A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2019 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2019 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама


Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.

 Мұрағаттық қор-1753 кітап. Қордың №83 пен 1836 аралығындағы кітап мемлекеттік мұрағатқа өткізілді, себебі, сақталу мерізімі 75 жылдан асқандар. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2018 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2019 жылдың 1 тоқсанында-2844 акт жазбалары тіркелінген.

2018 аналитикалық жылда- 2574 акт жазбасы тіркелінген. 2019 жыл мен 2018 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 1035 пайызға артқан.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-1237 акт жазба.

2019 жылдың 1 тоқсанында-1372 акт жазба тіркелінген болатын. 2018 жылдың 1 тоқсанында -1237. Салыстырсақ, 11 пайызға артқан.

Қайтыс болуды тіркеу-439, 2018 жылдың 1 тоқсанында-451.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда-2,7 пайызға азайған.

Неке қиюды тіркеу-590 акт жазбасы, ал 2018 жылдың 1 тоқсанында-485. Салыстыра келе, 21 пайызға артқан.

Неке бұзуды тіркеу-2019 жылы 1 тоқсанында-220 акт жазба, 2018 жылы 1 тоқсанында-210,өткен жылмен салыстырғанда, 4,7 пайызға өскен.

Әкелікті анықтау-2019 жылдың 1 тоқсанында-149 тіркелінген, 2018 жылы-127. 11,7 пайызға артқан.

Бала асырап алу-2019 жылдың 1 тоқсанында-8, ал 2018 жылы-3;   166 пайызға өскен.

2019 жылы 1 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -47 акт жазба тіркелінген. 2018 жылы-46, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-2,2 пайызға артқанын байқадық.

Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2019 жылдың 1 тоқсанында- 3 млн. 940 мың 293 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2018 жылы 1 тоқсанында-3 млн. 47 мың. 465 теңге 5 тивн;13,5 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

Мемлекетттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі.

Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсету 2019 жылдың 1 тоқсанында- 4083.

Электронды үкімет арқылы-953

Мемлекеттік корпорация арқылы-2454

Тікелей мемлекеттік арқылы-676

 Мысалы, тууды тіркеу түрі бойынша:

2019 жылы 1 тоқсанында: 1445 акт жазбасы, олардың ішінде ЭҮ арқылы-580, МК-726, МО-139.

2018 жылдың 1тоқсанында: 1305, ЭҮ-500, МК-689,МО-116.

Осыған байланысты, «Электронды үкімет» арқылы қызмет көрсету салыстырмалы жылға қарағанда 16 пайызға өскен.

 Мемлекеттік қызмет көрсету 2018 жылдың 1 тоқсанында- 3936.

Электронды үкімет арқылы-834

Мемлекеттік корпорация арқылы-2563

Тікелей мемлекеттік арқылы-539.

Көрсетілген мәліметтер Түрксіб ауданы бойынша электрондық үкімет порталында көрсетілген статистикалық мәліметтермен сәйкес келеді. Көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес электронды үкімет арқылы қызмет көрсету салыстырмалы жыла қарағанда 11,4 пайызға өскен.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2019 жылы 1 тоқсанына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар толық орындалды. Электронды өтініштерді қабылдауға байланысты Түрксіб аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлерімен жиналыс өтті, №4 перзентхананың қызметкерлеріне оқыту семинары жиі болып тұрады.

 Отбасы институтын нығайтуға бағытталған және жастарды отбасылық құндылықтарды бағалауға арналған Наурыз мерекесіне орай, Матвеев Александр Андреевич пен Вера Николаевнаның алтын тойлары аталып өтті, әкім аппаратының сайтына жарияланды.

 Көрсетілген іс-шаралардан басқа, АХАТ бөлімінің қызметкерлерімен электронды мұрағатты атрибуттау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда, жұмыстың 20 пайызын құрайтын, 350,00 акт жазбасына түзетулер енгізілді.

 АХАТ бөлімі басшысы                                                                                       Ж.Дюсембаева