A   A   A
Түрксіб ауданы
әкімінің аппараты

Мемлекеттік рәміздер
Саясат
Мемлекеттік қызмет
Экономика
Мемлекеттік сатып алулар
Әлеуметтік шеңбер
Денсаулық сақтау
Білім беру
Абаттандыру
ЖПҚ
Электрондық қызмет атқарулар
Мәдениет және спорт
ТКШ
ТЖ хабарлайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Сайт картасы
Біздің аудан
Кері байланыс
Жекешелендіруді өткізу ережелері
Мәдениет және спорт МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ



Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылғы 12 айда атқарылған жұмыстары бойынша есебі.


Бекітілген жоспар бойынша 2017 жылдың 12 айында 89 аудандық мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізді (адам саны 38150), оның ішінде 28-мемлекеттік және кәсіби мерекелерге арналған (адам саны 31 480), 45 спорттық іс-шара (адам саны 5170), 16-мемлекеттік тілді насихаттауға арналған (адам саны 1500).

10.02.2017ж. №61 мектепте  Нұр Отан патиясы, Қазақ тілі қоғамы және аудандық білім беру бөлімімен біріге отырып  «Мемлекеттік тілді дамыту- елімізді дамытудың  бірден бір негізгі жүйесі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қатысушылардың саны 40 адам.

25.02.2017ж. № 6 Оқушылар үйінің аумағында «Масленица» аудандық қысты шығарып салу мерекесі өткізілді. Бағдарламада : концерт, қолөнер көрмесі, спорттық ойындар,  «Ең үздік құймақ фантазиясы» атты конкурстар. Шараға 2000 адам қатысты.

25.02.2017ж. Ленин атындағы саябақта 300 оқушының қатысуымен «Масленица» мейрамына арналған спорттық жарыс өткізілді.

29.02.2017ж. С.Сейфуллин атындағы саябақта 26 команда, 110 мектеп оқушыларының қатысуымен спорттық бағыт бойынша жарыс өткізілді.

01.03.2017ж. «Алғыс айту күні» мерекесіне арналған  «МАРТ» сауда орталығы, Алматы-1 темір жолы және Алматы халықаралық әуежайында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-ашараға 3000 адам қатысты.

07.03.2017 ж. №6 Оқушылар үйінде  8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған аудандық салтанатты іс-шара өткізілді. Бағдарламада:  №6,7 Оқушылар үйінің, № 83 гимназияның ұжымдарының  және ҚР еңбегі сіңген әртістердің қатысуымен концерт, «Түрксіб ауданының әйелдері» атты сурет көрмесі, «Қала шеберлері» атты қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Мерекеге 350 адам қатысты.

09.03.2017ж. № 6 оқушылар үйінде студент жастары арасында шахматтан жарыс өткізілді. Шараға 7 команда 100 студент қатысты.

21.03.2017ж. С.Сейфуллина атындағы саябақта  аудандық «Наурыз мейрамы» іс-шарасы өткізілді. Бағдарламада: концерт, мерекелік сауда, ұлттық спорт ойын түрлері (асық ату, тұмақ ұру, бұқа тартыс және т.б.)  және демалыс орталықтарының арасында шағын футболдан жарыс  өткізілді, «Қала шеберлері» көрмесі, наурыз көже, палау, бауырсақ ыстық шай тарату қайрымдылық акциясы өткізілді. Мерекеге 3000 адам қатысты.

28.03.2017ж. №6 оқушылар үйінде ардагерлер арасында шахмат және шашкадан аудандық жарыс өткізілді. Шараға 15 адам қатысты.

2803.2017ж. Нұр Отан партиясында Түрксіб ауданы әкімінің аппараты қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында тестілеу өткізілді, 100 адам қатысты.

13.04.2017ж. ауданның демалыс орталықтарының арасында Наурыз мейрамына арналған спорттық іс-шара өткізілді, 100 адам қатысты.

15.04.2017 ж.  Жұлдыз ықшам ауданында «Наурыз мейрамы» мерекелік іс-шарасы өткізілді, мерекелік концерт, сауда нүктелері және спорттық ойындар ұйымдастырылды. Мерекеге 2000 адам қатысты.

15,22,29.04.2017ж. Жұлдызықшам ауданында орналасқан футбол алаңында ҚР Отан қорғаушылар күніне арналған әскери бөлімшілерінің арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 150 адамнан астам қатысуымен 12 команда жиналды.

 15.04.2017ж. «Авиатор» стадионында «Айбын» әскери-патриоттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Қорытынды бойынша: 1 орын - №78 орта мектеп, 2 орын - №71 лицей, 3 орын - №61 орта мектеп иеленді.  1 орынды иеленген №78 орта мектеп қалалық жарыста жүлделі орынды жеңіп алды. Шараға 350 адам қатысты.

28.04.2017ж. «Аяжан»  медициналық колледжінде «Тіл шебері» аудандық конкурсы өткізілді. Шараға 50 адам қатысты.

29.04.2017 ж. Әуежай өзенінде Демалыс орталықтарының арасында өзен туризмі бойынша жарыс өткізілді. Аталмыш жарысқа 11 команда, 200 адам  (Түрксіб , Әуезов, Медеу, Жетісу, Іле аудандарының қатысуымен).  Жарыстың қортындысы бойынша  1 орынды –Түрксіб ауданының Демалыс орталығы, 2 орынды- Түрксіб ауданы «Қарлығаш»  Демалыс орталығы,           3 орынды – Медеу ауданы «Қайсар Демалыс орталығы» иеленді.

2017 жылдың 1 мамырында сағат 10.00 де  С. Сейфуллин атындағы саябақта Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай мереке өткізілді. Бағдарламада: концерт, мерекелік сауда – саттық, қол өнер шеберлерінің көрмесімен  этно – мәдени орталықтардың қалашығы (Қазақ тілі қоғамы, Армян ЭМО, Ингуш ЭМО, Түрік ЭМО, Ұйғыр ЭМО, Түрікмен ЭМО), ұлттық киімдері, тағамдар мен ұлттық ойындары (2000 адам).

01.05.2017ж. Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ауданның студент жастары арасында спорттың 8 түрінен жарыс өткізілді, шараға 200 студент қатысты.

03.05.2017ж. «Батыр»  Демалыс орталығында «Қазақ күресі» ұлттық спорт түрінен іріктеу жарысы өткізілді. Жарысқа 16 спортшы қатысты.  1 орынды- Мұсаев Ұлан, 2 орынды – Қабаев Бауыржан , 3 орынды – Орынбасар Рүстем жеңіп алды. 1 орын жеңімпазы қалалық жарысқа қатысты, мерекеге 100 спортшы қатысты.

07.05.2017 ж. Отан қорғаушылар Күніне орай ауданның Құрлық әскерлерінің әскери институтында мерекелік концерт ұйымдастырылды (900 адам).

08.05.2017 ж. ауданның еске алу орындарында ҰОС мен ЕФҚ, ауданның мектеп оқушылар және студенттік жастарының қатысуымен еске алу орындарында мерекелік шаралар ұйымдастырылды (қатсушылар 2000 адам).

09.05.2017 ж. келесі мекен – жайлар бойынша радиокөлік, «Хостес» тобы және №83 мектеп гимназиясының оркестрмен соғыс ардагерлерін құттықтау шаралары жүргізілді: Сауранбаев көшесі, 2; Сүйінбай даңғылы, 263/20; Закарпатский көшесі. 6; Дөнентаев көшесі, 4а; Спасская көшесі, 44 (30 адам).

09.05.2017 ж. С. Сейфуллин атындағы саябақта Жеңіс күніне орай мерекелік шаралар жүргізілді. Бағдарламада: театрландырылған көрніс, №6,7 Оқушылар үйінің, әскерлердің қатысуымен концерт, сауда нүктелері, спорттық ойындар және теңін акциялар ұйымдастырылды  (2000 адам).

18.05.2017ж. Аяжан медициналық колледжінде мектеп оқушылары мен студенттер арасында  «Пушкин оқулары» байқауы өткізілді (60 адам қатысты).

Бекітілген спорттық шаралар жоспарына сәйкес 07-10 мамыр аралығында «Былғары доп – 2017» атты аудан әкімінің кубогына Түрксіб ауданының мектеп оқушылары арасында футболдан жарыстар өткізілді. Аталмыш жарысқа 25 команда, 400 оқушы қатысты. Турнирдің қорытындысы бойынша 1 орынды №31 мектеп, 2 орынды  №84 мектеп, 3 орынды №59 мектеп иеленді.

23.06.2017ж. Бекітілген жоспар бойынша  Авиатор стадионында 26 команда 150 мектеп оқушыларының арасында Президенттік тестілеу жарысы өткізілді.

01.07.2017ж. №6 Оқушылар үйінде  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған аудандық іс-шара өткізілді. Мерекеде концерт,  сауықтық ойындар, балмұздақ пен сусындар тегін таратылды (шараға 2000 адам қатысты).

01.07.2017ж. Балаларды қорғау күніне арналған мекетеп оқушыларының арасында спорттық жарыс өткізілді, шараға 260 адам қатысты.

05.07.2017 жылы С.Сейфуллин саябағында «Астана күні» мемлекеттік аудандық мерекесі өткізілді (қатысушылар саны 2000 адам), спорт 260 адам.

05.07.2017ж. С.Сейфуллин атындағы саябақта Демалыс орталықтарының балалары арасында футболдан жарыс өткізілді, 100 адам.

«Жазғы ойындар -2017» бекітілген спорттық шараларға байланысты 10 -11 шілде аралықтарында мектеп оқушыларының арасында волейболдан жарыс өткізілді. Қорытынды ойындар 14 шілде күні №198 орта мектептің спорт залында өткізілді. Жарысқа 26 команда 260 оқушы қатысты. Қорытынды бойынша 1 орынды - №76 мектеп, 2 орынды - №84 мектеп, 3 орынды - №44 мектеп иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

20.07.2017ж. АВЖЗ АҚ орталығында 100 зейнеткерлердің қатысуымен жүзуден жарыс өткізілді.

22 шілде күні «Авиатор» стадионында  Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған жұмыскерлер арасында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарысқа 13 команда қатысты. Қорытынды бойынша  1 орынды- ШЧ -33, 2 орынды – ТЧ-28 Локомотив депосы, 3 орынды- Халықаралық Алматы Әуежайы АҚ жеңіп алды, қатысушылар саны 160 адам.

 26,27 шілде 2017 жылы №84 орта мектепте мектеп оқушыларының арасында баскетболдан аудан әкімінің жүлдесіне жарыс өткізілді. Жарысқа 26 команда 260 адам қатысты. Қорытынды бойынша 1 орынды - №49 гимназия, 2 орынды - №78 мектеп, 3 орынды - №83 мектеп гимназиясы иеленді. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

05.08.2017ж. Көлік қызметкерлері кәсіби мерекесіне арналған аудандық іс-шара өткізілді, шараға 2000 астам адам қатысты.

05.08.2017ж. көлік қызметкерлерінің арасында теннистен жарыс өткізілді, 50 адам.

17 тамыз аралықтарында мектеп оқушыларының арасында үстел теннисінен жарыс өткізілді. Жарысқа 26 команда 80 адам қатысты. Қорытынды бойынша  1 орынды - № 44 гимназия, 2 орынды- №20 орта мектеп, 3 орынды - №32 орта мектеп иеленді.

18.08.2017 ж. № 76 орта мектепте «Тіл- достық көпірі» атты мемлекеттік қызметкерлердің арасында  конкурс өткізілді. Жарысқа 100 адам қатысты.

19.08.2017 ж. «Аяжан» медициналық колледжінде «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты аудандық конкурс өткізілді. Жарысқа 40 адам қатысты.

26.08.2017ж. «Абай оқулары» аудандық байқауы өткізілді, шараға мектептерден 100 адам қатысты.

30.08.2017ж. С.Сейфуллин атындағы саябақта ҚР Конституциясына арналған  аудандық мейрам өткізілді. Жарысқа 2000 мың адам қатысты.

30.08.2017ж. Тәуелсіздік күніне арналған ауданның Демалыс орталықтарының арасында көңілді старттар жарысы өткізілді, 100 адамның қатысуымен.

09.09.2017ж. «Аяжан» медициналық колледжінде «Тіл- тұнық ойдың кәусары» атты 18 бен 22 жас аралығындағы жастардың арасында аудандық конкурс өткізілді. Шараға 100 адам қатысты.

16.09.2017ж. Март village сауда орталығының аумағында  Алматы қала күні аудандық мерекесі өткізілді. Бағдарламада: концерт, мерекелік сауда, сурет көрмесі, тегін алма. Мерекелік іс-шараға 2000 адам қатысты.

16.09.2017 ж. Қала күніне арналған спорттың стритбол және ұлттық ойындар түрінен жарыстар өткізілді, Іс-шараға 400 адам қатысты.

20.09.2017ж. №44 орта мектепте ауданның ардагерлері арасында теннистен турнир өткізілді, жарысқа 30 ардагер қатысты.

22.09.2017ж. №76 орта мектепте «Тілге құрмет, Елге құрмет» атты ҚР Тілдері күніне арналған фестиваль өткізілді. Мерекеге 26 мектеп 300 оқушы қатысты.

28.09.2017ж. Нұр Отан партиясының аудандық филиалында «Қазақстан Республикасында жүргізіліп отырған мемлекеттік тіл саясаты-татулық пен бірліктің кепілі» атты әкімшілік қызметкерлердің арасында дөңгелек үстел өткізілді. Шараға 20 адам қатысты.

05.10.2017ж. №76 орта мектепте «Көркемсөз оқу шеберлері» атты мекетп оқушыларының арасында аудандық байқау өткізілді (адам саны 100).

13.10.2017ж. №76 орта мектепте  «Текті сөздің төресі -терме» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға 50 адам қатысты.

15.10.2017ж. Байсерке ауылының аэродромында аудандық авиамодель жарысы өткізілді, жарысқа 100 адам қатысты.

14.10.2017ж. «Отан» атқыштар клубында аудан әкімінің жүлдесіне арналған Алматы қаласының аудандандарының мүмкіндігі шектеулі жандары арасында нысананы көздеп ату бойынша жарыс өткізілді. Жарысқа 7 команда 60 адам қатысты.

20.10.2017ж. №115 орта мектепте ауданның ардагерлерінің арасында тоғыз құмалақтан жарыс өткізілді, 20 адам қатысты.

21.10.2017ж. Аяжан медициналық колледжінде «Тіл мерейі» атты аудандық байқау өткізілді. Байқауға 100 адам қатысты.

02.11.2017ж. №6 Оқушылар үйінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел ойындарынан (шахмат, тоғыз құмалақ) 20 дамның қатысуымен жарыс өткізілді.

07.11.2017ж. С.Сейфуллин атындағы саябақта мектеп оқушыларының демалысына арналған спорттық бағдардан 260 оқушының қатысуымен  жарыс өткізілді.

10.11.2017ж. «Абылайхан» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында  спорттың 8 түрінен жарыс өткізілді. Жарысқа 8 команда 145 адам қатысты. Қорытынды бойынша 1 орынды – Түрксіб ауданының командасы, 2 орынды – Алмалы ауданының командасы,                 3 орынды – Жетісу ауданы жеңіп алды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен естелік сыйлықтармен марапатталды және мерекелік аспен сый құрмет көрсетілді.

12.11.2017ж. Баум атындағы саябақта аудан әкімінің жүлдесіне арналған мектеп оқушыларының арасында жүгіруден жарыс өткізілді. Жарысқа 250 оқушы қатысты.   

14.11.2017ж. №32 орта мектепте «Тіл парасат» атты аудандық байқау өткізілді, шараға 100  адам қатысты.   

21.11.2017ж. Алаш стадионында ауданның зейнеткерлері арасында скандинавиялық жүруден жарыс өткізілді, шараға 40 адам қатысты.

23.11.2017ж. №83 мектепте «Ана тілім- ән -жырым» атты аудандық конкурс өткізілді. Жарысқа 110 адам қатысты.

24.11.2017ж. Тілге құрмет» атты аудандық байқау өткізілді, шараға  50 адам қатысты.

30.11.2017ж. №6 Оқушылар үйінде ҚР Бірінші Президенті күніне арналған аудандық мерекелі іс-шара өткізілді. Бағдарламада: сурет көрмесі, мерекелік концерт ұйымдастырылды, мерекеге 350 адам қатысты.

01.12.2017ж. Халықаралық әуежай спорт аумағында барлық әуежай қызметкерлерінің арасында футболдан жарыс өткізілді, 100 адам қатысты.  

09.12.2017ж. № 85 орта мектепте ауданның мемлекеттік қызметкерлері арасында әкімнің жүлдесіне арналған волейболдан жарыс өткізілді. Жарыстың қорытындысы бойынша 1 орынды Аудандық мемлекеттік кіріс басқармасы , 2 орынды – аудандық білім беру мекемесі, 3 орынды- аудандық аудандық ІІБ командалары жеңіп алды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

14.12.2017ж. № 6 Оқушылар үйінде ҚР Тәуелсіздігі күніне арналған аудандық мерекелі іс-шара өткізілді. Кітап және сурет көрмелері ұйымдастырылды, ауданның бетке ұстар азаматтары мақтау қағаздарымен марапатталды, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, мерекеге 350 адам қатысты.

18.12.2017ж.  Март village сауда орталығының аумағында тұрғындарға арналған тегін мұз айдынының ашылу салтанаты болды, мерекеге 100 адам қатысты.

 21-22 желтоқсан аралықтарында ауданның көпбалалы отбасылары, оралмандар, ата-анасы ауғаныстанға қатысқан балалар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған аудан әкімінің мерекелік шыршалары өткізілді, шыршаға 1500 бала қатысты.  

29.12.2017 ж. Март village сауда орталығының аумағында тұрғындарға арналған жаңа жылдық концерті өткізілді. Шараға 2000 адам қатысты.


 Мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы                                             Қ.Әлімбетов