A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама


Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

 Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.

 Мұрағаттық қор-1698 кітап. Қордың №77 пен 1774 аралығындағы кітап мемлекеттік мұрағатқа өткізілді, себебі, сақталу мерізімі 75 жылдан асқандар. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2017 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

 Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2018 жылдың 1 тоқсанында-2574 акт жазбалары тіркелінген.

 2017 аналитикалық жылда- 2664 акт жазбасы тіркелінген. 2018 жыл мен 2017 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 3,3 пайызға азайған .

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-1237 акт жазба.

2017 жылдың 1 тоқсанында-1292 акт жазба тіркелінген болатын. Салыстырсақ, 4,2 пайызға кеміген.

       Қайтыс болуды тіркеу-451, 2016 жылдың 1 тоқсанында-466.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда-6 пайызға азайған.

         Неке қиюды тіркеу-541 акт жазбасы, ал 2017 жылдың 1 тоқсанында-435. Салыстыра келе, 3,5 пайызға азайған.

       Неке бұзуды тіркеу-2018 жылы 1 тоқсанында-210 акт жазба, 2017 жылы 1 тоқсанында-192,өткен жылмен салыстырғанда, 9 пайызға өскен.

     Әкелікті анықтау-2018 жылдың 1 тоқсанында-127 тіркелінген, 2017 жылы-126. 0,1 пайызға артқан.

         Бала асырап алу-2018 жылдың 1 тоқсанында-3, ал 2017 жылы-2;   50 пайызға өскен.

          2018 жылы 1 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -46 акт жазба тіркелінген. 2017 жылы-55, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-16 пайызға кемігенін байқадық.

      Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2018 жылдың 1 тоқсанында- 3 млн. 47 мың 465 теңге 5 тиын мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2017 жылы 1 тоқсанында-2 млн. 997 мың. 231 теңге;  1,6 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

 Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсету 2018 жылдың 1 тоқсанында- 3936.

Электронды үкімет арқылы-834

Мемлекеттік корпорация арқылы-2563

Тікелей мемлекеттік арқылы-539

 2017 жылы 1 тоқсанында АХАТ бөлімі 4014 қызмет көрсеткен.

          Мемлекеттік корпорация арқылы-2778 қызмет

          Электронды үкімет арқылы-436 қызмет

          Мемлекеттік қызмет арқылы-800 қызмет.

    2018 жылы жоспарына сәйкес Түрксіб ауданы әкім аппараты бойынша барлық іс-шаралар толық орындалды. Бөлім басшысы электрондық сұраныс жайлы «Нур KZ» вэб сайтына 2 рет шықты. Бөлім басшысы электронды үкіметтің белсенді қызмет көрсету бойынша мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен үйрету семинарларын өткізді. Мемлекеттік қызмет көрсету статистикасы көрсетіп тұрғандай электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсету 91 пайызға өткен жылмен салыстырғанда артқан.

         АХАТ бөлімі басшысы                                                                  Ж.Дюсембаева