A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Әлеуметтік шеңбер ӘЛЕУМЕТТІК ШЕҢБЕР



Әлеуметтік сала бөлімінің есебі


Түрксіб ауданында 28 636 зейнеткер тұрып жатыр, оның ішінде 29 Ұлы Отан соғысының ардагерлері (оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері - 2), тыл ардагерлері - 2059, ҰОС және мүгедектеріне теңестірілгендер - 649, бұрынғы қоршауда болған Ленинград тұрғындары - 6, бұрынғы кәмелетке толмаған концлагерліктер - 5.

Аудан әкімінің аппаратында, үйде әлеуметтік көмек көрсету бойынша үш бөлім, 290 жалғыз және жалғыз тұратын азаматтарға (оның ішінде 50 мүгедек) қызмет көрсетеді.

Жыл басынан бері халықтың әлеуметтік аз қамтылған топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында әкімдіктермен және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс жүргізілді. Есеп беру кезеңінде                                       45 қайырымдылық іс-шаралар жүргізілді, соның ішінде республикалық акция аясында « Мектепке жол» 300 балаға мектеп құралдары тегін берілді.

«Я Алматинец» қоғамдық ұйыммен бірлесе отырып «Мейірімді істер саясаты» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасылар мен аз қамтылған отбасыларынан шыққан 850 балаға Алматы және Алматы облысының ойын- сауық және демалыс орындары көрсетілді. Сонымен қатар 330 жалғыз басты зейнеткерлерге азық-түлік себеттері беріліп, 15 аз қамтылған отбасыларына көмір тотығы газынан сақтау датчиктері орналастырылды.

«Қарттар жылына» арналған іс-шараларға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету үшін «Күміс Ғасыр» қоғамдық қорымен бірге, зейнеткерлік жасына жеткен адамдарға, күндізгі көмек көрсету орталығы                 56 орынға ашылды (Потанин көшесі, 247а). Сонымен қатар мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде, мүгедектігі бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту орталығы «Мейірім»»жеке қоры, 60 орынға қабылдауды өз жұмысын жалғастырды (Ахан Сері көшесі, 154).

2018 жылдың қаңтарынан бастап аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 3 554 адамға жалпы соммасы 129,2 млн. теңге әлеуметтік көмектер төледі.

441 зейнеткер емделу мен сауықтыру орындарына жеңілдікпен жолдама алды.

Анықтама:

- 14,4 млн.теңге мөлшерінде аз қамтылған 71 отбасы (299 отбасы мүшелері) атаулы әлеуметтік көмек алды;

- 1 649 зейнеткерге әлеуметтік көмек 51,9 млн теңге мөлшерінде

төленді.

- біржолғы әлеуметтік көмек 862 аз қамтылған азаматтарға 18,1 млн.теңге төленді;

- табиғи апат, өрттің нәтижесінде немесе азаматқа (отбасына) мүліктеріне зиян келтірумен байланысты біржолғы әлеуметтік көмек 3 адамға 505,0 мың теңге төленді;

- 262 аз қамтылған отбасыларға (365 отбасы мүшелері) 5,5 млн. теңге сомасында тұрғын үй көмегі төленді;

- үйде мүгедек балаларды тәрбиелейтін және оқытып тәрбиелейтін 167 отбасына 5,6 млн. теңге көлемінде жәрдемақы төленді;

- ыстық және суық су үшін жеке есептегіш құралдарды сатып алуға, орнатуға немесе салыстыруға арналған өтемақы үшін әлеуметтік көмек 83 адамға 796,9 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

- 28 соғыс ардагерлеріне (ҰОСА, ҰОСМ) 3,9 млн. теңге көлемінде ай сайынғы әлеуметтік көмек көрсетілді;

- амбулаториялық емдеу кезінде туберкулезбен ауыратын 98 адамға әлеуметтік көмек 14,1 млн. теңге сомасында.көрсетілді.

Ауданның 95 мектепке дейінгі мекемелерінде 6893 бала тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл көрсеткіш былтырғы 2017ж. 6365 бала санымен салыстырғанда 528 балаға артық.

оның ішінде:

22 Мемлекеттік - 4 016 бала;

40 жеке меншік-1 729 бала;

33 шағын орталықта-1 148 бала.

2018 жылы 798 орынға дейін 25 жеке меншік мектепке дейінгі мекемелер ашылды, 320 бала мемлекеттік тапсырыспен орналастыру бойынша, оның ішінде

- 565 балаға 17 балабақша;

-233 орынға арналған 8 шағын орталық.

148 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлердің салған инвестицияларының жалпы сомасы 70,0 млн. теңгені құрады.

Аудан аумағында 26 Мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп орналасқан. 2018 жылы ҰБТ – ға 571 түлек қатысты, орташа балл-109, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 11 балға жоғары, - 98 ұпай. Үздік оқығаны үшін 40 түлек "Алтын белгі" белгісімен (2017 жылы - 16), үздік аттестат 69 түлек (2017 жылы – 52) марапатталды.

Ауданда 12 Денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 7- қалалық емхана (МК)№№9, 13, 19,20, 24, 28, 32) және 5 стационарлық мекеме (№4 ҚКБ, ауданаралық тубдиспансер, №4 перзентхана, т / ж ауруханасы, онкоцентр). Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап №4 ҚМК 2 қабатты ғимаратында сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеуден кейін "Алматы қалалық Онкологиялық орталығы" ШЖҚ МКК 170 орынға, 250 адам күніне қабылдап, жұмыс атқарды.

2019 жылы 4 әлеуметтік сала . объектілерін іске қосу жоспарланып отыр.

- «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ 2-ші Остроумов к-сі, РВ-90, 360 орындық;( жұмыстың аяқталу мерзімі 2019ж қаңтары)

- №4 перзентханаға қосымша корпус;( жұмыстың аяқталу мерзімі наурыз 2019ж )

 - отбасылық-дәрігерлік амбулатория №32 ш.а. Алтай-1, ауысымына қабылдауы 100 адам (жұмыстың аяқталу мерзімі-2019ж. ақпан.);

- Жас Қанат шағын ауданындағы 280 орындық балабақша (жұмыстың аяқталу мерзімі-наурыз 2019ж.).

 Жобалық сметалық құжаттамалардың әзірленуі

- сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу №86 балабаша ( Сүйінбай даңғылы, 465) және фтизиопульмонология орталығы ( Остроумов к-сі,45а)  

- қосымша құрылысқа №61 орта білім беру мектебі ( Л.Толстой к-сі,20)

- қосымша құрылысқа №32қалалық емхана ( Монтажная к-сі,33 )

Құрылыс

-Жас қанат шағын ауданында 280 орынға балабақша

- Нұршашқан шағын ауданында 600 оқу орнына арналған жалпы білім беретін мектеп ( бұрынғы Колхозшы ш.а )

Жобалық сметалық құжаттамаларды түзету

- сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу №49 жалпы білім беретін мектеп ( Кассин к-сі, 47).