A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мемлекеттік қызметтер МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР



Сұрақтар мен жауаптар.


1.Некеге тұру өтінішін тұрғылықты мекенжайымыз Түрксіб ауданында тіркелмесекте Түрксіб ауданы АХАТ бөліміне беруге бола ма?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 221 бап. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың тілегі бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі.

2. Түрксіб ауданы сотының неке бұзу шешімі бойынша қай ауданның АХАТ бөліміне өтініш беруге болады?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 239 бап 3 т. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімінің негізінде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеуді некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші органда жүргізіледі.

3. Баланың туу туралы куәлігіне өтінішті қайда беруге болады?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 188 бап. т.1. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу орны ҚР ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы кодексіне сәйкес Баланың тууын мемлекеттiк тiркеудi тiркеушi органдар баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзедi.

4. Баланың туу туралы куәлігіне беру өтінішінің мерзімдері

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 189-бап. ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы. Баланың тууы туралы өтініш беру мерзімдері Баланың тууы туралы өтінішті оның ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар тіркеуші органдарға ол туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс, ал бала өлі туған жағдайда, босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтінішті береді.  Үш жұмыс күні өткен соң берілген өтініш бойынша баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша тіркеуші орган жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі. 

5. Әкелік анықтауды тіркеу үшін қандай құжаттар қажет?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 204-бап. т.1 сәйкес Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу үшін негіз – Әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу;

1) баланың ата-анасының әке болуды анықтау туралы бірлескен өтініші;

2) анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған; анасы психикалық аурудың немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған; анасы ата-ана құқықтарынан айырылған не оның ата-ана құқықтары шектелген; баланың анасының тұрғылықты жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші;

3) әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болуды тану фактісін және әке болу фактісін анықтау туралы сот шешімі негізінде тіркеуші органдарда жүргізіледі.

 6. Аты-жөнімді ауыстыру үшін өкіл арқылы өтініш беруге бола ма?

 ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 186-бап. т. 4 Жеке адамдардың азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін сақтау міндеті Өкіл арқылы ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші негізінде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеуге, баланың ата-анасының бірлескен өтініші негізінде әке болуды анықтауға, тегін, атын, әкесінің атын өзгертуге жол берілмейді. 

7. Баланың туу туралы куәлігін тіркеу үшін қандай құжат негіз?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 187-бап. т. 1 Баланың тууын тіркеу үшін негіз Баланың тууын тіркеу үшін туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негіз болып табылады. 

8. Қайтыс болуды тіркеу үшін қайда өтініш беру керек?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы

269-бап. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу орны. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу қайтыс болған адамның тұрған жері бойынша немесе ол қайтыс болған жер бойынша тіркеуші органдарда жүргізіледі.

9. Қайтыс болу куәлігі кімдерге беріледі?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 273-бап. Қайтыс болу туралы куәлік беру Қайтыс болу мемлекеттік тіркелгеннен кейін қайтыс болған адамның мұрагерлерінің аясына кіретін жақын туыстарына, басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлықтарында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне қайтыс болу туралы куәлік беріледі.

1 бап т. 13 жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;

Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік іс қарауында жатқан нотариустың хабарламасы бойынша беріледі.

10. Шетел азаматтарының балаларына ЖСН беріле ма?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 199-бап. Шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстанның аумағында орналасқан тиісті шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде не, егер Қазақстан Республикасында мұндай жоқ болса, қызметін қоса атқаратын шетелдегі мекемелерде жүргізіледі. Шетелдіктердің балаларының тууын мемлекеттік тіркеу ол жөнінде Жеке адамдар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізілместен және балаға жеке сәйкестендіру нөмірі берілместен, олардың тілегі бойынша өздерінің тұрақты немесе уақытша тұратын жеріндегі тіркеуші органдарда жүргізіледі.

11. Атымды өзгерте аламын ба?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 257-бап. т. 9 Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу үшін негіз құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;  

12. Неке бұзу куәлігі ерлі-зайыптылардың екеуіне беріле ме әлде біреуін беріле ме?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 246-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік беру Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы акт жазбасының негізінде белгіленген үлгідегі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлікті тіркеуші орган олардың өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу уақытына қарамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу мемлекеттік тіркелген орны бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына береді. 

13. Неке бұзуды тіркеу мерзімі қысқартыла ма?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 240-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы бірлескен өтініші бойынша некені (ерлі-зайыптылықты)бұзуды мемлекеттік тіркеу мерзімдері Айлық мерзімнің қысқартылуы мүмкін емес.

14. Неке бұзылғаннан кейін жұбайымның тегінде қалсам бола ма?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 243-бап. Ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзғаннан кейін тектерін сақтауы немесе өзгертуі Некеге отыру (ерлі-зайыптылыққа тұру) кезінде өз тегін басқа текке өзгерткен жұбай, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу кезінде ортақ тегін сақтау немесе осы тегін некеге дейінгі тегіне өзгерту туралы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтініште көрсетуге тиіс.

15. Менің жұбайымның жасы 17 де неке қиюға бола ма?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 10-бап. т. 2 Неке (ерлі-зайыптылық) жасы Мынадай дәлелді себептер болған: 
1) жүкті болған; 
2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді.

16. Ажырасқаннан кейін балаларыма жұбайымның келісімінсіз өз тегімді бере аламын ба?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 64-бап. т.4 .Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда ресімдей отырып, бөлек тұрса және бала өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені ата-аналарының екіншісінің пікірін ескерместен, баланың мүдделеріне орай шешеді. 

17. Баланың туу туралы куәлігінде неге ұлты жазылмайды?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 65-бап. 2 т. Баланың ұлты. Егер ата-аналарының ұлты әртүрлi болса, ұлты балаға жеке куәлiк немесе паспорт берiлген кезде оның қалауы бойынша әкесiнiң немесе шешесiнiң қай ұлтқа жататынына сәйкес айқындалады.

18. Алты айлық мерзімде жүктімін жұбайым ажырасуға өтініш бере ала ма? 

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 16-бап. т. 2. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу. Некені (ерлі-зайыптылықты) зайыбының жүктілігі кезеңінде және бала туғаннан кейінгі бір жыл ішінде оның келісімінсіз бұзуға болмайды.

19. Қай уақыттан бастап неке бұзылды деп есептеледі?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 23-бап. т. 1. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған жағдайда оның тоқтатылу кезі. Тіркеуші органдарда бұзылатын неке (ерлі-зайыптылық) - азаматтық хал актілерін жазу кітабында некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуы мемлекеттік тіркелген күннен бастап, ал неке (ерлі-зайыптылық) сотта бұзылған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады. 

20. Қай кезде неке шартын жасау керек?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 40-бап. т. 1. Неке шартын жасасу. Неке шарты тіркеуші органға некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттiк тiркеу туралы өтініш берілген күннен бастап неке қию (ерлі-зайыпты болу) мемлекеттік тіркелгенге дейін де, некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезеңiндегі кез келген уақытта да жасалуы мүмкiн.

21. Неке шарты қалай жасалады?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 40-бап. т. Неке шарты жазбаша түрде жасалады және міндетті түрде нотариатта куәландырылуға жатады. 

22. Неке қиюды тіркеу кезінде жұбайымның тегін ала аламын ба?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 225-бап. т. 1. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде ерлі-зайыптылардың тектерін жазу тәртібі. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейінгі тегін екінші жұбайының тегіне өзгертуге тілек білдірген жұбайға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасында ортақ тек ретінде таңдап алынған тегі көрсетіледі.

23. Жұбайымды ата-ана құқығынан қалай айыруға болады?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 76-бап. т. 1. Ата-ана құқықтарынан айыру тәртібі.Ата-ана құқықтарынан айыру сот тәртiбiмен жүргiзiледi. 

24. Қай жасқа дейін баланы асырап алуға болады?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 84-бап. т. 1.Асырап алуға жол берілетін балалар. Тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.  Бұл ретте баланың жас мөлшері, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі. 

25. Қанша уақыт аралығында неке қию куәлігін алуға болады?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 222-бап. т. 2. Некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш беру мерзімі және неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу мерзімі.Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеуді некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы бірлескен өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткен соң тіркеуші орган жүргізеді.  

26. Бала өзінің биологиялық әке-шешесімен тұратындықтан асырап алу акт жазбасын жоюға бола ма?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 255-бап. т. 1. Бала асырап алу туралы жазбаның күшін жою.Бала асырап алу туралы жазба бала асырап алудың күшін жою туралы немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жойылады. 

27. Мен жалғыз басты анамын 7 жасар қызымның туу туралы куәлігінде әкесі деген мәліметті алып тастауыма бола ма?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы192-бап. т. 4. тт 2. Баланың туу туралы акт жазбасына ата-аналары туралы мәліметтерді енгізу тәртібі.Баланың әкесі туралы мәліметтер анасының тілегі бойынша туу туралы актілер жазбасына енгізілмеуі мүмкін;  

28. Аты-жөнімді ауыстыру үшін қай АХАТ бөліміне өтініш білдіруім керек?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 258-бап. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу орны. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтініш тіркеуші органға өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша беріледі.

29. Тіркеуші органдардың қызметкерлері бала асырап алу жөніндегі ақпаратты құпия ұстайтынына сене аламын ба?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 256-бап. т. 1.Тіркеуші органдардың бала асырап алудың құпиясын қамтамасыз етуі. Тіркеуші органдардың қызметкерлері бала асырап алушының келісімінсіз бала асырап алу туралы қандай да бір мәліметтерді хабарлауға және бала асырап алушылар асырап алынған баланың ата-анасы емес екені олардың мазмұнынан көрініп тұратын құжаттарды беруге құқылы емес. 

30. Маған жыныс ауыстыру үшін ота жасалды, соған байланысты менің аты-жөнімді өзгерте аламын ба?

ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 257-бап. т. 13. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу үшін негіз – жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.