A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Біздің аудан БІЗДІҢ АУДАН



Неден басталды?


  1935 жылдың 29-наурыз күні республикалық бірлестік болып табылатын Алматы облысының әкімшілік-аумақтық бірліктің құрамынан өз бетінше Алматы қаласы болып бөлініп шыққан болатын.

Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының ОСК Төралқасының 1936 жылдың 12-қыркүйегіндегі Шешімімен Алматы қаласында 3 аудан құрылып және Пролетарлық (біздің болашақ) ауданның шекарасы бекітілді.  1938 жылдың 8-сәуірінде Қазақстанның ОК ПК (б) «Жаңа Қағандық ауданын құру туралы» шешім қабылданды.

1938 жылдың 19-сәуірінде қалалық кеңестің төралқасында ауданның аумақтық шекарасы бекітіліп және Алматы-1 бекетінің орталығынан тағы бір Қағандық ауданы құрылды.

Ауданның солтүстік жағынан қазіргі кездегідей Алматы облысы Іле ауданы, батыс жағынан Шапай колхозының жерпайдалануы, оңтүстік жағынан Ленин колхозы, Заря Востока, Боролдай, Өжет, ХОЗУ ЦИК и СНК бақшалық-жылыжай шаруашылығы, фирмазауыты; ауданның солтүстік жағынан қазіргідей Алматы облысы Іле ауданы көршілес болды, шығыс жағын – Алматы-1 бекетіне қарай төселген тас жолы, және Баум тоғайының оң түстік жағының соңындағы Попов көшесіндегі арық өткелінің соңы және «Луч-Востока» және «Горный Гигант» колхоздарының шекарасы бойынша Кіші Алматы өзеніне дейін.  

7 штаттық бірліктен аудандық кеңестің аппараты бекітілген болатын. Ауданның бірінші басшысы Г.Д.Литовченко болды. Ол ауданды соғыс жылдарында да басшылық етті.  

Қағандық ауданы құрылған сәттен бастап мына елдімекендер құрамында болды:    

1. Алматы-1 бекетінің орталық кенті;

2. 1 және 2Муравьевка кенті, Долинский, Октябрьский, Овражный, Привокзальный, Пятилетка Турксиба, Железнодорожный, Красно-Октябрьский, Элеваторский, Механикалық зауыт, Совхозный, Пролетаровка;

3. Түрксібтің жұмыс жабдықтаушы бөлімі; 4.Әуежай ;

5. Наркомместпромның кірпіш зауыты

6. Түрксібтің кірпіш зауыты;

7. Аэродром;

8. Авиамастерлері;

9. Қант зауытының құрылысы;

10. Түрксіб колхозымен  Фрунзе ауылдық кеңесі, Қара-Су, Парижская Коммуна және Красный трудовик.

1939 жылы жергілікті билік органдары бірінші сайлауды өткізді:

Жалпы саны 29 мың адам болатын 4 сайлау округі бекітілген болатын.

1940 жылдың 27-ақпанында атқарушы комитеттің мәжілістерінің бірінде ауданға 280 орындық мектептің (№31 ЖББМ) құрылысына жер бөлу туралы шешім қабылданды.

1940 жылдың 5-қазанында Қазақстанның Алматы қалалық комитет және  (б) Орталық Комитетпен (б) ҚазКСР СНК қалалық атқарушы комитетінің еңбекші депутаттардың жанындағы саябақтарды басқаруды енгізуге өтініш беру туралы шешім қабылданды. Саябақ 1939 жылы теміржолшылар құрылысының жалпықалалық әдісімен құрылған. Осы қаулымен Алматы қалалық комитет және  (б) Орталық Комитетпен (б) ҚазКСР СНК-не ауданда 500 орындық кинотеатр салудың құрылысын 1941 жылдың жоспарына енгізу туралы өтініш білдіріледі.

Сонымен қатар Алматы қалалық еңбекші депутаттардың қалалық кеңесінде ауданға жедел жәрдем көлігін бөлу, Элеваторлық кентінде және Түрксіб Пятилеткасында жалға алған жеке үйлердің ғимаратында екі азық-түлік дүкенін ашу туралы, өз бетінше заңсыз құрылыс жүргізуге жол бермей үшін жеке пункт бөліп, Элеваторлық совхозынан және вокзал маңынан құрылыс салу  туралы шешім енгізілген болатын. Қалалық кеңестің атқарушы комитетінің 1941 жылдың 23-24 қаңтарындағы шешімімен заңсыз өз бетінше салынған үйлерді бұзу бойынша аудандық атқарушы комитеттердің төрағаларына жеке бақылауға алу жүктелген болатын. 

Аудандағы өскелең жасұрпаққа жемістік бау-бақшасының аумағынан балалар саябағын салып үлкен қамқорлық көрсетіледі.

Аудандық партия комитетінің және еңбекші депутаттардың аудандық кеңесінің жұмыстарында әлеуметтік блокқа ерекше назар аударылды.   

Жұмысшылар мен қызметкерлер,мүгедектер, қызыл гвардияшыларға жер телімдерін бөлу мәселесі шешетін. Аудандағы әскерге шығарып салатын жалғыз клубты (Шолохов көшесі –Сейфуллин көшесінің қиылысы) көріктендіру туралы арнайы шешім шығарылған болатын.

Ұлы Отан соғысы ауданныңэкономикалық дамуын үзген жоқ, керісінше барлық ресурстар мен резервтер жұмылдырылды. 1941 жылы ауданда 6644 жұмысшы, 3674 – қызметкер, сондай-ақ 8 жастан жоғары балалар жұмыс істейтін 97 кәсіпорын болды.

Соғыс жылдарында аудандағы барлық зауыттар қорғанысқа жұмыс істеп, майдан үшін азық-түлік жіберіп отырды. Жұмысшылар «Барлығы майдан үшін,барлығы Жеңіс үшін» ұранымен күні-түнімен жұмыс істеді.

 Октябрьдің 20 жылдығы атындағы Алматы зауытының тарихи анықтамаларындағы кейбір деректерінде осындай мәліметтер бар. 1932 жылы құрылған механикалық зауыттың базасында 1942 жылдың 2-тамызындағы №74 Қаулысына сәйкес Октябрьдің 20 жылдығы атындағы Ворошиловоград зауыты болып қайта құру жылдарға дейін аталған.  

Бұл зауыт ауыл шаруашылыққа арнайы машиналарын шығарған, соғыс жылдары қорғаныс өнімдері қаланың кәсіпорындары социалисттік жарыстарда үнемі озат ұжым болған. Мысалы жұмысшылардың еңбек өнімдері  1944 жылы 149,9%-ды құраған.

Барлық кәсіпорындар соғыс жылдары және қалыптастыру кезеңінің бірінші жылдары әскери қатаң тәртіпте жұмыс істеді.

Ауданның экономикасының екпінді дамуы кезінде қалпына келтіру кезеңі бақыланған. 1947 жылы ауданда бір адамның орташа еңбек ақысы 160,8%-ды құраған. Ауданда 11 мектеп, жұмысшы жастардың 2 мектебі болған.

Олардың ішінде: 5 орта мектеп (№№61, 21, 27, 22, 44); 3 жеті жастан оқытылатын мектеп (№№41, 28, 56); 3(№№32, 25, 23) бастауыш мектеп

Бұл мектептерде 6554 адам білім алған.

   Кәсіпорын, ұйым және мекеме басшыларына жалпы оқытудағы жауапкершілік қатал болған, мысалы 1947 жылдың еңбекші депутаттардың аудандық кеңесінің 39 сессиясындағы аудандық атқарушы комитетінің есебі. Соғыстан кейінгі жылдары денсаулық сақтау саласының келесідегідей мекемелері жұмыс істеді: 1 емхана,4 амбулатория, 4 аурухана,1 балалар кеңесі, 5 денсаулық пункті.

Ауданды көріктендіру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілген, кәсіпорын мен қоғамның тигізген көмегі ерекше аталады. Халықтың жеке күшімен Алматы-1 және Алматы 2 трамвайлық желі орнатылды, 1942 жылы саябақтар көріктендіріліп,клубтарға жөндеу жасалды.

  Бұның бәрі бюджеттік қаржының көмегінсіз жасалған.

Темір жол жабдығы мен аудандық аралас сауда бөлімімен дүкендердің және басқа да әртүрлі сауда нүктелерінің желісі дамыды. Аудан барлығы 82 сауда нүктесі құрылды.

1957 жылы Қағандық ауданы октябрь ауданы болып өзгертілді.

1962 жылы25 қаңтарда Алматы ауылдық кеңесінен«Түрксіб» және «Маяк» елді мекені қосылды.  

Өнеркәсіп-көліктік сияқты құрылымдылық белгіленген ауданның экономиукасы өсіп және беки бестады. 

Ауданда 14576 шаршы. метр тұрғын үй алаңы тұрғызылып және пайдалануға берілді. 36 пәтерлі кооперативтік үй, 964 орындық мектеп (101 ЖББ мектеп), екі дүкен, әрқайсы 140 орын болатын 4 балалар комбинаты, 4 қазандық, «Ақ Бұлақ» кафесі, 240 төсек-орындық темір жол больница. 15,5 километрлік су құбырының желісін іске қосты. 13624 м2 подъездер, 6,3 км тротуарларға асфальт төселді, 16 автобустық аялдамалар, 28 өзен көпірі орнатылды.  Әлеуметтік-мәдени саласына ерекше назар аударылды. Ауданда 24 мектеп, 12 кітапхана, 2 стадион (Локомотив, Аэропорт), 8 клуб және мәдениет үй, 2 саябақ (Сейфуллин және балалар) салынды.

Авиатор клубының жанындағы халық клубы,қалған клубтардың жанындағы халық университеттері жұмыс істеді.   

Кәсіпорындарда 20 қызыл бұрыштамалар, 9 еңбек озаты мұражайы құрылды.

1990 жылдары ауданда мынадай мекемелер жұмыс істеді:

- электротехникалық және станкоқұрылыстық зауыты бар 25 кәсіпорын, 1-ден 7,5 мың жұмысшыға есептелген «Жетысу» аяқ-киім бірлестігі бар;

- 25 құрылыстық трест және ұйымдар;

- 15 автотранспорттық кәсіпорын;

- авиожасақ және Боролдай әуежайы;

- 17 темір жол көлігінің кәсіпорыны;

- 25 ірі баз және қоймалар;

- 13 медициналық ұйымдар;

- 12 арнайы трестер және сауда мен көпшілік тамақтанатын нысандар;

- 25 орта және толық емес орта мектептер;

- 3 іштей-сыртай және кешкілік мектеп;

- 2 оқу комбинат (қалалық және темір жол)

- 2 мектеп-интернаты;

- 3 музыкалық мектеп;

- 2 СПТУ;

- Г.А. оқу-жаттығу жасағы (аудандық және темір жол);

- 2 пионерлер үйі;

- 53 бала-бақша.

80-90 жылдардың соңында ауданда құрылуына байланысты шекарасы өзгерді, содан кейін Москва ауданы жойылды.    

1995 жылы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін тойлауына байланысты және Түркістан –Сібір темір жолының құрылғанына жетпіс жыл толуына байланысты аудан Түрксіб ауданы болып ауыстырылды.  Сол кезде ауданда 185,9 мың адам болған, 1938 жылға қарағанда 156900 адамға өскен.   

Біздің аудан – бұл қаланың қақпасы. Алматылықтар өз қонақтарын барлық халықаралық стандартта жауап беретін  терминалда күтіп алады.

Көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары екі кезеңде де өздерінің бағыттарын сақтап қалған (кеңестік және Қазақстанның Тәуелсіздігі).

Бұл - «КВОИТ зауыты»ЖШС, «Темірбетон АКҚЗ» «Ремдортехника», «Алтын Дирмен» корпорациясы, «Құрылыс материалы» және басқа.