 шақырым, 14 көше жаяу жүргіншілер жолы, ұзындығы 23,5 шақырым және 39 қоғамдық көлік аялдамаларын тазалау және күтіп ұстауды «Алматы Дормеханизация» ЖШС мердігер ұйымымен жүргізілді.

Жергілікті маңызы бар287 көшені, ұзындығы 230,9 шақырым және жаяу жүргіншілерге арналған 41 көшені, ұзындығы 27,8 шақырымын тазалау және күтіп ұстауды «Эталон ЖҚК» ЖШС мердігер ұйымымен жүргізілді.

«Canly group» мердігер ұйымымен Шолохов көшесі-Станкевич көшесі қиылысындағы жер асты өткелі және Майлин көшесіндегі үш жер үсті өткелдерін күтіп ұстау жөніндегі жұмыстар жүргізілді.

Аудан аумағында санитарлық нормаларды сақтауға байланысты, келесі құрал-саймандар сатып алынды: қаптар – 15 300 дана, қалқа – 500 дана, қолғап – 10 000 дана.

Сондай-ақ, аудан аумағында мобильдік дәретхана кабинка (биодәретханалар) қажеттілігіне қарай орнатылды, саны-63 дана.

«Көріктендіру және көгалдандыру» бағдарламасы:

АУПП-3 КОГ мердігер ұйымымен 35 көшелерінде ұзындығы 78,7 км арық желісін күтіп-ұстау бойынша жұмыстар жүргізілді, бұрын егілген ағаштарды күту бойынша 4 410 бірлік ағаштар, 11 саябақты күтіп ұстау бойынша 8,6 га. Жасыл желектерді санитарлық кесу және қырқу бойынша жұмыстар жүргізілуде, жоспары кесу 4 000 бірлік, нақты орындалғаны 4 000 бірлік, қырқу жоспары бойынша 500 бірлік, нақты орындалғаны 500 бірлік ағаш.

АУПП КОС-2 мердігер ұйымымен ағаштарды қалыптап кесу бойынша жұмыстар аяқталды, жоспар бойынша 16 300 бірлік, нақты орындалғаны                  16 300 бірлік.

«ЗаРаГранд» ЖШС мердігерлік ұйымымен, жасыл желектерді қорғау 27,65 га бойынша жұмыстар атқарылды. Сондай-ақ, қосымша өңдеуге 34,1 га  қаражат бөлінді. Жұмыстар аяқталды.

«РСП Эталон» ЖШС мердігерлік ұйымыменСейфуллин бағын және Балалар бағын, бөлу жолақтарын және басқа да көріктендірілмеген жасыл аймақтарды жалпы көлемі 48,2 га. күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.

«Алматы Дормеханизация» ЖШС мердігерлік ұйымымен Бас Қарасу өзенінің арнасын ғғымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сондай-ақ, «РСП Эталон» ЖШС мердігерлік ұйымымен Р. Зорге және Майлин көшелеріні жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеубойынша жұмыстар жүргізілді.

«РСП Эталон» ЖШС мердігер ұйымымен С. Сейфуллин атындағы саябақты және Жұлдыз ықшам ауданындағы жаяу жүргіншілер жолын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстары аяқталды.

Бұдан басқа, Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармамен бірлесіп:

–гүлдер мен вазонов: Сейфуллин даңғылы (жаздықтар – 1115 м2, қыш құмыралар – 22 дана, гүлзарлар  – 3 дана орнатылды), Шолохов көшесі, Ержанов (жаздықтар – 373 м2, қыш құмыралар – 16 дана, арналған кранштейнге гүлзарлар – 27 дана орнатылды), ул. Б. Хмельницкий (жаздықтар – 241 м2 гүлзарлар орнатылды – 1 дана.), Майлин к-сі және Бұқтырма көшесі (жаздықтар – 1759 м2, канн - 1240 м2, раушан – 560 м2, қыш құмыралар – 23 дана), Сүйінбай даңғылы (жаздықтар – 1089 м2, қыш құмыралар – 19 дана) бойынша отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Аудан бойынша барлығы: жаздықтар – 4577 м2, канналар - 1240 м2, раушан – 560 м2, қыш құмыралар – 81 дана, кранштейнге арналған гүлзарлар – 30 дана отырғызылды.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен қайта жаңартуға үш саябақ (Шұғыла, Балалар шығармашылық үйі, "Даңқ" Әуежай саябағы), Тынышбаев көшесі бойындағы Балалар бағы, Маяк Тоғайы және Әуежай көлінде ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттама) әзірленуде.

Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасымен бірлесіп:

–1-2 кезең бойынша ұзындығы 18,1 шақырым 15 көшеге орта жөндеу жұмыстары мен 25 көшелеріне шұңқырлы жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстар орындалды.

Сейфуллин даңғылы бойынша жаяу жүргіншілерге арналған жолды ағымдағы жөндеу жұмыстары, сондай ақ, Аймауытов, Жас Қанат ықшам аудыны, Сейфуллин даңғылы Кассин көшесіне дейін жаяу жүргіншілер жолының құрылысы аяқталды.

Сейфуллин даңғылы, Ақан сері көшесіның қиылысына қайта жаңғырту бойынша жұмыстар аяқталды

Сондай-ақ «СМЭУ» ЖШС мердігер ұйымымен аудан бойынша 58 бірлік аялдама кешендерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Б. Хмельницкий көшесін (Шемякин көшесінен Жас Қанат ықшам ауданына дейін ұзындығы 2,2 шақырым) ұзарту бойынша жұмыстар аяқталды.

«Алонс» ЖШС мердігер ұйымымен Майлин көшесі (өзен М. Алматы), ұзындығы 330 м, көпірді қалпына келтіру бойынша жұмыстар аяқталды.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

Ауданда 1146 көппәтерлі тұрғын үй бар. Кондоминиум 118 үй бойынша рәсімделді, қазіргі уақытта «Өңірлерді дамыту-2020»  («Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын (ТКШ) жаңғырту») бағдарламасы аясында жоспардағы 22 көппәтерлі тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды (жалпы сомасы 253 млн.тг). 2018 жылға жоғарыда аталған бағдарламаға қатысу үшін 70 өтініш берілді.

Сондай-ақ, ПИК-тің қаражаты есебінен жалпы сомасы 17,5 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы сомасы 918 млн.теңгеге 80 аулаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта Түрксіб ауданындағы 150 ауланы абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Қарыз

01.12.2017 жылға халық бойынша дебиторлық қарыз - 112,065 млн.теңгені құрайды, ал 01.12.2016 жылға 124,37 млн.теңгені құрайды, қарыз 12,3 млн.теңгеге (9,8%). төмендеді.

Тұтынушыларды өшіру.

Түрксіб ауданы әкімінің аппаратымен құрамында жоғарыда аталған топтардың жеке тұлғаларды өшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 8 желтоқсан аралығында жұмыс тобымен келесі жұмыстарн жүргізілді:

Тексеру барысында 167,7 млн. теңгеге қарызы бар 7722 пәтер анықталды.

Сомасы 113,3 млн.теңгеге 3662 пәтер бойынша өшіру жүргізілді.

37348 пәтер 405,1 млн.теңгеге төлем жасады.

12843 пәтерде сомасы 108,5 млн.теңгеге рұсат жоқ.

142,0 млн.теңгеге 73655 сотқа дейінгі шағым берілді.

Сонымен қатар ПИК подъездерде, лифттерде тұратын борышкерлердің тізімін жасап жұмысқа үлестерін қосты.

Жұмыс осы бағытта жалғасуда.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша «Жас Қанат» шағын ауданында               5 қабатты (1652 пәтер) 47 тұрғын үй салу жұмысы аяқталды, аяқталу мерзімі           25 желтоқсан 2017 жыл. Тапсырыс беруші: Қазақ Ипотекалық Компаниясы.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Жас Қанат» шағын ауданында 9 қабатты (288 пәтер) 4 тұрғын үй салу жұмысы аяқталды, тапсыру мерзімі 2017 жылдың 25 желтоқсан айына дейін. Тапсырыс беруші: Алматы қаласы Құрылыс басқармасы.

Есептік кезең бойынша тұрғын үйді енгізу соммасы 16 млрд. 309 млн.теңгеге 170 277 м2 құрады.

«Жас Қанат» шағын ауданында ұзындығы 22 шақырымда жалпы соммасы 924,9 млн.теңгеге сумен жабдықтау және кәріз желілерін қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бітіру мерзімі: 2018 жылдың маусым айы. Тапсырыс беруші: Алматы қаласы Коммуналдық шаруашылық және Энергетика басқармасы. Бүгінгі күні сумен жабдықтау және кәріз желілерін төсеу 86 % құрайды.

 Әлеуметтік сала

Түрксіб  ауданы аумағында 28 243 зейнеткер тұрады, оның: ҰОС қатысқандар - 45,   ҰОС мүгедектері - 3,  тылда жұмыс істегендер – 2 277,  соғысқа қатысып жесір қалғандар - 1, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендер - 665,  Ленинград қамауында болгандар – 7,  концлагерь  тұтқынында болғандар - 6.

296 жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтар, оның ішінде 51 мүгедек және 245 қарттар аудан әкімінің аппаратындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету  3 бөлімшенің есебінде тұр.

2017 жыл басынан бастап аудан әкімімен бөлімдерімен, қызметтік бөлімшелермен, үкіметтік емес ұйымдармен халықтың әлеуметтік-қорғалмаған топтарын әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстар атқарылуда. Есептік кезеңде ҰОСҚ, тыл майданының қатысушысыларына, жалғысбасты және жалғыз тұратын азаматтарға, аз қамтылған отбасыларына қысты шығарып салу «Масленица», 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні және Наурыз мерекесі, Жеңіс күні және т.б.мерекелерге арналған қайырымдылық акциялары өткізіледі, оның ішінде: 4 кездесу «Жүрек жарды» (400 адам), қаладағы саябақтарды, мұражайларды және метрополитенді аралау бойынша  7 экскурция өткізілді,  «Арман» кинозалына барды (500 адам) 1600 зейнеткерлер арасынан мерейтой иелеріне арналған.

Аудан кәсіпкерлері мен ұйымдар басшыларымен көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек және жетім балалар үшін акциялар өткізілді.

·ағымдағы жылдың 25 мамыр мен 4 маусым аралығында 200 балаға арналған  «Юный домостроитель» балалар сауықтыру орталығында  балалар демалысы ұйымдастырылды;

·Ағымдағы жылы 30 тамызда «Мектепке жол» атты республикалық акция аясында 280 балаға тегін мектепке қажетті заттармен сөмкелер таратылды. 

2017 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 3 264 адамға әлеуметтік көмек көрсетіліп, 89,9 млн. тг. көлемінде төлем төленді.   Сауықтыру демалысына  және емделуге 555 зейнеткер жеңілдік жолдамасын алды.

Аудандағы 72 мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге 6 348 бала қабылданды, алдыңғы жылмен 793 балаға көп (2016 жылмен салыстырғанда – 5912 бала).

2017 жылдың қаңтар айынан бастап 15 мектепке дейінгі жекеменшік балабақшада 478 орын ашылып,  мемлекеттік білім беру тапсырысымен 365 бала қабылданды. Оның ішінде:

·       11 шағын орталық толық күнмен – 415 орын;

·       4 шағын орталық толық емес күнмен - 63 орын;

 Барлығы 111 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлердің инвестициялық салыным сомасы 97,3 млн. теңгені құрады.

28 жалпы білім беру мектептерінде  жоба бойынша 21 910 орындарында 28 067 оқушы оқуда (2016-2017 жылдары 26 490 оқушы).

Ауданда ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары және  сейсмикалық күшейтумен қалпына келтіру жұмыстары жасалды:

·       №71 лицей (Стахановская көшесі,23);

·№20 мектеп (Герцен көшесі,154), №106 (Фучик көшесі,44), №162 (Сүйінбай даңғылы,207).

·№9 қалалық емхана (Шолохов көшесі,9);

·Алтай ы/а туберкулезге қарсы диспансер;

·№ қалалық клиникалық аурухананың бұрынғы ғимараты (Папанин көшесі,220).

Ауданда 11 денсаулық сақтау нысандары орналасқан, оның ішінде 7 қалалық емхана (ҚЕ №№9,13,19,20,24,28,32) және 4 стационарлық мекеме (№4 ҚКА, Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер, №4 перзентхана, темір жол ауруханасы).

Жұмыс тобымен ауданның 49 кәсіпорынында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін ендіру туралы түсіндірмен жұмыстары жүргізіліп (3 222 адам қамтылды) және 181 кездесу өткізілді (150 000 адам қамтылды).

Рухани жаңғыру

Түрксіб ауданында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы оның ішіндегі «Атамекен» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2017 жылы жеке инвесторлар есебінен бірқатар жобалар іске асырылды, оның ішінде:

-        478 орынға арналған 15 жеке балабақшалардың ашылуы;

-        5 балалар спорт алаңдары;

-        «Юный домостроитель» балалар сауықтыру орталығына 200 балаға арналған көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек және жетім балалар үшін демалыс ұйымдастырылды;

-        «Мектепке жол» акциясы барысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыдағы 280 балаға тегін мектепке қажетті заттармен сөмкелер таратылды;

Сонымен қатар, Жеңіс күні мен Қарттар күніне арналған еңбек және соғыс ардагерлеріне Алматының көрікті жерлеріне 7 экскурсия өткізілді.

 «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында ағымдағы жылы ауданда 918,7 млн.тг соммасына 80 аула аумағы абаттандырылды.

2018 жылы 50 аула аумағына абаттандыруды өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2018 жылға ауданның мектеп түлектерімен форум өткізу, буккросинг байланысын, авиомодельдік спортты, робототехниканы, спорттық бағдарлауды, Кеңес Одағының Батырлары, Халық Қаһарманы атындағы көше мерекесін және аға буын үшін мәдени демалысының дамуымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 11-ден астам жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

 

Мәдениет

2017 жылдың 12 айлық есебі бойынша ауданда 38 150 адамның қатысуымен  89 мәдени-бұқаралық  және спорттық іс-шаралар өткізілді. Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 28 іс-шара, адам саны 31 480, спорттық іс –шара 45, адам саны 5170, мемлекеттік тілді насихаттауға арналған 16 шара 1500 адамның қатысуымен өткізілді. 

 Құқықбұзушылық және қылмыстың алдын алу

Жыл басынан «Безопасный двор» бағдарламасы бойынша аудан аумағында 4126 бейне бақылау камерасы оның 978 тұрғын үйлердің кіре берісінде ораналастырылды.

          Есептік кезең бойынша инспекторлар полициялар көмегімен 9142 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Жалпы салынған айыппұлдардың сомасы 69,7 млн, 34 млн.теңге өндіріп алынды.

          Жыл басынан бері 5146 қылмыс тіркелді, қылмыстың ашылу деңгейі 34,1 %.

 2018 жылға қойылған міндеттер:

Алматы қаласының 2016-2020 жылдардағы даму бағдарламасы аясында әкімшілік өз алдына тұрғындардың және қала қонақтарының жайлы өмір сүруін нақты мақсат етіп қойды.

Әлеуметтік саладағы нысандардың әлеуетін кеңейту үшін Жас Қанат ы/а        280 орынға арналған балабақша ашу, мүгедектерге арналған психоневрологиялық интернат үйі, №1 жедел-жәрдем станциясы, №4 перзентханаға қосымша құрылыс жұмыстары қарастырылған. Сондай-ақ Колхозшы ы/а 600 орынға арналған мектеп салу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Сонымен қатар, №61 мектептің және Алтай ы/а отбасы-дәрігерлік амбулаториясының қосымша құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және түзету, №49 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жұлдыз ы/а кәмелетке толмаған балалар бейімделу орталығында сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Аудан аумағына инфрақұрылымды жақсарту мақсатында Қайрат, Колхозшы, Әлмерек ықшам аудандарында магистральдық сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу, сонымен қатар Жас Қанат ы/а канализациялық сорғы станциясының (КСС) құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Биылғы жылы газдандыру бойынша сомасы 416,9 млн.тенгені құрайтын ұзындығы 36,2 шақырым құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

2018 жылы Сүйінбай көшесін Шолохов көшесінен Б.Хмельницкий көшесіне дейін кеңейтіліп, солға бұрылу жолы салынады.

Магистральді (Р.Зорге көш. – Шолохов көш.бастап Алматы-1 темір жол вокзалына дейін, Майлин көш. – Хмельницкий көш.бастап ВАЗға дейін, Осипенко көш. –№35үйден жаңа асфальтқа дейін) және жергілікті маңызы бар жолдарға (Ақан Сері көш.бастап №115/4 үйге дейін, Красногорская көш.бастап аяғына дейін, Сүйінбай көш. - №263/2 үйден Элеваторская көш.дейін, Станкевич көш. –Аймаутов көш.бастап Шолохов көш.дейін, Ровенского көш. – Бехтерев көш.бастап Сейфуллин даңғ.дейін, Глазунов көш. –№6 үйден бастап №54 үйге дейін)ұзындығы 5,4 шақырым болатынорташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Сондай-ақ сомасы 20,5 млн.тенге болатын 2 жерасты өткеліне күрделі жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу.