A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2018 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2018 жылдың 2 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама


Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

 Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.

 Мұрағаттық қор-1698 кітап. Қордың №77 пен 1774 аралығындағы кітап мемлекеттік мұрағатқа өткізілді, себебі, сақталу мерізімі 75 жылдан асқандар. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2017 жылдың кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

 Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2018 жылдың 2 тоқсанында-2882 акт жазбалары тіркелінген.

 2017 аналитикалық жылда- 2662 акт жазбасы тіркелінген. 2018 жыл мен 2017 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 8,3 пайызға артқан .

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-1475 акт жазба.

2017 жылдың 2 тоқсанында-1292 акт жазба тіркелінген болатын. Салыстырсақ, 14,2 пайызға артқан.

       Қайтыс болуды тіркеу-439, 2017 жылдың 2 тоқсанында-435.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда-0,9 пайызға көбейген.

         Неке қиюды тіркеу-537 акт жазбасы, ал 2017 жылдың 2 тоқсанында-561. Салыстыра келе, 4 пайызға азайған.

       Неке бұзуды тіркеу-2018 жылы 2 тоқсанында-156 акт жазба, 2017 жылы 2 тоқсанында-124,өткен жылмен салыстырғанда, 20 пайызға өскен.

     Әкелікті анықтау-2018 жылдың 1 тоқсанында-127 тіркелінген, 2017 жылы-126. 0,1 пайызға артқан.

         Бала асырап алу-2018 жылдың 2 тоқсанында-4, ал 2017 жылы-4;   0 пайызға өскен.

          2018 жылы 2 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -41 акт жазба тіркелінген. 2017 жылы-42, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-2 пайызға кемігенін байқадық.

      Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2018 жылдың 2 тоқсанында- 3 млн. 262 мың 524 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2017 жылы 2 тоқсанында-3 млн. 209 мың. 009 теңге 5 тиын;                

1,6 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

 Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсету 2018 жылдың 2 тоқсанында- 4115.

Электронды үкімет арқылы-1056

Мемлекеттік корпорация арқылы-2471

Тікелей мемлекеттік арқылы-588

  2017 жылы 2 тоқсанында АХАТ бөлімі 4215 қызмет көрсеткен.

          Мемлекеттік корпорация арқылы-3148 қызмет

          Электронды үкімет арқылы-573 қызмет

          Мемлекеттік мекеме арқылы-494 қызмет.

   Көрсетілген мәліметтер Түрксіб ауданы бойынша электрондық үкімет порталында көрсетілген статистикалық мәліметтермен сәйкес келеді.

 Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет тексеру және ақпараттық технологияны дамыту бөлімімен тексеріліс 28.04.2018 жылғп дейін жүргізілді, тексеріс барысында мемлекеттік қызмет көрсету уақытылы және мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына сай екендігі дәлелденді.

          2018 жылдың 2 тоқсанының жоспарына сәйкес Түрксіб ауданы әкім аппараты бойынша барлық іс-шаралар толық орындалды. Бөлім басшысы а.т.ә. өзгерту, түзету және толықтыру мемлекеттік қызметтері бойынша мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен 2 рет үйрету семинарларын өткізді.

          2018 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес түзету орындарында неке және отбасы Заңына сәйкес дәріс өткізілді- 2018 жыл сәуір.

          ҚР Отбасы күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Бондаренко отбасының Алтын тойы. Аудан әкімінің сайтында жарияланды-2018 жыл мамыр.

          АХАТ бөлімі Түрксіб ауданы бойынша кәмелетке толмаған істері жөніндегі комиссия жиналысына қатысады. 2018 жылдың 2 тоқсанында 3 рет комиссия жиналысы өтті.

         ТП АХАЖ базасына мұрағаттық мәліметтерді енгізу жұмыстары басталды.   

         Бөлім жұмысының көбі неке-отбасы бағытындағы электронды Үкімет порталы арқылы электрондық өтініштердің көлемін арттыруға бағытталған.

         Мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтер көрсетіп тұрғандай, былтырғы жылмен салыстырғанда электронды үкімет порталы арқылы өтініштерді қабылдау 84,3 пайызға артқан.

 

АХАТ бөлімі басшысы                                                                               Ж.Дүйсембаева