A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы 12 айда атқарылған жұмыстары бойынша есебі.


Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016 жылғы 12 айда

атқарылған жұмыстары бойынша есебі.


Бекітілген жоспар бойынша 2016 жылдың 12 айында 114 аудандық мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізді (адам саны 38100), оның ішінде 61-мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған (адам саны 29290), 40 спорттық іс-шара (адам саны 8140), 13-мемлекеттік тілді насихаттауға арналған (адам саны 670).

16.01.2016 года С.Сейфуллин атындағы саябақта спорттық бағыттаудан жарыс өткізді. Жарысқа 26 команда  150 адам қатысты. Қорытынды бойынша 1 орын - №44 мектеп гимназиясы, 2 орын- №61 орта мектеп, 3 орын- №106 орта мектеп.

29.01.2016ж. Жұлдыз ықшам ауданында «Алматы» телеарнасының түсіруімен мұз айдынының салтанатты ашылуы өткізілді. Мектеп оқушыларының арасында спорттық жарыс өткізілді, шараға 260 адам қатысты.

31.01.2016 ж. Аламты жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінде студенттер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды –Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, 2 орынды- №1 қазақ ұлттық педогогикалық колледжі, 3 орынды – авиациялық колледжі иеленді. Қатысушылар саны 100 адам.

07.02.2016 ж. №84 орта мектепте оқушылар арасында «Менің жанұям» атты спорттық іс-шара және  студенттер арасында баскетболдан жарыс өткізілді. Қорытынды бойынша  1 орынды - Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, 2 орынды - авиациялық колледжі, 3 орынды-  азаматтық авиация академиясы иеленді. Қатысушылардың саны 150 адам.

10.02.2016ж. №61 мектепте  Нұр Отан патиясы, Қазақ тілі қоғамы және аудандық білім беру бөлімімен біріге отырып  «Мемлекеттік тілді дамыту- елімізді дамытудың  бірден бір негізгі жүйесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қатысушылардың саны 40 адам.

13.02.2016 ж. «Караван сарай» мейрамхана кешенінде мемлекеттік қызметкерлердің арасында  бильярдтан жарыс өткізілді. Қорытынды бойынша  1 орынды – аудандық прокуратура, 2 орынды – аудан әкімінің аппараты, 3 орынды- аудан әкімінің аппараты иеленді. Шараға 30 адам қатысты.

14.02.2016ж. № 76 орта мектепте студенттер арасында волейболдан жарыс өткізілді. Ұлдар арасында 1 орынды- азаматтық авиация академиясы, 2 орынды- Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі,             3 орынды – авиациалық колледжі иеленді. Қыздар арасында 1 орынды –  Авиациялық колледж. 2 орынды -Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі, 3 орынды - №1 қазақ педагогикалық колледжі. Қатысушылар саны 150 адам.

20.02.2016ж. «Атлант» атқыштар клубында кәсіпқой аңшылардың арасында нысанадан көздеп ату жарысы бойынша турнир өткізілді.  Аталмыш шараға 22 адам қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша  1орынды – Шорин Талгат , 2 орынды – Яковлев Григорий, 3 орынды – Жилишкин Асан иеленді.

21.02.2016ж. «Абылай хан » спорт кешенінде мемлекеттік қызметкерлердің арасында шағын футболдан жарыс өткізілді.  Жарысқа 100 адамнан құралған 8 команда қатысты. 1 орынды – ХҚКО, 2 орынды – АБББ, 3 орынды –АЖКжТК. Қатысушылар 100 адам.

27.02.2016ж. «Авиатор» стадионында  қыстық  Президенттік тестілеуден спорттық жарыстар өткізілді. Шараға 2000 адам қатысты.

05.03.2016 ж. №6 Оқушылар үйінде  8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған аудандық салтанатты іс-шара өткізілді. Бағдарламада:  №6,7 Оқушылар үйінің, № 83 гимназияның ұжымдарының  және ҚР еңбегі сіңген әртістердің қатысуымен концерт, «Түрксіб ауданының әйелдері» атты сурет көрмесі,  «Қала шеберлері» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Мерекеге 350 адам қатысты.

06.03.2016ж. «Абылай хан » спорт кешенінде ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарының арасында волейболдан жарыс өткізілді. Турнирге 6 командадан құралған 100 адам қатысты. Қорытынды бойынша 1 орынды – АВЖЗ, 2 орынды – АЖКжТК, 3 орынды – Локомотив депосы иеленді.

09.03.2016 ж. №6 Оқушылар үйінде студенттік жастардың арасында шахматтан жарыс өткізілді. Жарысқа 7 командадан құралған 50 студент қатысты. Қорытынды бойынша 1 орынды – Авиациалық колледж, 2 орынды – Азаматтық авиация академиясы, 3 орынды – АЖКжТК иеленді.

13.03.2016ж. № 6 Оқушылар үйінің аумағында «Масленица» аудандық қысты шығарып салу мерекесі өткізілді. Бағдарламада : концерт, қолөнер көрмесі, спорттық ойындар,  «Ең үздік құймақ фантазиясы» атты конкурстар. Шараға 2000 адам қатысты.

18.03.2016ж.  Жұлдыз ықшам ауданында «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шарасы өткізілді, мерекелік концерт, сауда нүктелері және спорттық ойындар ұйымдастырылды. Мерекеге 1000 адам қатысты.

22.03.2016ж. С.Сейфуллина атындағы саябақта  аудандық «Наурыз мейрамы» іс-шарасы өткізілді. Бағдарламада: концерт, мерекелік сауда, ұлттық спорт ойын түрлері (асық ату, тұмақ ұру, бұқа тартыс және т.б.)  және демалыс орталықтарының арасында шағын футболдан жарыс  өткізілді, «Қала шеберлері» көрмесі, наурыз көже, палау, бауырсақ ыстық шай тарату қайрымдылық акциясы өткізілді. Мерекеге 3000 адам қатысты.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған  1 сәуір күні № 6 Оқушылар үйінде ауданның белсенділеріне арналған ҚР еңбегі сіңген әртістердің қатысуымен қайрымдылық концерті өткізілді. Шараға 350 адам қатысты.  

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесінің бекітілген кестесіне сәйкес 10.04.2016 жылы  роща Баум саябағында аудан оқушылары және тұрғындарының арасында 200 адамның қатысуымен бұқаралық велошеру өткізілді.

10.04.2016 ж. Әуежай өзенінде Демалыс орталықтарының арасында өзен туризмі бойынша жарыс өткізілді. Аталмыш жарысқа 20 команда, 100 адам  (Түрксіб , Әуезов, Медеу, Жетісу, Іле аудандарының қатысуымен).  Жарыстың қортындысы бойынша  1 орынды –Түрксіб ауданының Демалыс орталығы, 2 орынды- Медеу ауданы «Қайсар Демалыс орталығы», 3 орынды – Түрксіб ауданы «Қарлығаш»  Демалыс орталығы иеленді.

16.04.2016ж. «Авиатор» стадионында «Айбын» әскери-патриоттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Қорытынды бойынша: 1 орын - №78 орта мектеп, 2 орын - №71 лицей, 3 орын - №61 орта мектеп иеленді.  1 орынды иеленген №78 орта мектеп қалалық жарыста жүлделі орынды жеңіп алды.

20.04.2016ж. «Батыр»  Демалыс орталығында «Қазақ күресі» ұлттық спорт түрінен іріктеу жарысы өткізілді. Жарысқа 16 спортшы қатысты.  1 орынды- Мұсаев Ұлан, 2 орынды – Қабаев Бауыржан , 3 орынды – Орынбасар Рүстем жеңіп алды. 1 орын жеңімпазы қалалық жарысқа қатысты.

23.04.2016ж. Жұлдызықшам ауданында орналасқан футбол алаңында ҚР Отан қорғаушылар күніне арналған әскери бөлімшілерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 100 адамнан астам қатысуымен 12 команда жиналды. Қорытынды бойынша 1 орынды- 2458 ә/б, 2 орынды – 53975 ә/б, 3 орынды-  ҚӘӘИ иеленді.

28.04.2016ж. «Аяжан»  медициналық колледжінде «Тіл шебері» аудандық конкурсы өткізілді. Шараға 20 адам қатысты.

2016 жылдың 1 мамырында сағат 10.00 де  С. Сейфуллин атындағы саябақта Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мереке өткізілді. Бағдарламада: концерт, мерекелік сауда – саттық, қол өнер шеберлерінің көрмесімен  этно – мәдени орталықтардың қалашығы (Қазақ тілі қоғамы, Армян ЭМО, Ингуш ЭМО, Түрік ЭМО, Ұйғыр ЭМО, Түрікмен ЭМО), ұлттық киімдері, тағамдар мен ұлттық ойындары (2000 адам).

07.05.2016 ж. Отан қорғаушылар Күніне орай ауданның Құрлық әскерлерінің әскери институтында мерекелік концерт ұйымдастырылды (400 адам).

06.05.2016 ж. ауданның еске алу орындарында ҰОС мен ЕФҚ, ауданның мектеп оқушылар және студенттік жастарының қатысуымен еске алу орындарында мерекелік шаралар ұйымдастырылды (қатсушылар 1000 адам).

09.05.2016 ж. келесі мекен – жайлар бойынша радиокөлік, «Хостес» тобы және №83 мектеп гимназиясының оркестрмен соғыс ардагерлерін құттықтау шаралары жүргізілді: Сауранбаев көшесі, 2; Сүйінбай даңғылы, 263/20; Закарпатский көшесі. 6; Дөнентаев көшесі, 4а; Спасская көшесі, 44 (20 адам).

09.05.2016 ж. С. Сейфуллин атындағы саябақта Жеңіс күніне орай мерекелік шаралар жүргізілді. Бағдарламада: театрландырылған көрніс, №6,7 Оқушылар үйінің, әскерлердің қатысуымен концерт, сауда нүктелері, спорттық ойындар және теңін акциялар ұйымдастырылды  (2000 адам).

18.05.2016ж. Аяжан медициналық колледжінде мектеп оқушылары мен студенттер арасында  «Пушкин оқулары» байқауы өткізілді (30 адам қатысты).

Бекітілген спорттық шаралар жоспарына сәйкес 07-10 мамыр аралығында «Былғары доп – 2016» атты аудан әкімінің кубогына Түрксіб ауданының мектеп оқушылары арасында футболдан жарыстар өткізілді. Аталмыш жарысқа 25 команда, 350 оқушы қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша 1 орынды №31 мектеп, 2 орынды  №84 мектеп, 3 орынды №59 мектеп иеленді.

01.06.2016ж. №6 Оқушылар үйінде  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған аудандық іс-шара өткізілді. Мерекеде концерт,  сауықтық ойындар, балмұздақ пен сусындар тегін таратылды (шараға 2000 адам қатысты).

18.06.2016 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекелік іс-шарасының бекітілген кестесіне сәйкес және Алматы қаласының 1000 жылдығына арналған Роща Баум саябағында 3 және 6 жастағы балалар арасында веложарыс өткізілді. Жарысқа 200 адам қатысты. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары, медальдар және естелі сыйлықтар берілді.

21.06.2016 жылы №76 мектепте «Тіл шебері» аудандық байқауы өткізілді. Шараға 30 адам қатысты.

24.06.2016ж. «Авиатор» стадионында мектеп оқушыларының арасында Түрксіб аппараты әкімінің жүлдесіне арналған  президенттік тестілеуден жарыс өткізді, жарысқа 26 команда, 104 адам қатысты. Жарыстың

қорытындысы бойынша 1 орынды- №44 гимназия, 2 орынды - №20 мекте, 3 орынды - №17  мектеп иеленді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары, кубоктар және естелік сыйлықтар берілді.

06.07.2016 жылы С.Сейфуллин саябағында «Астана күні» мемлекеттік аудандық мерекесі өткізілді (қатысушылар саны 2000 адам), спорт 260 адам.

12 маусымнан 15 маусым аралығында мектеп оқушыларының арасында әкімнің жүлдесіне арналған баскетболдан жарыс өткізілді. Аталмыш жарысқа 26 команда 208 оқушы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша  1 орын- №142 мектеп, 2 орын - №84 мектеп, 3 орын-№ 32 орта мектеп  иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды.

«Жазғы ойындар -2016» бекітілген спорттық шараларға байланысты 12 -13 шілде аралықтарында мектеп оқушыларының арасында волейболдан жарыс өткізілді. Қорытынды ойындар 15 шілде күні №198 орта мектептің спорт залында өткізілді. Жарысқа 26 команда 208 оқушы қатысты. Қорытынды бойынша 1 орынды - №142 мектеп, 2 орынды - №84 мектеп, 3 орынды - №32 мектеп иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

30 шілде күні «Авиатор» стадионында  Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған жұмыскерлер арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 10 команда қатысты. Қорытынды бойынша  1 орынды- ШЧ -33, 2 орынды – ТЧ-28 Локомотив депосы, 3 орынды- Халықаралық Алматы Әуежайы АҚ жеңіп алды, қатысушылар саны 100 адам.

   29 шілде 2016 жылы №84 орта мектепте мектеп оқушыларының арасында баскетболдан аудан әкімінің жүлдесіне жарыс өткізілді. Жарысқа 26 команда 260 адам қатысты. Қорытынды бойынша 1 орынды - №83 гимназия, 2 орынды - №32 мектеп, 3 орынды - №44 мектеп гимназиясы иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

31.07.2016ж. Ауданның демалыс орталықтары арасында  ҮАӨ (БАК) су туризмінен  жарыс өткізілді. Жарысқа 21 команда  110 адам қатысты. Қорытынды бойынша 1 орынды – Жетісу ДО, 2 орынды – Жалын ДО,             3 орынды – Мечтатель ДО иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

16-18 тамыз аралықтарында мектеп оқушыларының арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді. Жарысқа 26 команда 80 адам қатысты. Қорытынды бойынша  1 орынды - № 44 гимназия, 2 орынды- №20 орта мектеп, 3 орынды - №32 орта мектеп иеленді.

19.08.2016 ж. № 76 орта мектепте «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты мемлекеттік қызметкерлердің арасында  конкурс өткізілді. Жарысқа 10 адам қатысты.

26.08.2016 ж. «Аяжан» медициналық колледжінде «Абай оқулары» атты аудандық конкурс өткізілді. Жарысқа 30 адам қатысты.

27.08.2016ж. ауданның кәсіпорын жұмыскерлерінің арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған  шағын футболдан жарыс өткізілді. Қорытынды бойынша 1 орынды- УПЧ-46, 2 место – АО «Алматыэнергосервис», 3 орынды- «АВЖЗ» АҚ. Қатысушылар саны 100 адам.

30.08.2016ж. С.Сейфуллин атындағы саябақта ҚР Конституциясына арналған  аудандық мейрам өткізілді. Жарысқа 2000 мың адам қатысты.

09.09.2016ж. «Аяжан» медициналық колледжінде «Тіл- тұнық ойдың кәусары» атты 18 бен 22 жас аралығындағы жастардың арасында аудандық конкурс өткізілді. Шараға 30 адам қатысты.

17.09.2016ж. Майлин к-сі,42а орналасқан «Авиатор» стадионында Алматы қала күні аудандық мерекесі өткізілді. Бағдарламада: концерт, салтанатты түрдегі шеру,  мерекелік сауда, сурет көрмесі, «Шеберлер қалашығы»,спорттық ойындар, тегін алма, бәліш, ыстық шай таратылды. Мерекелік іс-шараға 2000 адам қатысты.

23.09.2016ж. №76 орта мектепте «Тілге құрмет, Елге құрмет» атты ҚР Тілдері күніне арналған фестиваль өткізілді. Мерекеге 26 мектеп 300 оқушы қатысты.

27.09.2016ж. «Батыр» демалыс орталығында «Жас Барыс» атты қазақша күрестен іріктеу жарысы өткізілді. Сайысқа 62 адам қатысты.

28.09.2016ж. Нұр Отан партиясының аудандық филиалында «Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған мемлекеттік тіл саясаты-татулық пен бірліктің кепілі» атты әкімшілік қызметкерлердің арасында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға 20 адам қатысты.

05.10.2016ж. №76 орта мектепте «Көркемсөз оқу шеберлері» атты мекетп оқушыларының арасында аудандық байқау өткізілді (адам саны 50).

14.10.2016ж. «Отан» атқыштар клубында аудан әкімінің жүлдесіне арналған Алматы қаласының аудандандарының мүмкіндігі шектеулі жандары арасында нысананы көздеп ату бойынша жарыс өткізілді. Жарысқа 7 команда 50 адам қатысты.

21.10.2016ж. «Аяжан» медициналық колледжінде «Тіл мерейі» атты мектеп мұғалімдері арасында аудандық байқау өткізілді. Байқауға 50 адам қатысты.

29.10.2016ж. №76 орта мектепте ауданның зейнеткерлері арасында спорттың 7 түрінен (скакалка, армрестлинг, дартс, допты себетке лақтыру, орында тұрып секіру, арқан тарту, теннис таяқшасымен допты салып жүгіру) жарыс өткізілді. Қорытынды бойынша 1 орынды- «Тұлпар» командасы (№34 округ), 2 орынды – «Легион» (№36 округ), 3 орын – «Шұғыла» (№37 округ), белсенді қатысқаны үшін «Жұлдыз» командасы (№35 округ) марапатталды. Жарысқа 40 адам қатысты.

02.11.2016ж. №6 Оқушылар үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел ойындарынан (шахмат, тоғыз құмалақ) жарыс өткізілді.

04.11.2016ж. «Абылайхан» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында  спорттың 8 түрінен жарыс өткізілді. Жарысқа 7 команда 128 адам қатысты. Қорытынды бойынша 1 орынды – Түрксіб ауданының командасы, 2 орынды – Жетісу ауданының командасы , 3 орынды – «Алатау» қоғамы жеңіп алды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен естелік сыйлықтармен марапатталды және мерекелік аспен сый құрмет көрсетілді.      

14.11.2016ж. №32 орта мектепте «Тіл парасат» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға 100 адам қатысты.

23.11.2016ж. №83 мектепте «Ана тілім- ән -жырым» атты аудандық конкурс өткізілді. Жарысқа 50 адам қатысты.

26.11.2016ж. «Жас қанат» ықшам ауданындағы № 198 орта мектепте ауданның мемлекеттік қызметкерлері арасында әкімнің жүлдесіне арналған волейболдан жарыс өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды Аудандық мемлекеттік кіріс басқармасы , 2 орынды – аудандық прокуратура, 3 орынды- аудандық сот командалары жеңіп алды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

30.11.2016ж. №6 Оқушылар үйінде ҚР Бірінші Президенті күніне арналған ауданның жастары арасында «Брейн ринг» атты жастар фестивалі өткізілді. Бағдарламада: сурет көрмесі ұйымдастырылды, мерекелік концерт ұйымдастырылды.

10.12.2016ж. № 6 Оқушылар үйінде ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған аудандық мерекелі іс-шара өткізілді. Кітап және сурет көрмелері ұйымдастырылды, ауданның бетке ұстар азаматтары мақтау қағаздарымен марапатталды, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

23-29 желтоқсан аралықтарында ауданның көпбалалы отбасылары, оралмандар, ата-анасы ауғаныстанға қатысқан балалар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аудан әкімінің мерекелік шыршалары өткізіледі.  


Мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы                                             Қ.Әлімбетов