A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Саясат
  • Оспанов Болат Мұсағажынұлы - Алматы қаласы Түрксіб ауданы №35 сайлау округінің депутаты, «Локомотив» Депо АҚ директоры
Саясат САЯСАТ



Оспанов Болат Мұсағажынұлы - Алматы қаласы Түрксіб ауданы №35 сайлау округінің депутаты, «Локомотив» Депо АҚ директоры


Мен, Оспанов Болат  Мұсағажиұлы  Семей облысы Аякөз қаласында көп балалы теміржолшысы Мұсағажы Оспановтың отбасында 1950 жылы дүниеге келдім.

Бірнеше орден  және  медальдармен марапатталдым. Құрметті  теміржолшы иегерімін.

Өзінің  еңбек жолын 1967 жылы  орта мектепті  бітіргеннен кейін  Аякөз локомотив депосында  слесарь болып бастадым.

Өзінің еңбекқорлығы  мен білімге деген құштарлығының  арқасында  Алматы  темір  жол  институтын, Қайнар  атты заңгер дайындайтын  Университетін   тамамдап, инженер-механик және заңгер-құқықтану мамандықтарын алдым.

1971ж. Совет Армиясының  қатарында  өзінің азаматтық борышын  өткеріп  қайтқан соң, Аякөз локомотив  тепловоз машинисінің  көмекшісі, тепловоз машинисі, машинис-нұсқаушысы, дайындау цехының  аға мастері, пойыздар  қозғалысы сақтау  жөніңдегі  депо  бастығының  көмекшісі  қызметтерін 1988ж. дейін атқардым.

1988-1996жж. аралығында Семей  жөл бөлімінің  локомотив  бөлімшесінің  бастығының  орынбасары, сол бөлімінің  бастығы және  Семей  жол бөлімшесінің  бірінші  орынбасары болып  қызмет атқардым.

1997 жылдан  Шар, Семей локомотив  деполарының  бастығы, «Локомотив» АҚ филиалы  «Алматы  пайдалану  локомотив  депосының» директоры  болып  қызметін атқардым.

Қазір күнде «Локомотив» АҚ филиалы  «Алматы  пайдалану  локомотив  депосы» кәсіпшілер Одағының төрағасы қызметін атқарып отырмын.

Бірінші  класс білікті тепловоз машинисімін .

Әке  жолын  жемісті  қуып  жемісті  еңбегінің  арқасында 1999ж. «Құрмет теміржолшы» деген  атақтың  иегері  аталдым. Адал еңбегі бағаланып  мынандай  мемлекеттік  наградалармен құрметті  атақтарға ие болдым: «Қазақстан темір  жолына  100 жыл» медалі -2004ж.  «Ерен еңбегі үшін» медалі - 2005ж. «Алтын  теңбілшер» Халықаралық номинациясы» - ҚР  экономикасы үлес  қосқан үшін - 2007ж. ҚР Парламенті  Сенатының  құрмет  грамотасымен  марапатталдым. РФ Қоғамдық марапат -  «Ұлы Петр» орденімен- мінсіз бедел  және жоғары  іс мамандығы  үшін – 2008ж. «Құрмет» ордені – 2008ж.  «Астана қаласына 10 жыл» медалі. 2009 ж. – «Мінсіздік» белгімен марапатталдым. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің  алғыс хаты – «Нұр Отан» ХДП сайлау  алдында нәтижелі және белсенді  қатысқаны үшін -2007, 2009,2011 ж.ж. Аягөз ауданының Құрметті  азаматы -2011ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік  медалімен марапатталдым -2011ж.

Қазақстан  халықтар Ассамблеясының  мүшесімін «Нұр Отан» ХДП-ның  Алматы қаласы бойынша Саяси кенестің  бюро мүшесімін.

«Нұр Отан» ХДП ауданының филиалының  партиялық бақылау  постарының  және   жемқорлыққа қарсы  комиссияларының төрағасы.

Ұл мен қыз тәрбиелеп өсіріп, немере  сүйіп отырған өнегелі  отбасының иесімін.

Алматы қалалық мәслихат депутатының азаматтарды қабылдау кестесі

Т.А.Ә

Қабылдау күндері

Өткізу жері

 

Оспанов

Болат

Мусағажинұлы

№35 округ

28 сәуір

22 маусым

18 тамыз

27 қазан

Нұр Отан партиясының аудандық филиалы. Мәжіліс залы

Р.Зорге көшесі, 11

10:00-13:00