A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Әке болуды анықтауды тіркеу


Қазақстан Республикасы

Әділет министрінің

2014 жылғы «    » қаңтардағы

№     бұйрығына

4-қосымша

 

«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

1.    Жалпы ережелер

 

 

1. Осы «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті «Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

«Әке болуды анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аумақтық әділет органдары көрсетеді (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет берушілер).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру аумақтық әділет органдары арқылы жүзеге асырылады.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызметін көрсету нәтижесі:

әке болуды анықтауды тіркеу және жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен кезде әке болуды анықтау туралы куәлік беру;

әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қағаз түріндегі құжатты берген уәкілетті адамның қолы қойылып куәландырылған өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізілген жаңа куәлік беру.

 

2.    Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекет тәртібін сипаттау

 

 

4. Көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9-тармағымен көрсетілген қажетті құжаттарды алу мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-әрекеттер):

1) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен құжаттарды қабылдау және өтінішті тіркеу;

2) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен өтінішті қарау және ұсыныслған құжаттарды тексеру;

3) көрсетілетін қызметті берушінің маманымен мемлекеттік қызметтің нәтижесін рәсімдеу;

4) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру.

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет тәртібін сипаттау

 

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет үрдісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің тізімі:

көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысы;

көрсетілетін қызметті берушінің азаматтық хал актілерінің тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы.

7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан өтініш және қажетті құжаттар түскен соң Электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесінде тіркеуді жүзеге асырады, Стандарттың 4-тармағымен бекітілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды және көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қарауға береді;

2) көрсетілетін қызмет берушінің басшысы қарарға сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінішін азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің басшысына немесе азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманына (бөлім басшының бірлігі қарастырылмаған аумақтық әділет органдарында) орындау үшін береді;

3) азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу бөлімінің маманы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне сәйкестігін тексереді;

4) ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» тіркеу пункті ақпараттық жүйесінде акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті басып шығарады;

5) тиісті азаматтық хал актілері туралы куәлікті қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызмет берушінің маманы көрсетілетін қызмет берушінің басшысына қол қоюға береді, одан кейін азаматтық хал актілері туралы куәлікке көрсетілетін қызмет берушінің елтаңбалы мөрі қойылады;

6) дайын азаматтық хал актілері туралы куәлік көрсетілетін қызметті алушыға қолхат негізінде беріледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері Стандарттың 4-тармағында бекітілген.

Мемлекеттік қызметті көрсетілетін қызметті беруші арқылы көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар:

1) өтініштің қабылданған күні;

2) қоса берілген құжаттардың саны;

3) құжаттарды беру күні, уақыты;

4) құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген қолхат беріледі.

10. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық қызметкерлерінің арасында өзара әрекет тәртібін сипаттау осы Регламентке қосымшадағы кестеге сәйкес келтірілген.

 

_________________________