A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



№7 Оқушылар үйі


 Алматы қалалық Білім беру Басқармасының «№7 Оқушылар үй» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның қызметі туралы ақпарат

         Алматы қалалық Білім беру Басқармасының «№7 Оқушылар үй» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын ұйымдастыру-құқықтық формадағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

Государственное коммунальное казенное предприятие «Дом школьников №7» Управления образования города Алматы является юридическим лицом в организационно-правовой форме государственного коммунального предприятия обладающее государственным имуществом на праве оперативного управления.

Алматы қалалық Білім беру Басқармасының «№7 Оқушылар үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын Алматы қалалық Әкімшіліктің 2007 жылдың 7-тамызындағы №6 835 Қаулысы бойынша бұрынғы КСМК клубының базасында Алматы қалалық білім беру Басқармасының «Қосымша білім беретін балалар орталығы»МКҚК атауымен құрылған.

  Алматы қалалық Әкімшіліктің 2008 жылдың 26-тамызындағы №№4/682 «2008-2009 жаңа оқу жылындағы білім беруді ұйымдастыру жүйесі туралы» Қаулысы және Алматы қалалық қосымша білім беру Басқармасының 2008 жылдың 23-желтоқсанындағы «Алматы қаласы қосымша білім беру ұйымдарының атауларын қайта тіркеу туралы» №691 Бұйрық бойынша Алматы қалалық білім беру Басқармасының «№7 Оқушылар үй» МКҚК деген атпен қайта өзгертілді.

Ресми түрде ашылуы 2008 жылдың 4-қазанында болды.  

Жалпы алаңы  - 608 шаршы.м., 2 қабатты.

2-қабатта 7 кабинет бар, олардың ішінде үйірме жұмыстары үшін 5 кабинет жабдықталған, 1 кабинет - әкімшілік, 1-әдістемелік:

- қазақ және ағылшын тілдері кабинеті;

- лего клуб кабинеті;

- ИЗО және шахмат кабинеті;

- қолданбалы шығармашылық, кіиімдерді сәндеу және құрастыру кабинеті;

- хороеграфия залы;

- қабылдау бөлмесі;

- әдістемелік.

1-қабат: мәжіліс залы, костюмер-гримерлік, музыкалық аспаптарды сақтайтын қойма.  

Бірінші және екінші қабатта сан тораптар және дәретхана орнатылған.

 2- қабатта қызметкерлерге арналған дәретхана

1- қабатта ер балалар мен қыздерға арналған дәретхана.

Жобаның қуаттылығы – 500 адам.

Педагогтар мен жұмысшылар штаты  – 32 адам.

Мұнда қазақ,орыс,ағылшын тілдері оқытылады

Үйірме жүйелері – 22 атаумен, 5 жастан 18 жасқа дейінгі оқушылардан 1259 баланы қамтыған.

Заңды мекен-жайы және реквизиттері:

Алматы қаласы , 050028

Тельман көшесі, 4а үй (Түрксіб бесжылдығының аймағында)

Телефоны: 2905098, факс 2783984

РНН 600800525233

e-mail: dsh_7@mail.ru

Директоры: Дауылбаева Айнұр Мұратқызы

№7 Оқушылар үйі үш жылдан бері жұмыс істеп келеді және өз қызметін  ҚР Конституциясымен, ҚР Азаматтық кодекспен, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы», «Кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты және бақылаусыздық пен панасыздықты алдын алу туралы», «ЖҚТБ ауруын алдын алу туралы», «Шылым шегуді шектеу және алдын алу туралы», «Дені сау халық»Мемлекеттік бағдарламасы туралы», «Мектептен тыс ұйымдардағы қызмет туралы» Заңымен, Алматы қалалық білім беру Басқармасының  «№7 Оқушылар үйі» МКҚК бекіткен жарғысымен басшылық етеді.

            «№7 Оқушылар үйі» МКҚК қызметінің негізгі мақсаты:

Баланың қабілетін ғылымның әр қырынан дамыту, мәдениет, өнер, техника және спорт, таңдап алынған жұмыс түріне кәсіби баулу, оларды толық жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

                 Педагогикалық ұжымның алдына қойған тапсырмасы:

Балалар мен жастардың шығармашылық еңбегін, өзін-өзі кәсіби түрде билеуге, денсаулығын бекіту, жеке басын дамыту үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету;

 Балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық өмірге бейімдеу;

Оларды күтіп қарайтын бос уақыттарын ұйымдастыру;

     Өскелең жас ұрпақтың азаматтық танымдылығын, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру.

        Оқушылар үйінде қойылған мақсатқа жету және тапсырманың негізгі жұмыстарын жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының білім Министрлігімен бекіткен бағдарламаға және балалардың сұрауымен, отбасылардың, білім беру мекемесінің, балалар мен жасөспірімдер бірлестігі мен ұйымдардың талабымен, ауданның әлеуметтік-экономикалық ерекшелігін және ұлттық-мәдени дәстүрін дамыту есебінде оқу-тәрбиесінің жүзеге асырылған кешенді жоспарына сәйкес жүргізіледі.

    №7 Оқушылар үйінің әкімшілігі оқу процессін, бағдарлама формасын және бөлімдердің әдістемелік жұмыстарын, қосымша білім берудегі педагогикалық қызметкерлердің шеберлігін жетілдіруге бағытталған әдістемелік жұмыстардың үздіксіз жүргізілуін және күнтізбелік-тақырыптық және сабақ жоспарларының орындалуын, ашық сабақ, семинарлар, мастер класс, балалар мен ата-аналарды тартуға байланысты акциялардың өткізілуін бақылап отырады.

   Оқушылар үйі балалармен жасайтын өз жұмыстарын жылдың барлық күнтізбесі  бойынша ұйымдастырады. Балалармен жасайтын жұмыстар бірыңғай жастағы клубтың формасындағы, студиялар, ансамбль, топтар, секциялар, үйірмелер, театрлар және тағы басқа бірлестіктерде жүзеге асырылады. Жазғы демалыс уақыттарында балалардың және жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді өткізу үшін күндіз болатын лагерлер, демалысты ұйымдастырып қана қоймайтын, сонымен бірге балалардың шығармашылық мүмкіндігін жан-жақты дамыту жұмыстары енгізілген «Жаз» арнайы жүзеге асырылған жоспардағы лагерлер ұйымдастырылады. Жаңа оқу жылында балаларды қабылдаған сияқты жазғы кезеңдерде ата-аналардың арызының негізінде балаларды өз еркімен қабылдау жұмыстары жүргізіледі.

       

БІЛІМ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ

      «№7 Оқушылар үйі» МКҚК білім беру үдерісі әр баланың табиғи бейімділігі мен зеректігін ерте айқындауға, жеке тұлға сияқты баланы дамыту үшін мүмкіндік береді.

  Қосымша білім беру қызметтері тегін және білім беру қызметінің келесі бағыттары бойынша  ұсынылады:

1. Балаларды хореографияға, театрлық және музыкалық өнерге үйрету, үйірме және ансамбльдер аясында қазіргі заманғы және дәстүрлі халық өнеріне қызығушылығын арттыруға көркемдік-эстетикалық бағыттар бағдарланған:   

 «Жайна» Би ансамблі  

«Вдохновение» Би ансамблі

«Достык» Би ансамблі

Эстрадалық ән үйірмесі

 «ВИА-гитара» Үйірмесі  

«Қазақ халқының аспаптары» Ансамблі

 «Дәстүрлі ән» Үйірме

 «Шаттық» Вокалдық топ

2. Балалардың шығармашылық қабілетін, қол қимылдарын дамыту, есте сақтау қабілеттерін арттыру, еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа және сабырлыққа тәрбиелеу үшін бейнелеу-қолданбалы бағытқа жағдай жасайды.

«Радуга» Бейнелеу өнер студиясы  

«Ақзер» сәндік – қолданбалы үйірме  

3. Спорттық – техникалық бағыттар мақсатты техникалық ойлауды, құрастыру және моделдеуге үйрету, жасөспірімдердің альтернативті тәуекелді мінез-құлыққа ұсынылатын үйірмелерді біріктіреді.

Киімдерді моделдеу және құрастыру

Лего-клуб

Шахмат – шашка

Брейк - данс

4. Экологиялық бағыттағы негізгі жұмыстар – экологиялық білім беру, қоршаған ортаны қорғау,табиғатқа деген сүйіспеншілігін және ұқыпты қарау керектігін үйрету болып табылады.

   Аймақтық экологиялық штаб

5. Клубтық бағыт позитивтік ойлау, өзін-өзі бағалау, жауапкершілік және шыдамдылық дағдыларын жетілдіреді. Клуб жұмыстарының әдісі мен  үдерісі балалардың өзара тілдесуін толықтыру, сенім және жайлылық атмосферасын құру, бір-бірімен тез танысып және достасу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.

   «Ювента» Жастар клубы

«Жас көшбасшылардың клубы»

6. Тіл мәдениетіне бағытталған ҚР «Тіл туралы» Заңымен жүзеге асырылады және әлемдік қоғамдастықтағы ықпалдастықта және глобализациялық жағдайда балалар мен жасөспірімдерді дамыту жолында талап етілген бағыттардың бірі болып табылады.    

Қазақ тілі

Ағылшын тілі  

7. Әдеби-көркемдік бағыт – бұл тәрбиеленушілерден ықылас және талантты талап етіп қана қоймайтын, сонымен бірге жан-тәнімен еңбек сүйгіштігін талап ететін ауыр да және қызықтырғыш бағыт. Аталған бағытта ата-аналар мен балалардың бірлескен жұмысының, сонымен бірге №7 оқушылар үйінің және отбасының өзара әрекетіндегі жұмыстардың нақты нәтижесін көруге болады.

 

«Капитошка» Қуыршақ театры

Көркем сөз

Дикторлық шеберлік

8. Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен қамтылмаған балалар үшін жалпыға міндетті құқықтық оқуды жүзеге асыру аясында мектепке дейін қосымша білім беру бағыты құрылған.     

«АБВГДЕЙКА» Дамытушы үйірме

«ШАМШЫРАҚ» дамыта оқыту үйірмесі

                                              ТӘРБИЕЛЕУ ЖҰМЫСЫ

            Тәрбиелеу жүйесі білім беру үдерісін, сабақтан тыс айналысатын, балалардың бір-бірімен тілдесу және даму үдерісіндегі, қабілеті мен талантын, өз шеберлігін көрсететін әртүрлі жұмыстардың барлығын қамтиды.

«№7 Оқушылар үйі» Тәрбиелеуші жұмыстар 6 басым бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

Құқықтық және мәдени тәрбие. Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру.

Азаматтық-патриоттық тәрбие. Баланың жеке әлеуметтік-маңыздылығын және жеке сапасын қалыптастыру.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі. Тұлғаның өзін-өзі тануын және өздігінен дамуындағы талабын қалыптастыру.

Экологиялық тәрбие. Эстетикалық тәрбие.

Кәсіби – шығармашылық тәрбие. Еңбек-экономикалық тәрбие.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

«№7 Оқушылар үйі» МКҚК тәрбие жүйесінде тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде 3 деңгейді пайдаланады:

1-деңгей – көпшілік іс-шара (фестивальдар, мерекелер, байқаулар, спорттық-ойын-сауық жарыстар, кездесулер, акциялар және т.б.)

2-деңгей – топтық жұмыс формасы (үйірме, клубтар, штаб, ансамбль, оркестржәне т.б.)

3-деңгей – жеке тұлға-бағдарлау тәрбиесі (жеке жұмыс,әңгімелесу, анкета жәнет.б.)

МЕКТЕП ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС

«Бірыңғай білім құру және социумдағы тәрбие кеңістігі»

Өскелең ұрпақты тәрбиелеуге кешенді және үйлестірумен қамтамасыз ету үшін ауданның мектептері және мекемелерімен бірлесіп мектептің, мектептен тыс мекемелер және басқа да барлық мәдени-ағарту ұйымдардың барлығында тәрбие жұмыстарының күшін біріктіруге мүмкіндік беретін, әртүрлі іс-шараларды өткізу бойынша жұмыс жоспары жүзеге асырылған.

Мектептермен өзара бірлескен әрекеті ұйымдық қызметтің тиімділігі, кеңейтілген бағыт, жалпы мәселені шешетін жаңа жолдарға дайындыққа бағытталған басым бағыттардың бірі болып табылады.  

Өскелең жас ұрақты тәрбиелеу және бірыңғай білім беруді құру және тәрбие кеңдігіндегі кешендік жоспарларды жүзеге асыру аясында жыл сайын келесідегідей іс-шаралар ұйымдастырылады және өткізіледі:

«Отбасындағы бірлік»,

«Менің отбасым – менің мақтанышым!»

Ата-аналар мен балалар үшін «Ашық есік күні»

«Жаңа жылдық шыршалар»

«ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсеу»

Бұрынғы фашизм тұтқынында болған кәмелеттік жасқа толмағандармен кездесу

Айрықша күндердің құрметіне қалалық және аудандық іс-шаралар

Балалар мен жасөспірімдер үшін қалалық және аудандық байқаулар

Қосымша білім беру – бұл ерекше бір әлем және өз істерінің кәсіби шебері бола білген педагогтардың арқасында болуы мүмкін.

«№7 Оқушылар үйі» МКҚК педагогикалық ұжым – бұл қосымша білім беруде жұмыс істейтін 24 педагогтың кемеңгерлігі және ынтасы. Олардың 7-еуінде біліктілік санаты, 5-еуінде- бірінші біліктілік санаты бар, 7-еуі жас педагогтар.

 

     ҚАЗІРГІ ЖАСТАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫ   

Қазіргі жастардың бос уақыты әртүрлі көз қараста қаралады: мемлекеттік саясаттың бөлігі, әлеуметтік даму факторы болуы мүмкін және бос уақыт кезінде жақсы тәрбие үлгісін көресту, осыған байланысты «№7 Оқушылар үйі» МКҚК сабақ оқудан басқа тәрбиеленушілер үшін маңызды бос уақыттық қызметтер ұйымдастырылады: байқаулар,ойындар, викториналар, фестивалдар,демалыс кештері, би кештері, пікірсайыстар, танымал тұлғалармен болатын кездесулер, олардың үлгеріміне тәуелсіз, әсіресе өзіне педагогикалық назарды талап ететін қиын жасөспірімдерді, балалардың барлығын жұмысқа тарту сияқты шаралар өткізіледі.

    Кең көлемді үйірме спектрі және жес ерекшелігіндегі топтар бос уақыттарында балаларды көшеден әкету ғана емес, сонымен бірге олардың өздерінің ителлектуалды және шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесетін сабақтарды табуға мүмкіндік береді.

Балаларға қосымша білім берудің құндылығы жалпы білімдегі вариативтік құрауды күшейтеді және балалардың өзін-өзі кәсіби деңгейде ұстауға, мектептің базалық компонентінде алынған олардың білімін, күшін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

   «№7 Оқушылар үйі» МКҚК қызметі және жұмысының нәтижесі балаларға қосымша білім беру жүйесі арқылы балалардың және отбасының әлеуметтік-экономикалық мәселесі шешіліп қана қоймайды, сонымен бірге сауықтыру және қазақстандық қоғамның тұрақтылық мәселесі де шешімін табады.