A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Әлеуметтік шеңбер ӘЛЕУМЕТТІК ШЕҢБЕР



Бөлімнің атқарған жұмыстарының қорытындысы


Түрксіб  ауданы аумағында 28 243 зейнеткер тұрады, оның: ҰОС қатысқандар - 45,   ҰОС мүгедектері - 3,  тылда жұмыс істегендер – 2 277,  соғысқа қатысып жесір қалғандар - 1, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілгендер - 665,  Ленинград қамауында болғандар – 7,  концлагерь  тұтқынында болғандар - 6.

296 жалғыз басты және жалғыз тұратын азаматтар, оның ішінде 51 мүгедек және 245 қарттар аудан әкімінің аппаратындағы үйде әлеуметтік көмек көрсету  3 бөлімшенің есебінде тұр.

2017 жыл басынан бастап аудан әкімімен бөлімдерімен, қызметтік бөлімшелермен, үкіметтік емес ұйымдармен халықтың әлеуметтік-қорғалмаған топтарын әлеуметтік қорғау бойынша жұмыстар атқарылуда. Есептік кезеңде ҰОСҚ, тыл майданының қатысушысыларына, жалғысбасты және жалғыз тұратын азаматтарға, аз қамтылған отбасыларына қысты шығарып салу «Масленица», 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні және Наурыз мерекесі, Жеңіс күні және т.б.мерекелерге арналған қайырымдылық акциялары өткізіледі, оның ішінде: 4 кездесу «Жүрек жарды» (400 адам), қаладағы саябақтарды, мұражайларды және метрополитенді аралау бойынша  7 экскурция өткізілді,  «Арман» кинозалына барды (500 адам) 1600 зейнеткерлер арасынан мерейтой иелеріне арналған.

Аудан кәсіпкерлері мен ұйымдар басшыларымен көпбалалы, аз қамтылған, мүгедек және жетім балалар үшін акциялар өткізілді.

·ағымдағы жылдың 25 мамыр мен 4 маусым аралығында 200 балаға арналған  «Юный домостроитель» балалар сауықтыру орталығында  балалар демалысы ұйымдастырылды;

·Ағымдағы жылы 30 тамызда «Мектепке жол» атты республикалық акция аясында 280 балаға тегін мектепке қажетті заттармен сөмкелер таратылды. 

2017 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 3 264 адамға әлеуметтік көмек көрсетіліп, 89,9 млн. тг. көлемінде төлем төленді.   Сауықтыру демалысына  және емделуге 555 зейнеткер жеңілдік жолдамасын алды.

Аудандағы 72 мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге 6 348 бала қабылданды, алдыңғы жылмен 793 балаға көп (2016 жылмен салыстырғанда – 5912 бала).

2017 жылдың қаңтар айынан бастап 15 мектепке дейінгі жекеменшік балабақшада 478 орын ашылып,  мемлекеттік білім беру тапсырысымен 365 бала қабылданды. Оның ішінде:

·       11 шағын орталық толық күнмен – 415 орын;

·       4 шағын орталық толық емес күнмен - 63 орын;

 Барлығы 111 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлердің инвестициялық салыным сомасы 97,3 млн. теңгені құрады.

28 жалпы білім беру мектептерінде  жоба бойынша 21 910 орындарында 28 067 оқушы оқуда (2016-2017 жылдары 26 490 оқушы).

Ауданда ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап күрделі жөндеу жұмыстары және  сейсмикалық күшейтумен қалпына келтіру жұмыстары жасалды:

·       №71 лицей (Стахановская көшесі,23);

·№20 мектеп (Герцен көшесі,154), №106 (Фучик көшесі,44), №162 (Сүйінбай даңғылы,207).

·№9 қалалық емхана (Шолохов көшесі,9);

·Алтай ы/а туберкулезге қарсы диспансер;

·№ қалалық клиникалық аурухананың бұрынғы ғимараты (Папанин көшесі,220).

Ауданда 11 денсаулық сақтау нысандары орналасқан, оның ішінде 7 қалалық емхана (ҚЕ №№9,13,19,20,24,28,32) және 4 стационарлық мекеме (№4 ҚКА, Ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер, №4 перзентхана, темір жол ауруханасы).

Жұмыс тобымен ауданның 49 кәсіпорынында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін ендіру туралы түсіндірмен жұмыстары жүргізіліп (3 222 адам қамтылды) және 181 кездесу өткізілді (150 000 адам қамтылды).