A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
  • Негізгі бет
  • Мемлекеттік қызметтер
  • Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2014 жылғы «    » қаңтардағы

№       бұйрығына

9-қосымша

 

«Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде

азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар

мен түзетулер енгізу»

мемлекеттік қызмет регламенті

 1. Жалпы ережелер

 1. Осы «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті » мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы                  № 1559 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) мемлекеттік қызметін аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

көрсетілетін қызмет беруші арқылы;

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – орталық) арқылы жүзеге асырылады.

«электрондық үкімет» www.e.gov.kzвеб-портал (бұдан әрі – портал) баламалы негізінде жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі:

1) көрсетілетін қызметті берушіде:

          жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;

          жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну кезінде қағаз жеткізгіште құжатты берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған енгізілген өзгерістер, толықтырулар және түзетулермен жаңа куәлік беру;

          2) орталықта:

          жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қағаз жеткізгіште беру;

         жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде енгізілген өзгерістер, толықтырулар және түзетулермен қағаз жеткізгіште құжатты берген көрсетілетін қызметті берушінің қолы қойылған жаңа куәлік беру;

          3) порталда – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электронды-цифрлы қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электронды құжат нысанындағы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеуге электрондық өтінішті қабылдау және оның күнін белгілеу туралы хабарлама.

 2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау

 4. Көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағымен көрсетілген қажетті құжаттарды немесе электрондық сұрау салуды алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.

Көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттік қызметті портал арқылы электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):

1) көрсетілетін қызметті берушінің маманы немесе орталық қызметкерімен құжаттарды қабылдау және өтінішті тіркеу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен өтінішті қарау және ұсынылған құжаттарды тексеру;

3) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен мемлекеттік қызметтің нәтижесін рәсімдеу;

4) көрсетілетін қызметті алушыға немесе орталық қызметкеріне көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру.

 3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін сипаттау

 6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үрдісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы.

7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және қажетті құжаттар түскен соң Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады, Стандарттың 4-тармағымен бекітілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарауға береді;

2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысына немесе азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманына (бөлім басшының бірлігі қарастырылмаған аумақтық әділет органдарында) орындау үшін береді;

3) азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкестігін тексереді;

4) ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті басып шығарады;

5) тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді, одан кейін азаматтық хал актілері туралы куәлікке көрсетілетін қызмет берушінің елтаңбалы мөрі қойылады;

6) дайын азаматтық хал актілері туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға қолхат негізінде немесе орталық қызметкеріне тізімге сәйкес қол қойылып беріледі.

Орталықтан түскен өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде тіркелмейді.

8. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында бекітілген.

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:

1) өтініштің қабылданған күні;

2) қоса берілген құжаттардың саны;

3) құжаттарды беру күні, уақыты;

4) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі.

10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық қызметкерлерінің арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау осы Регламентке 1-қосымшадағы кестеге сәйкес келтірілген.

 4. Халыққа қызмет көрсету орталығы және (немесе) басқа

да көрсетілетін қызмет берушілермен өзара әрекет тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану

тәртібін сипаттау

 11. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру орталықта – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін үзіліссіз, жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезекке тұру тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы бекітіп қоюға мүмкіндік бар.

Мемлекеттік қызметті орталық арқылы көрсетуге қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға:

1) сұрау салудың нөмірі мен қабылданған күні;

         2) сұратылып отырған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;

         3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні, уақыты және орны;

         5) құжаттарды рәсімдеуге қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Көрсетілетін қызмет алушының жеке куәлігінің құжаттары туралы, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктердің мәліметтерін егер тіркеу 2008 жылдан кейін жүргізілсе, көрсететін қызмет беруші не орталық тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйесінен ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Орталық қызметкері құжаттардың түпнұсқаларының дұрыстығын мемлекеттік органдардың мемлекеттік ақпараттық жүйелерінен алынған мәліметтермен салыстырады, кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.

Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын берген жағдайда орталық қызметкері өтінішті қабылдап алудан бас тартады Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету бағыты туралы мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығы 1414 телефоны бойынша ұсынылады.         

12. Дайын құжаттарды беруді жеке куәлікті көрсеткен жағдайда қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде орталықтың қызметкері жүзеге асырады.

13. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызмет алушы:

1) көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

2) егер азаматтық хал актілерді тіркеу 2008 жылға дейін тіркеу жүргізілсе, көрсетілетін қызмет алушының құжаттары электрондық көшірме түрінде электрондық сұранысқа тіркеу ұсынылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызмет берушінің уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанда тууды тіркеудің электрондық өтінішін қабылданғандығы және уақытын белгіленгендігі туралы хабарлама алу болып табылады.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің мамандарының өзара әрекеті, процедураларының (іс-әрекет) сабақтастығы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйесін қолдану тәртібіжәне орталықпен өзара әрекет тәртібі осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес графикалық түрде толық сипатталған.

___________________________