A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2018 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі Талдау анықтамасы


Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2018 жылы -11467 акт жазбалары тіркелінген.

 2017 аналитикалық жылда-11316 акт жазбасы тіркелінген. 2017 жыл мен 2018 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу-1,3 пайызға өскен.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-5451 акт жазба.

2017 жылы-5175 акт жазба тіркелінген болатын. Салыстырсақ, 5,3 пайызға өскен.

Қайтыс болуды тіркеу-1767, 2017 жылы -1697.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда-4,1 пайызға артқан.

Неке қиюды тіркеу-2455 акт жазбасы 2018 жылы, ал 2017 жылы-2674

Неке бұзуды тіркеу-2018 жылы-935 акт жазба, 2017 жылы-954,өткен жылмен салыстырғанда, 1,9 пайызға кеміген.

Әкелікті анықтау-613 тіркелінген, 2017 жылы-533. 15 пайызға өскен.

 Бала асырап алу-15, ал 2017 жылы-13, 1,5 пайызға кеміген.

 2018 жылы тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -171 акт жазба тіркелінген. 2017 жылы-193, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-11 пайызға кемігенін байқадық.

Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2018 жылы -14 млн.178 мың 460 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2017 жылы -14 млн. 445 мың 056 теңге 2 тиын, 9 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау кеміген.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі 2018 жылы 16850 мемлекеттік қызмет көрсетті.

ЭлектрондыҮкімет порталы арқылы-3993

Мемлекеттік корпорация арқылы-10202

ТМО арқылы-2655

 Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2018 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар толық орындалды.

 Электронды өтініштер туралы бөлім басшысының «Нур kz» вэб сайтына 2 шығарылымы болды, электронды үкімет порталына басқа да мемлекеттік қызметтерді енгізуге байланысты мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен семинарлар өткізілді.

 28.04.2018 жылы Алматы қаласы әкім аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсету барысында заң жүзінде барлық нормалар сақталуына тексеріс аяқталған болатын. Тексеріс нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету Стандарты және мерзімдері сақталғаны анықталды.

 07 мамыр 2018 жылы Алматы қаласы Түрксіб аудандық АХАТ бөлімінде ҚР Отбасы күніне арналған мереке өтті.

Отбасы-мемлекеттің бастамасы. Отбасында мәдени және рухани құндылықтар қалыптасады. Және осы мереке ерлі-зайыптылықтың маңызды қырларын көрсетуге арналған. Отан-отбасынан басталады.

Осы мерекеге байланысты 7 жұптың некесі қиылды, әкім аппаратының және ІІБ қызметлерінің атынан жас-жұбайларға сыйлықтар табысталды.

 04.06.2018 жылы Пименов Виталии Васильенвич пен Лидия Ивановнаның- бірге отбасылық 65 жылдықтары аталып өтілді. П.С.Кулагин аудан әкімінің атынан құттықтау мен сыйлықтар табысталды.

 04.08.2018 жылы Яновских Анатолий Викентьевич пен Татьяна Борисовнаның 50 жылдық алтын тойлары болды. Аудан әкімінің атынан құттықтау мен сыйлықтар табысталды.

 26.07.2018 жылы Германов Анатолий Владимирович пен Татьяна Трофимовнаның күміс тойлары болды. Бұл тойда той иелерінің достары, балалары, немерелері болды. Сонымен қатар, аудан әкімінің атынан құттықтау мен сыйлықтар табысталды.

26.08.2018 жылы Железнов Петр Архипович пен Нина Тимофеевнаның 60-жылдық гаухар тойлары өтті. Марш Мендельсонның әуенімен және қошеметпен өздерінің қолдарын Түрксіб ауданының мерейтой иелеріне арналған кітабына қойды.

01.12.2018 жылы Дочупайлов Юрий Константинович пен Любовь Павловнаның гаухар тойлары болды. Президент күнін атап өтуге байланысты аудан әкімінің атынан құттықтау мен сыйлықтар табысталды.

16.12.2018 жылы Байсеитов Омар ахметович пен Гарип Ибатовнаның алтын тойлары болды. Той иелерін «НұрОтан» партиясының депутаттық корпустың атынан Бадаева Роза Кенесхановна мен Түрксіб ауданының әкімі Кулагин Павел Сергеевич құттықтады

Осындай мерейтойлар-болашақ жеткіншектерге керемет тәлім-тәрбие. Мерейтой иелерінің өмірі-бұл қарым-қатынас құраудағы тәжірибе, өмірдің әртүрлі жағдайында бір-біріне деген қарым-қатынасты сақтау.

 2018 жылы АХАТ бөлімінде-2455 неке қиылды. Барлығы салтанатты залда өтеді. Міндетті түрде неке қию барысында өмірлік жауапкершілік туралы түсіндіріледі. Бұндай неке-қию рәсімінде жас-жұбайлары барлық салтанатты сәтті сезінеді: мемлекеттік туды, елтаңбаны, ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, сөзді неке қию барысындағы.

 Неке қиюға келген азаматтардың көпшілігі электронды үкімет порталы арқылы тапсырғандар.

Көрсетілген кезеңде 935 неке бұзу орын алды, 39 пайыз неке қиюды құрайды.

Бөлімде отбасы институтын нығайтуға байланысты, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға байланысты іс-шаралар жүргізіледі.

АХАТ бөлімі кәмелетке толмаған жөніндегі отырыстарда комиссия құрамында. 2018 жылы 2 комиссия отырысы өтті.

 ТП АХАТ база бойынша артибутирования жұмысы басталды.

Корреспонденция бойынша:

 01.01.2018 жыл мен 29.12.2018 жыл аралығында:

- заңды тұлғалардан-3258, оның ішінде ЛОТУС арқылы-1384

-жеке тұлғалардан-374 оның ішінде ЛОТУС арқылы-8 өтінішін қабылданған.

Ал шығыс құжаттар-4152, олардың ішінде-570 ЛОТУС арқылы.

Көрсетілген мерзім ішінде әртүрлі мемлекеттік органдардан сұраныстар түсті: ҰҚК-109,ЗТМО-67, ҚР бойынша басқа АХАТ бөлімдерінен-867, жақын шетел АХАТ бөлімдерінен-89, Әділет департаментінен-58,көші-қон полиция бөлімдерінен-76, ІІД мен ІІБ-85, соттан-38, бейімдеу орталығынан-25, нотариустардан-47.

Сот процесстеріне қатысу:

1.17.01.2018 жылы М.Алтаеваның өтінішінің негізінде азаматтық хал актісінің дұрыс еместігін туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты. 

2. 29.01.2018 жылы Л.Суранчинованың өтініші азаматтық хал актісінің дұрыс еместігін туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

3. 08.02.2018 жылы У.К.Каримбакиевтың өтініші негізінде баланың туу туралы акт жазбасында әкесі деген мәліметті жою туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Жетісу аудандық соты.

4.14.02.2018 жылы Калиеваның өтініші азаматтық хал актісінің дұрыс еместігін туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

 5. 22.02.2018 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ-ның өтініші негізінде қайтыс боул туралы акт жазбасын жою туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласының қалалық соты.

6. 25.04.2018 жылы «БанкЦентрКредит» АҚ-ның өтініші негізінде қайтыс болу туралы акт жазбасын жою туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласының Әуезов аудандық соты.

 7. 17.05.2018 жылы И.Ф.Матниязовтың өтініш негізінде әкелікті анықту туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде.Алматы қаласы Наурыз аудандық соты.

8. 25.05.2018 жылы И.Ф.Матниязовтың өтініш негізінде әкелікті анықту туралы сот процесі, үшінші тұлға ретінде.Алматы қаласы Наурыз аудандық соты.

9.22.11.2018 жылы Г.М.Бисимбиевтың өтініші азаматтық хал актісінің дұрыс еместігін туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты.

10.20.12.2018 жылы Б.М.Даукараеваның өтініші неке қию акт жазбасын жою туралы сот процессі, үшінші тұлға ретінде. Алматы қаласы Алатау аудандық соты.

 АХАТ бөлімінің басшысы                                                        Ж.Дюсембаева