A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2017 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама


Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

 

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

          Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы - М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2. А.Конаева 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова

Мұрағаттық қор - 1696 кітап. Қордың № 76 пен 1772 аралығындағы  кітап мемлекеттік мұрағатқа өткізілді, себебі, сақталу мерізімі 75 жылдан асқандар. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық кітаптар тігіліп, тізім жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2017 жылы - 11226 акт жазбалары тіркелінген.

2016 жылы - 11543 акт жазбасы тіркелінген. 2017 жыл мен 2016 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу – 2,5 пайызға артқан.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу - 5132 акт жазба.

2016 жылы - 5496 акт жазба тіркелінген болатын. 2017 жылмен салыстырғанда, 6,5 пайызға артқан.

       Қайтыс болуды тіркеу – 1684 акт жазбасы 2017 жылы, ал 2016 – 1698.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда - 1 пайызға өскен.

         Неке қиюды тіркеу - 2652 акт жазбасы 2017 жылы, ал 2016 жылы - 2578. Салыстыра келе 3 пайызға өскен.

       Неке бұзуды тіркеу – 2017 жылы - 944 акт жазба, 2016 жылы - 704,өткен жылмен салыстырғанда, 14 пайызға өскен.

      Әкелікті анықтау - 2017 жылы - 533 тіркелінген, 2016 жылы - 631.

16 пайызға азайған.

         Бала асырап алу - 2017 жылы - 13, ал 2016 жылы - 20; 35 пайызға өскен.

          2017 жылы тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -194 акт жазба тіркелінген. 2016 жылы-154, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-21 пайызға азайғанын байқадық.

      Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2017 жылы-14млн.295 мың 274 теңге, мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2016 жылы 12 млн. 481 мың. 368 теңге;13 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

Осыған орай,  мемлекеттік қызмет көрсету  2016 жылы- 19748, 2015 жылы-17824, салыстырсақ,  мемлекеттік қызмет көрсету  9,7 пайызға артқан.       

          2017 жылы АХАТ бөлімі - 17378

         Мемлекеттік органда - 2581 мемлекеттік қызмет көрсетті

         МИО – дан түскен - 2581

         Электрондық үкімет порталы арқылы- 2612

         ХКҚО- дан түскен- 12185

         2016 жылы – 19748 мемлекеттік қызмет

         Мемлекеттік органда - 6097 мемлекеттік қызмет көрсетті      

         Электрондық үкімет порталы арқылы- 1950

         ХКҚО- дан түскен- 11701

Алматы қаласы Түрксіб аудандық АХАТ бөлімімен мемлекетке қызмет көрсету туралы жұмыстары сапасы артырылуда.

          Қазіргі кезде, ХҚКО мен АХАТ бөлімі  белсенді жұмыстар атқарып жатыр, әр түрлі акт жазбаларды түзету, өзгеріс енгізу және де толықтыру арыздарын халыққа қызмет көрсету орталығына жолданады.

          Сонымен қатар, 2017 ж. Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппараты  АХАТ бөлімінің басшысымен «Алматы» телеканалында электронды қызмет көрсету бойынша жұртқа таңыту туралы сөз сөйлеу жүргізілді. «Опен Алматы» қызмет көрсету қабылдау бөлімінде белсенді қатысты және мемлекеттік қызмет көрсету жарменкеге қатысты.   

 

      АХАТ бөлімінің басшысы                                                        Ж.Дюсембаева