A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2019 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімінің 2019 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмыстары жөніндегі Аналитикалық анықтама


Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» Кодексіне сәйкес, Азаматтық хал актілерін апостилдеу және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына және Қазақстан Республикасының әділет Министрінің 17.04.2015 жылғы № 219 бұйрығына сәйкес қызметін жүзеге асырады.

Бөлімде іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Штаттағы адам саны – 2: бөлім басшысы-Ж.Дюсембаева және бөлімнің бас маманы-М.Хайруллаева. Мамандардың жоғарғы заңды-құқықтық білімдері бар. Сонымен қатар, мамандардан басқа, еңбекшарты бойынша қызметкерлер жұмыс істейді, олар: 1.А.Керимбекова, 2.Ж.Ерікқызы, 3.Ж.Шабарова, 4.С.Ченгельбаева, 5.М.Магомедова, 6.А.Конаева.

Мұрағаттық қор-1871 кітап. №80 мен 1871. Қордың 80 кітабі мемлекеттік мұрағатқа өткізілді, себебі, сақталу мерізімі 75 жылдан асқандар. Мұрағатта темір стеллаждар, өртке қарсы құрал-жабдықтар мен ауа температурасын өлшейтін градусник бар. Бөлме мұрағаттық бақылаудың талаптарына сай. Барлық 2019 жылдың тамыз айына дейінгі кітаптары тігіліп, тізім жасалған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының АХАТ бөлімі бойынша 2019 жылдың 3 тоқсанында-3033 акт жазбалары тіркелінген.

2018 аналитикалық жылда- 3044 акт жазбасы тіркелінген. 2019 жыл мен 2018 жылды салыстырғанда акт жазбаларын тіркеу- 8,5 пайызға артқан.

Олардың ішінде:

Тууды тіркеу

2019 жылдың 3 тоқсанында-1506 акт жазба тіркелінген болатын. 2018 жылдың 3 тоқсанында -1393. Салыстырсақ, 8,1 пайызға кеміген.

Қайтыс болуды тіркеу-444, 2018 жылдың 3 тоқсанында-443.

Аналитикалық периодпен салыстырғанда-0,2 пайызға артқан.

Неке қиюды тіркеу-792 акт жазбасы, ал 2018 жылдың 3 тоқсанында-755. Салыстыра келе, 4,9 пайызға артқан.

Неке бұзуды тіркеу-2019 жылы 3 тоқсанында-267 акт жазба, 2018 жылы 3 тоқсанында-219,өткен жылмен салыстырғанда, 2 пайызға өскен.

 Әкелікті анықтау-2019 жылдың 3 тоқсанында-182 тіркелінген, 2018 жылы-178. 2,2 пайызға кеміген.

 Бала асырап алу-2019 жылдың 3 тоқсанында-6, ал 2018 жылы-5;   23 пайызға өскен.

 2019 жылы 3 тоқсанында тегін,атын, әкесінің атын өзгерту туралы -57 акт жазба тіркелінген. 2018 жылы-54, осы көрсеткіштерді салыстыра келе-5,5 пайызға артқанын байқадық.

 Азаматтық хал актілерін тіркеу барысында 2019 жылдың 3 тоқсанында- 4 млн. 774 мың 686 теңге мемлекеттік баж салығы қабылданды, ал 2018 жылы 3 тоқсанында-4 млн. 347 мың. 371 теңге; 9,8 пайызға мемлекеттік баж салығын қабылдау артқан.

Мемлекетттік органдардың негізгі көрсеткіші мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы қызмет көрсетуі.

Осыған орай, мемлекеттік қызмет көрсету 2019 жылдың 3 тоқсанында- 4860.

Электронды үкімет арқылы-1159

Мемлекеттік корпорация арқылы-2887

Тікелей мемлекеттік арқылы-814

 Мысалы, тууды тіркеу түрі бойынша:

2019 жылы 3 тоқсанында: 1583 акт жазбасы, олардың ішінде ЭҮ арқылы-635, МК-783, МО-165.

2018 жылдың 3 тоқсанында: 1527, ЭҮ-489, МК-871,МО-167.

Осыған байланысты, «Электронды үкімет» арқылы қызмет көрсету салыстырмалы жылға қарағанда 29,9 пайызға өскен.

 Мемлекеттік қызмет көрсету 2018 жылдың 3 тоқсанында- 4812.

Электронды үкімет арқылы-1049

Мемлекеттік корпорация арқылы-3021

Тікелей мемлекеттік арқылы-742.

Көрсетілген мәліметтер Түрксіб ауданы бойынша электрондық үкімет порталында көрсетілген статистикалық мәліметтермен сәйкес келеді.

Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкім аппаратының 2019 жылы 3 тоқсанына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар толық орындалды.

12.07.2019 жылы және 27.09.2019 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ғимаратында жиналыс болды. Жиналысты мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері мен АХАТ бөлімінің қызметкерлерінің электронды үкімет арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету деңгейін арттыруды талқылады.

2019 жылдың 3 тоқсанында 11 сот процесстері болды.

Көрсетілген іс-шаралардан басқа, АХАТ бөлімінің қызметкерлерімен электронды мұрағатты атрибуттау жұмыстары аяқталды.

 

АХАТ бөлімі басшысы                                                                                          Ж.Дюсембаева