A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2018 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Талдау анықтамасы


Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.

Мұрағаттық қор-1804 кітап. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2017 жылдың және 2018 жылдың 1 жартыжылдығының кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2018 жылдың 3 тоқсанында-3044 акт жазбалары тіркелінген.

2017 аналитикалық жылда-3269 акт жазбасы тіркелінген. 2017 жыл мен 2018 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу-7 пайызға кеміген.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу-1393 акт жазба.

2018 жылдың 3 тоқсанында-1476 акт жазба тіркелінген болатын. Салыстырсақ, 5,9 пайызға азайған.

Қайтыс болуды тіркеу-443, 2017 жылдың 3 тоқсанында-401.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда-0,9 пайызға артқан.

Неке қиюды тіркеу-755 акт жазбасы 2018 жылдың 3 тоқсанында, ал 2017 жылдың 3 тоқсанында-885. Салыстыра келе, 17 пайызға кеміген.

 Неке бұзуды тіркеу-2018 жылы 3 тоқсанында-281 акт жазба, 2017 жылы-276,өткен жылмен салыстырғанда 0,2 пайызға артқан.

Әкелікті анықтау-2018 жылдың 3 тоқсанында-178 тіркелінген, 2017 жылы-154. 20 пайызға өскен.

 Бала асырап алу-2018 жылдың 3 тоқсанында-5, ал 2017 жылы-3, 49 пайызға артқан.

2018 жылы тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -54 акт жазба тіркелінген. 2017 жылы-52, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-2 пайызға өскенін байқадық.

Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2018 жылдың 3 тоқсанында-4 млн. 347 мың 371 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2017 жылы 3 тоқсанында- 4 млн. 150 мың 140 теңге, 0,6 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппараты АХАТ бөлімімен 2018 жылдың 3 тоқсанында 4812 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Электронды үкімет порталы арқылы-1049

Мемлекеттік корпорация арқылы-3024

Тікелей МО арқылы-739

АХАТ бөлімімен 2017 жылдың 3 тоқсанында 5143 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Олардың ішінде:

Электронды үкімет порталы арқылы-722

Мемлекеттік корпорация арқылы-3714

Тікелей МО арқылы-707

 Осыған орай, қазіргі статистикалық мәліметтер Түрксіб ауданы бойынша электронды үкімет порталын қолдану жиілеп келетінін білдіреді.

 Алматы қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет тексеру және ақпараттық технологияны дамыту бөлімімен тексеріліс 28.04.2018 жылғп дейін жүргізілді, тексеріс барысында мемлекеттік қызмет көрсету уақытылы және мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына сай екендігі дәлелденді.

2018 жылдың 3 тоқсанының жоспарына сәйкес Түрксіб ауданы әкім аппараты бойынша барлық іс-шаралар толық орындалды. Бөлім басшысы а.т.ә. өзгерту, түзету және толықтыру мемлекеттік қызметтері бойынша мемлекеттік корпорацияның қызметкерлерімен үйрету семинарларын өткізді.

ҚР Конституция күніне- Т.Б. және А.В.Яновскихтардың отау құрғандарына 50 жылдық мерейтойлары аталып өтілді.

Әкім аппаратының сайтына 2018 жылы қыркүйекте жарық көрді.

 Л.И. және В.В.Пименовыхтардың 65-жылдық отау құрған темір мерейтойлары тойланды.

Әкім аппаратының сайтына 2018 жылы қыркүйекте жарық көрді.

АХАТ бөлімі Түрксіб ауданы бойынша кәмелетке толмаған істері жөніндегі комиссия жиналысына қатысады. 2018 жылдың 3 тоқсанында 2 рет комиссия жиналысы өтті.

 ТП АХАЖ базасына мұрағаттық мәліметтерді енгізу жұмыстары басталды.   

 Бөлім жұмысының көбі неке-отбасы бағытындағы электронды Үкімет порталы арқылы электрондық өтініштердің көлемін арттыруға бағытталған.

 Мемлекеттік қызметтер бойынша статистикалық мәліметтер көрсетіп тұрғандай, былтырғы жылмен салыстырғанда электронды үкімет порталы арқылы өтініштерді қабылдау 31 пайызға артқан.

Жұмыстың артық көлеміне байланысты штат санының көбеюі туралы мәселені қарауларыңызды өтінеміз.

Өткізілген талдауға сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мерзімдерінің бұзылмағандығы анықталды. Мемлекеттік қызметтердің уақытылы орындалуын жақсарту мақсатында ЕСЭДО бағдарламасын орнатуды көбейту және ТП АХАЖ базасындағы келеңсіздіктердің жойылуын қадағалауды сұраймыз.

Жеке және заңды тұлғалардан қызметкерлерге байланысты және көрсетілген мемлекеттік қызметтерге байланыст, сот шешімдеріне байланысты шағымдары жоқ.

Сонымен қатар, азаматтарға неке-отбасы мәселелеріне және мемлекеттік қызметтерге байланысты әрдайым кеңестер беріліп отырады.

 Мемлекеттік қызметтер мониторингіне байланысты мемлекеттік органның интернет-ресурс сайтында әрдайым «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне электорнды мәліметтер, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептер, мемлекеттік қызметтің паспорты, мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары, мемлекеттік қызметтердің регламенті, мемлекеттік қызмет көрсету қызметіне шағымдар, мемлекеттік қызмет алудың сатылары және кеңес алу байланыс телефондары жарияланған.

 

АХАТ бөлімінің басшысы                                                                                  Ж.Дюсембаева