A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Біздің аудан
  • Алматы қаласы Түрксіб ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға қойылған міндеттері
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Алматы қаласы Түрксіб ауданының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2019 жылға қойылған міндеттері


Түрксіб ауданы 1938 жылы құрылған. Ауданның аумағы 75,7 шаршы шақырымды құрайды, халқы 233 мыңнан аса.

Ауданда 24 678 жекеменшік, 1 173 көпқабатты тұрғын үйде 27 692 пәтер бар; 7 552 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 6 989 ШОБ (шағын орта бизнес өкілдері);10-базар, 28- жалпы білім беретін мектеп,                              (2 жекеменшік), 1 жоғары оқу орыны, 95-мектепке дейінгі білім береу мекемесі (22 мемлекеттік), 7 емхана, 5-аурухана(оның ішінде перзентхана),                 24- діни бірлестік, 1-театр, 5 -кітапхана, 3-стадион.

2018 жылдың 11 айдың қорытындысы бойынша өндірістің көлемі 139,2 млрд. теңгені құрады, өсу қарқыны – 123,1 пайыз (2017 жылы 113 млрд. теңге.).

Өнеркәсіптің НКИ– 102,4 пайыз, қаланың НКИ - 102,8 пайыз.

Еңбек өнімділігі 3 млн. теңге немесе 125 пайыз 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ( 2,4 млн. теңге).

Инвестиция салымының көлемі 43,6 млрд. теңге немесе 79,9% (2017 жылдың сәйкес кезеңімен 52,8 млрд. теңге).

Орташа айлық жалақы өткен жылдың талдау кезеңімен салыстырғанда 177 674 теңге немесе 106,9 пайызды құрады (2017 жылы –166 241 теңге.).

2018 жылы 3 671 жаңа жұмыс орыны құрылды немесе жоспардан 122,4 пайыз(3000). Олардың ішінде 209- өнеркәсіп, сауда – 844, көлік және байланыс – 512, білім беру – 242, денсаулық сақтау – 254, құрылыс – 583 және басқа да – 1 027.

2018 жылыдың 11 айының қорытындысы бойынша жеке тауар айналымының көлемі 206,7 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 91,5 пайыз ( 210,8 млрд. теңге).

Тауар айналымының көтерме көлемі ағымдағы жылы 768,3 млрд. теңге немесе өткен жылмен салыстырғанда 103 пайызды құрайды ( 745,2 млрд. теңге).

Ауданда 2016 мен 2018 жылдар аралығында мемлекеттік «ДКБ-2020» бағдарламасы бойынша жалпы құны 34,8 млрд. теңгені құрайтын 56 жоба бар 42 кәсіпорын 580 жаңа жұмыс орнын құруға қатысады. Субсидияның көлемі 6 миллиард теңгені құрады.

Оның ішінде 2018 жылы 331 млн. теңгені құрайтын 7 жобасы бар 4 кәсіпорын бар.

Салықтар және бюджет

2018 жылдағы салықтың болжамы – 74,5 млрд. теңгені құрады, (РБ – 48,0 млрд. теңге, ЖБ – 26,5 млрд. теңге). жылдық қорытындысы бойынша 78,2 млрд. теңге түсті немесе жоспардан 105 пайыз (РБ – 50,5 млрд. тенге, ЖБ –27,7 млрд. теңге).

2018 жылдың нақтыланған жоспары 8 196 603,0 мың теңгені құрайды және100,0 пайызда игерілді.оның ішінде:

-  аппарат басқармасын қамту    198 431,0 мың тенге;

-   мемлекеттік органның капиталдық шығыны 38 238,0 мың тенге;

-    елді мекендегі көшелерді жарықтандыру 635 645,0 мың тенге;

-    мерекелік іс-шараларды өткізу 15 000,0 мың тенге;

-    елді-мекенді санитарлық қамтамасыз ету 1 067 637,0 мың тенге;

-    елді-мекенді көріктендіру және көгалдандыру 268 828,0 мың тенге;

-    кіші Алматы өзенінің арнасын ағыдмағы жөндеу 73 081,0 мың тенге;

-    вокзал маңындағы саябақты ағымдағы жөндеу 91 504,0 мың тенге;

-  100 аула аумағын күрделі жөндеу   3 112 505,0 мың тенге;

-   3 жерасты өткелін күрделі жөндеу 272 766,0 мың тенге;

- 2019 жылға аула аумақтары мен жаяу жүргіншілер жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ведмоствадан тыс сараптаманың тұжырымдамасын алу және ЖСҚ (жобалық сметалық құжат) дайындау 109 200,0 мың тенге;

-        Бұқтырма көшесі бойынша табиғи сипаттағы ТЖ жою 800 000,0 мың тенге;

-        Мемлекеттік білім беру бағдарламасындағы тапсырманы жүзеге асыру 1 513 768,0 мың тенге.

Көріктендіру және ТКШ жаңғырту

Сыртқы жарықтандыру желілерін күтіп ұстау «Алматы Қала Жарық» МКМ Мердігер ұйымымен жүргізіледі. Ауданда 377 көшеде қашықтығы 458,2 шақырымды құрайтын 13 496 жарық көздері, және сыртқы жарықтандыруды басқаратын 157 шкаф бар.

Сыртқы жарықтандыуды жаңғыртуға және жаңа жарықтандыру жолдарын салуға 271 202 мың. теңге бөлінді.Қазіргі танда Бұқтырма және Майлин көшелерінде сыртқы жарықтандыру бағаналары ауысып, жалпы саны 438 дана жаңа светодиоттышамдар қойылды.

Сонымен қатар «Жас- Канат» ықшам ауданы, Кайрат ықшам ауданы, Рыскулов көшесі, РВ-90, Красногорск, Суонио, Новокузнецк, Поддубный көшелерінде сыртқы жарықтандыруды қалпына келтіріліп, Альмерек ықшам ауданы сыртқы жарықтандыруға қосылды.(132 дана шам қойылды).

Ауданның жоғарғы бөлігіндегі қалалық және аудандық маңызы бар 42 көше, ұзындығы 90 шақырым, 161 қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілерге арналған ұзындығы 91 шақырымды құрайтын 34 көше және 20 көше бойынша қашықтығы 57 шақырымды құрайтын арық желісін тазалауды және күтіп ұстауды «Алматы Тазалық» МКМ мердігер ұйымы жүргізеді.

Ауданның төменгі бөлігіндегі қалалық және аудандық маңызы бар, ұзындығы 89 шақырымды құрайтын 83 көшені, ұзындығы 23 шақырым        14 жаяу жүргіншілер жолын және 39 қоғамдық көлік аялдамаларымен 3 көше бойынша арық желісін күтіп және тазалауды «Алматы Дормеханизация» ЖШС мердігер ұйымы жүргізеді

Жергілікті маңызы бар қашықтығы 230,8 шақырым 287 көшені және 27,8 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған 41 көшені, қашықтығы               13 шақырымды құрайтын 12 көше бойынша арық желісін тазалау жәнекүтіп ұстауды «КМС ГРУПП РК» ЖШС мердігер ұйымы жүргізеді

«Мамедов С. Т»ЖК жасыл желектерді санитарлық кесу және қырқу бойынша жұмыстарды жүргізуде, жоспар бойынша кесу 3 000 бірлік, , қырқу бойынша 400 бірлік ағаш кесу толық орындалған. Сонымен қатар Сүйінбай даңғылы, Шолохов көшесі, Боролдай көшелеріндегі 3 жер асты, Майлин, Сүйінбай көшесіндегі 4 жер үсті өткелдерін күтіп ұстау мен қамтамсыз ету жұмыстарын жүргізеді.

4 АОӨК СҚҚ-3 мердігер ұйымымен бұрын егілген 4 383 бірлік ағаштарды күту және қосарланған 11 200 ағашты қалыптап кесу жұмыстары жүргізіледі.

«ЗараГранд» ЖШС мердігерлік ұйымымен, жасыл желектерді қорғау 61,6 га бойынша жұмыстар атқарылды.

2018 жыл бойынша Түрксіб ауданында 30 ға жуық сенбілік және Баум тоғайында 2 қалалық сенбілік өткізілді, тоғайда 20 отыратын орын, 25 жол сілтемелері және жасыл желек отырғызылды. Сонымен қатар күнделікті бақылауға арналған 4 полиция бөлімшелері орнатылып және 140 ескі қоқыс жәшіктері ауыстырылды.

«NFK Group» ЖШС мердігер ұйымымен 8,6 га құрайтын 11 сквер және 2 саябақты, бөлу жолақтары мен басқа да жасыл аймақтарды күтіп ұстау жұыстары жұргізіледі.

Ағымдағы жылы «Вокзал алаңындағы» А.Жангелдин атындағы саябақта «Ладомир Строй» ЖСШ-тік мердігер ұйымымен жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар Балалар саябағы және Ауған, Буденный скверлері тағы да Әуежай көлінің жағалауын, Шолохов көшесінің қиылысын жаяу жүргіншілерге арналған жол жасау жоспарланып отыр.

«Еңбек- Өскемен» ШЖК-РМК мердігер ұйымымен Боролдай көшесі, Шолохов көшесі және Сүйінбай даңғылындағы жол асты жаяу жүргіншілер өткелілерінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Төтенше жағдайды және сел жүру кезеңінде су тасқынын алдын алу, сондай –ақ су қорғау белдеуін абаттандыру мақсатында. Бұқтырма көшесі бойындағы «Әуежай» көліне гидротехникалық құрылымда апаттық-жөндеу жұмыстарын жүргізу мен табиғи сипатта төтенше жағдайды жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

Әуежай көлінің жаяу жүргінші өткелінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, балаларға арнап ойын және спорт, футбол алаңы салынды.

Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірлесіп ЖШС «Высотник» мердігер ұйымымен Рысқұлов даңғылынан Менжинский көшесіне дейін 3,5 шаршы шақырымды құрайтын «Бас Қарасу» өзені жағалауын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Жобада 4 жаяу жүргінші өткелі мен балалар ойын алаңы салыну көзделуде.

Өзенінің беткейлерін, түбін және жағалауларын нығайту, өзенді тереңдету және кеңейту жұмыстары Коммунаров 1, 1а және Коминтерна көшесі қиылысы, Беляков көшесі 21, 26, Якубов көшесінің тұрғын үйлерді су басудың алдын алады. Сондай-ақ Новосибирск көшесінен бастап Якубова көшесіне дейін 2,5 шаршы шақырым «Кіші Алматы» өзенінің беткейлерін, түбін және жағалауларын нығайту арқылы өзенді тереңдету және кеңейту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«Кіші Алматы» өзенінің беткейлерін, түбін және жағалауларын нығайту өзенді тереңдету және кеңейту жұмыстары Рысқұлов даңғылынан бастап Волочаевский көшесінің бойымен Айша Бибі ықшам ауданы соңына дейін жасалды, және де екі автокөлік өткелі қалпына келтірілді.

Алматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар басқармасымен ағымдағы жылы қашықтығы 9,5 шақырымды құрайтын        14 көше жөндеу жұмыстарынан өткізілді олар: (Зорге,. Осипенко, Станкеевич, Ақан Сері, Красногорски, Сүйінбая даңғылы қиылысы, Ровенскі, Глазунов, Кировоградски, Майлин, Щербаков, Соболев, СМУ кенті, және Захаров, Иванов көшелері).

15 көше бойында (Сейфуллин даңғылы, Толстов көшесі, Огарев, Котельникова, П. Коммуны, Чернышевски, Шымкент, Стахановскі, Буденный, Лавренев, Чехов, Закарпатски, Спартака, Станкеевич және Жулдыз ықшам ауданы) қашықтығы 6,5 шақырымды құрайтын жаяу жүргіншілер жолы салынды.

2019 жылғаАлматы қаласының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар басқармасына жөндеу жұмыстары бойынша қашықтығы                  24,9 шақырымды 39 көше және жаңадан қосылған елді мекеннің 17 көшесі бойынша хат жолданды.

Ағымдағы жылы Сүйінбай даңғылы Элеватор көшесінің қылысын кеңейту жұмыстары жоспарлануда және де Алматы қаласының табиғии ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасына өзендердің беткейлерін, түбін және жағалауларын нығайту өзенді тереңдету және кеңейту жұмыстары бойынша және қашықтығы 22,3 шақырым арық желісін салуға хат жолданды.

2019 жылы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы бойынша 140 млн.тенге 17 көпкабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. 50 КТҮ (көп қабатты тұрғын үй) күрделі жөндеу жұмыстарын жөндеу жоспарлануда.

Бұдан басқа әлеуметтік жауапты бизнес аясында мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі 15 КТҮ (көп қабатты тұрғын үй) алдына жөндеу жұмыстарын жүргізді.

 ПИК жеке қаржысы есебінен жалпы сомасы 14,3 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2018 жылы жалпы сомасы 3 112 505,0 мың.теңгеге 130 аулаға көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Мұнда балаларға арналған заманауи ойын кешендері және көше жаттығу құрылғылары орнатылды.

2019 жылы жалпы сомасы 4 646 586,0 мың.теңгеге 150 аулаға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

«Кедергісіз тұрғын үй» бағдарламасын жүргізу кезінде азаматтарға заң жағынан қолдау көрсетіп және кеңес беріледі. Қазіргі кезде ауданда заңсыз салынған 350 үй құрылысы есепте тұр. Олардың ішінде 205 үй сот арқылы заңдастырылса, 26 үй соттың қарауында. Қалған 119 үй заңдастыруға дайындалып жатыр.

Инжинерлік желілер:

Газбен жабдықтау

Түрксіб ауданындағы газ желісінің ұзындығы 259 шақырымды құрайды, 24 678 жекеменшік тұрғын үй бар. Оның ішінде 23 193 үй газбен қамтамасыз етілді. Газбен қамтамасыз етілмеген үйлердің саны – 1 485 үйлер. Энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасымен газбен қамтамасыз етілмеген үйлер бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді және әрі қарай іске асырылуы бойынша «ҚазТрансАймақ» АҚ жіберілді.

Қазіргі уақытта магистральді желілерге құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілуде, тапсырыс беруші «ҚазТрансАймақ» ЖШС, мердігер ұйым «ТАПС» ЖШС, Әлмерек шағын ауданында -1100 үй, Закарпатская көшесінде – 70 үй, барлығы 1 170 үй. 246 үйге магистральді желілердің құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қажет.

 

  «АЖЖЭ» ЖШС аймағы бойынша

Келесі мекен-жайлар бойынша 3 қазандықтар құрылып қолданысқа енгізілді:

-       «Сүйінбай,667» қазандығы – Сүйінбай даңғылы бойынша №671         (57 пәтер), 669 (48 пәтер), 667 «б» (49 пәтер), 667 (12 пәтер) тұрғын үйлерді жылытады, барлығы:4 үй,166 пәтер;

-    «СМУ 15» қазандығы – СМУ №14,15 тұрғын үйлерді жылытады, барлығы 2 үй,32 пәтер;

- «Сүйінбай,437а» қазандығы – Сүйінбай даңғылы бойынша № 437а,б тұрғын үйлерді жылытады, барлығы 2 үй, 16 пәтер.

 Жалпы есептегіш құрылғыны құру бойынша

 Барлығы 1 173 көпқабатты тұрғын үйден 538 жалпы есептегіш құрылғы құрылды, оның ішінде 49 үй бас тартты және 586-да техникалық мүмкіндік жоқ (508 ескі, 78 тиімсіз).

  СШЭК «АЖЖ» ЖШС аймағы бойынша

 Жылу желілерінің жалпы ұзындығы 130,9 шақырымды құрайды, желілердің тозуы – 100,1 (76,5%) шақырымды құрайды.

 Электрмен жабдықтау

Электр желісінің ұзындығы -734 шақырымды құрайды, оларға 528 трансформаторлық қосалқы станция қызмет көрсетеді, оның ішінде 9,2% (67,8 шақырым) өз пайдалану мерзімін атқарды.

Әлмерек шағын ауданының электрмен жабдықтау желісінің ұзындығы – 10 шақырым, Колхозшы ш.а.-8 шақырым, Қайрат ш.а. -8,5 шақырым. Бүгінгі таңда «Қауымдастырылған елді мекендерді электрмен жабдықтау, «Тұздыбастау» қосалқы станциясының және электр беру желілерінің құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасымен әзірленуде.

 Сумен жабдықтау.

Сумен жабдықтау желісінің ұзындығы -530,73 шақырымды құрайды, оның ішінде 62% (330,0 шақырым) өз пайдалану мерзімін атқарды.

 «Жас Қанат» ш.а. жалпы сомасы 924,9 млн.теңгеге ұзындығы              22 шақырым су құбыры мен кәріз желілерін құру бойынша жұмыстар аяқталлды.

«Жас Қанат» ақшам ауданындағы   9 көшедегі инженерлік желілердің төсемін «Алонс» ЖШС мердігер ұйымы қалпына келтірді, қалған 9 көшені «Горстрой» ЖШС жасады. Қазіргі уақытта асфальтбетонды төсеу бойынша жұмыстар толығымен аяқталды.

Қайрат ш.а. 20,7 шақырым ұзындықты құрайтын сумен жабдықтау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Тапсырыс беруші энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасы, «Алвис» ЖШС мердігер ұйымы. Қазіргі уақытта 8 шақырым төселді. Аяқталу мерзімі         2019 жылдың 4 тоқсаны.

Колхозшы ш.а. соммасы 1 000 000,0 мың теңгеге су құбыры мен кәріз магистральді желілерінің құрылысы, Әлмерек ш.а. соммасы 1 104 444,0 мың теңгеге су құбыры мен кәріз магистральді желілерінің құрылысы, соммасы 1 000 000,0 мың.теңгеге Сейфуллин даңғылы, Солтүстік айналым, Рысқұлова, Боралдай даңғылы көшелері аумағындағы кәріз тарату желілерін құру және қолданыстағы су құбыры желілерін қайта құру жоспарлануда.

 Сондай-ақ, Пятилетка аумағында су және кәрізбен жабдықтау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

 Сонымен қатар, Түрксіб ауданында соммасы 39 265,0 мың.теңгеге КСС алаңын коллекторға дейін кәріз сорғы станциясын және 2 кәріз қысым коллекторын салу әзірленеді.

  Берешектер.

2017 жылдың 1 желтоқсан айына дебиторлық берешек 186,7 млн теңгені құрады, 2018 жылдың 1 желтоқсан айына берешек 133,5 млн.теңгені құрады, берешек 53,2 млн.теңгеге 28% азайды.

Әлеуметтік жауапкершілік.

Күнделікті негізде әкім аппаратымен, үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесе халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары жүргізіледі. «Колхозшы» шағын ауданында мердігер ұйымымен аз қамтылған отбасылар үшін жеңілдік бағамен үйлерге газбен қосылу жүргізілді. Сонымен қатар, тұрғындардың көпшілік өтініштеріне байланысты 340 п.м. ұзындыққа су құбыры желілерді апаттық ауыстыруына бөлім тарапынан көмек көрсетілді (Огарев, Ержанов, Ш.Руставели, Баймағамбетов, Федосеев көшелері).

   Әлеуметтік сала

Түрксіб ауданында 28 636 зейнеткер тұрып жатыр, оның ішінде 29 Ұлы Отан соғысының ардагерлері (соның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері - 2), тыл ардагерлері – 2 059, ҰОС және мүгедектеріне теңестірілгендер - 649, бұрынғы қоршауда болған Ленинград тұрғындары - 6, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерліктер - 5.

Аудан әкімінің аппаратында, үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша үш бөлім, 290 жалғыз және жалғыз тұратын азаматтарға (оның ішінде 50 мүгедек) қызмет көрсетеді.

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында әкімдіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс жүргізілді. Есеп беру кезеңінде                                        45 қайырымдылық іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде республикалық акция аясында « Мектепке жол» 300 балаға мектеп құралдары тегін берілді.

«Я Алматинец» қоғамдық ұйыммен бірлесе отырып «Мейірімді істер саясаты» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларынан шыққан 850 балаға Алматы және Алматы облысының ойын- сауық және демалыс орындары көрсетілді. Сонымен қатар 330 жалғыз басты зейнеткерлерге азық-түлік себеттері беріліп, 15 аз қамтылған отбасыларына көмір тотығы газынан сақтау датчиктері орналастырылды.

«Қарттар жылына» арналған іс-шараларға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін «Күміс Ғасыр» қоғамдық қорымен бірге, зейнеткерлік жасына жеткен адамдарға, күндізгі көмек көрсету орталығы                 56 орынға ашылды (Потанин көшесі, 247а). Сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде, мүгедектігі бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту орталығы «Мейірім»»жеке қоры, 60 орынға қабылдауды өз жұмысын жалғастырды (Ахан Сері көшесі, 154).

 2018 жылдың қаңтарынан бастап аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 3 554 адамға жалпы соммасы 129,1 млн. теңге әлеуметтік көмектер төледі.

441 зейнеткер емделу мен сауықтыру орындарына жеңілдікпен жолдама алды.

Анықтама:

- 14,4 млн.теңге мөлшерінде аз қамтылған 71 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды;

- 1 649 зейнеткерге әлеуметтік көмек 51,9 млн теңге мөлшерінде

төленді

- біржолғы әлеуметтік көмек 862 аз қамтылған азаматтарға 18,1 млн.теңге төленді;

- табиғи апат, өрттің нәтижесінде немесе азаматқа(отбасына )мүліктеріне зиян келтірумен байланысты біржолғы әлеуметтік көмек 3 адамға 505,0 мың теңге төленді;

- 262 аз қамтылған отбасыларға (364 отбасы мүшелері) 5,5 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді;

- үйде мүгедек балаларды тәрбиелейтін және оқытып тәрбиелейтін 167 отбасына 5,6 млн. теңге көлемінде жәрдемақы төленді;

- ыстық және суық су үшін жеке есептегіш құралдарды сатып алуға, орнатуға немесе салыстыруға арналған өтемақы үшін әлеуметтік көмек 83 адамға 796,9 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

- 28 соғыс ардагерлеріне (ҰОСА, ҰОСМ) 3,9 млн. теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілді;

- амбулаториялық емдеу кезінде туберкулезбен ауыратын 98 адамға әлеуметтік көмек 14,0 млн. теңге сомасында.көрсетілді.

Ауданның 95 мектепке дейінгі мекемелерінде 6 893 бала тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл көрсеткіш былтырғы 2017 жылдың 6 365 бала санымен салыстырғанда 528 балаға артық.

оның ішінде:

22 Мемлекеттік - 4 016 бала;

40 жеке меншік-1 729 бала;

33 шағын орталықта-1 148 бала.

2018 жылы 798 орынға дейін 25 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер ашылды, 320 бала мемлекеттік тапсырыспен орналастыру бойынша, оның ішінде

- 565 балаға 17 балабақша;

- 233 орынға арналған 8 шағын орталық.

148 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлердің салған инвестицияларының жалпы сомасы 70,0 млн. теңгені құрады.

Аудан аумағында 26 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп орналасқан. 2018 жылы ҰБТ – ға 571 түлек қатысты, орташа балл-109, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 11 балға жоғары, - 98 ұпай. Үздік оқығаны үшін 40 түлек "Алтын белгі" белгісімен (2017 жылы - 16), үздік аттестат 69 түлек (2017 жылы – 52) марапатталды.

Ауданда 12 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, оның ішінде      7- қалалық емхана (МК)№№9, 13, 19,20, 24, 28, 32) және 5 стационарлық мекеме (№4 ҚКБ, ауданаралық тубдиспансер, №4 перзентхана,                     Т/ж ауруханасы, онкоцентр). Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап    №4 ҚМК 2 қабатты ғимаратында сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеуден кейін "Алматы қалалық Онкологиялық орталығы" ШЖҚ МКК 170 орынға, 250 адам күніне қабылдап, жұмыс атқарды.

2019 жылы 4 әлеуметтік сала нысанын іске қосу жоспарланып отыр.

- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 2-ші Остроумов к-сі, РВ-90, 360 орындық;( жұмыстың аяқталу мерзімі 2019 ж. қаңтары)

- №4 перзентханаға қосымша корпус;( жұмыстың аяқталу мерзімі 2019 жылдың наурыз айы)

- отбасылық-дәрігерлік амбулатория №32 Алтай-1 ш.а, ауысымына қабылдауы 100 адам (жұмыстың аяқталу мерзімі-2019 жылдың ақпаны.);

- Жас Қанат шағын ауданындағы 280 орындық балабақша (жұмыстың аяқталу мерзімі-2019 жылдың наурызы.).

Жобалық сметалық құжаттамалардың әзірленуі

- сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу №86 балабаша ( Сүйінбай даңғылы, 465) және фтизиопульмонология орталығы ( Остроумов к-сі,45а)  

- қосымша құрылысқа №61 орта білім беру мектебі ( Л.Толстой к-сі,20)

- қосымша құрылысқа №32 қалалық емхана ( Монтажная к-сі,33 )

Құрылыс

-Жас қанат шағын ауданында 280 орынға балабақша

- Колхозшы шағын ауданында 600 оқу орнына арналған жалпы білім беретін мектеп

Жобалық сметалық құжаттамаларды түзету

- сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу №49 жалпы білім беретін мектеп ( Кассин к-сі, 47).

 Мәдениет

12 айлық есеп бойынша ауданда 49 500 адамның қатысуымен 159 мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізілді. Олардың ішінде: Мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған 94- іс-шара, адам саны 40 500, спорттық іс –шара 50, адам саны   8 500, мемлекеттік тілді насихаттауға арналған 15 шара, 500 адамның қатысуымен өткізілді.

 Мемлекеттік қызметтер

2018 жылы ауданда 11 467 азаматтық хал актілері тіркелінген. Салыстырмалы 2017 жылы-11 047, өткен жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артқан.

2018 жылы барлығы 16 850 мемлекеттік қызмет көрсетілген:

Электронды Үкімет порталы арқылы-3 993;

Мемлеткеттік корпорация арқылы-10202;

Мемлекеттік орган арқылы тікелей-2655.

 Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу

2018 жылы құқық бұзушылықтар бойынша жалпы ашу 39,0% (2017 ж.38,8%), қылмыстар бойынша 35,8% (2017 ж. 34,1%), теріс қылықтар бойынша 95,4% (2017 ж. 98,6%), ауыр және аса ауыр қылмыс түрлері бойынша 53,8% (2017 ж. 63,3%) құрады.

Тіркелген қылмыстардың жалпы санынан 4 457 – криминалдық сипаттағы, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 4 660 тіркелген, тіркеу төмендеуі 4,4% құрайды.

Теріс қылықтар саны-297, өткен жылдың ұқсас кезеңінде-378, төмендеу 21,4% құрады.

2018-2020 ж.ж. бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы іс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қоғамдық орындарда, тұрғын кварталдарда, жолдардың қауіпті аймақтарында бейнебақылау жүйесі орнатылуда.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 105 қылмыс ашылып, 153 құқық бұзушылық анықталды. ( бейнебақылаумен 995 үй жабдықталды, онда 4 408 бақылау камерасы орнатылды).

Әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау желісі бойынша 8 039 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.(2017 жылы 8 200).

2018 жылы салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы            26 656,2 мың.теңгені құрады.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру мақсатында 2018 жылдың сәуір айында "Mart" сауда ойын орталығы аумағында "Адал жол – Честный путь" атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы 300 адамды қамтитын марафон өтті.